Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Кембридж тәсілдерін қолданудың тиімділігі

Маңғыстау облысы, Бейнеу аданы, Абай атындағы орта мектебінің Кембридж оқыту тәсілі І деңгейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акшауова Раушан Ыскаковна

 

                                                               «Тегінде адам баласы адам баласынан

                                       ақыл,білім,ар,мінез деген қасиеттермен озады.»

                                                                                 Абай Құнанбайұлы

         Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты-мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы оларға мектеп жұмысын жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңында білім беру жүйесінің басты міндетіне жататын ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары,білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беру жүйесін жаңарту,одан әрі дамыту көрсетілген.Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда.Бұндай жаңарулар педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды,ойлау қабілеттерін арттыруды,мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

akshauova1

Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа сыныптағы дерек көздерінен,мұғалімнен,оқулықтан және құрбыларынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.Құзырлы оқытудың маңызды факторы-оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін мұғалімнің  түсінуі мен бағалай алуы.Сондықтан да Шульман «үш көмекші»деп атаған қасиеттер мұғалімде болған жағдайда ғана оқыту тиімді де сәтті болып саналады дейді.

loading...

Үш көмекші құрал:бас,қол,жүрек.Дәстүрлі негізде берілген білімнің емтихан кезінде тиімділігін баса айта отырып,оның жаттанды түрде қалып қоятынын атап өту керек.Бағдарламаның оқушыға қаншалықты тиімді боларын ,оның білім мен тәрбие берудегі үлесінің зор екенін білдім.Бұл жерде «Шығыс Аристотелі» атанған Әл Фараби бабамызбен үндесері хақ.Оқыта отырып тәрбиелеуді қатар алып жүрудің қыр-сырын ағылшындар терең меңгеріпті.Зерттеуші- психолог Шульманның «Мұғалімнің үш көмекшісі»деп атаған қасиеттері айтылады.Бас-кәсіби түсінік,қол-оқытудың тәжірибелік дағдылары,жүрек-кәсіби-өнегелік тұтастық.Бұл жердегі үлкен құнды пікір-әрбір мұғалім теория мен тәжірибені ұштастыра отырып,шын ынта ықыласымен оқушыларға мейірімділік,жанашырлық көрсете білу.Кеңес заманындағы «2»алған баланы жазалаудан арылу,оқушыға ой еркіндігін,сөз бостандығын беру.Елбасымыздың бүгінгі таңдағы сындарлы саясатының бірі-заман ағысына қарсы жүзер, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты-терең білім,кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі іске асыруға,өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»делінген.Ал,бүгінгі ұстаздар алдындағы үлкен міндет-заман ағымына сай білім беруді дамыту,білім сапасын жоғары деңгейге көтеру.Осы орайда,жаңа форматта оқыту мен оқудың Кембридждік әдіс-тәсілін қазақстандық мұғалімдерге меңгертуді қолға алғаны белгілі.Ағылшындардың бұл бағдарламасының біздің халықтың менталитетіне келісе бермейтін тұстары да кездеседі,дейтұрғанмен,бұрынғы дәстүрлі жаттанды оқытудан алшақтап,оқушыға  іздендіре отырып білімді игерту ең тиімді әдіс деп білемін.

Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясының гуманитарлық пәндерді оқытуда  тиімділігі зор.Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі әдістерді қолданып,өз шеберлігін таныту қажет.Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес,шыңдалған шығармашылық ой.

Төрткүл дүниедегі алпауыт елдермен тереземіз теңесбек үшін заман талабына сай  біліммен қарулануымыз қажет және осы жолда тынбай жұмыстанып,талмай ізденейік демекпін,әріптестер.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016