Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Бөлім авторы Берікқалиева Лидия Қуанышбекқызы

ustaz1121

loading...

 

Мен ұстазбын.
/Ұстаздың ішкі толғанысы/
Қай уақытта болмасын адам баласының алдында тұратын ең басты міндеті- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі- келешек қоғам тәрбиесі. Егеменді еліміздің ертеңі болар жас ұрпақты жетілген, ақыл- парасаты мол, ғылыми- мәдени өресі озық етіп тәрбиелеу- ата- ана мен ұстаздың борышы.
Бала- болашақ. Ертеңгі күннің қандай болатыны солардың білімі мен тәрбиесінен, рухани байлығының дәрежесінен көрінеді.
Мен де ұстазбын. «Ғалым да, шахтер да білім алып, бас иетін» ұстаз кәсібінің жауапкершілігі мол. Кей сәттер өзіме- өзім: «Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек?»- деген сауалды көбірек қоямын. «Мұғалім, ең алдымен, бала жанының пернелерін дәл басатын музыкант болуы тиіс» сияқты. Бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білу үшін мұғалім күнделікті қызметінде сабақ өту барысында бала жүрегін баули білуі қажет.
Осы бір мамандықты сүйіп, барлық өмірімді ұстаздыққа арнағаннан кейін шәкірттеріме «өмір» атты асау өзенге өзімен бірге алып кетуіне не бере аламын? Жанарларыңда нұр ойнап алдыма келіп отырған әрбір шәкіртіме: «Өмірде ешқашанда ешкімге қиянат жасамаңдар, әрқашан жолдарың ашық, дұшпандарыңнан достарыңның көп болатынына кәміл сеніңдер» деймін.
Шынында да, ұстаздың өмірі мектеппен тығыз байланысты. Менің өмірімде, тағдырымда мектеп өмірімен тығыз байланысты. Ұстаздар шәкірті үздік баға алып, сайыстан оза шауып келсе, үздікке бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп жатса, бірге шаттанып, қуанып, сәл сүрініп кетсе, солармен бірге қиналып уайым шегеді. Кез- келген сайысқа, олимпиадаға «Бәйгеге қосатын аттай ғып» дайындап әкелген оқушыңды сайыс біткенше жаныңды шүберекке түйіп отыратыныңды қалай жасыра аласың?
Осының өзі бір ұмытылыс азапты да тәтті сәт емес пе?
Көзі жәудіреген әр баланың бойындағы қабілетін танып, дарының ашып, болашаққа нық сеніммен аттандыру- мен үшін бақыт!
Таң сәріден тұра сала, жәудіреген қара көз ұлдар мен қыздардың нұрлы жүздерің көру де үлкен бақыт!
Шәкірттерімнің жүрегінен орын тауып, олардың биікке самғауыңа қол үшін берсем бақыт! Ең бастысы мен үшін 5 әріптен құралған ұстаз болу бақыт!

Лидия Қуанышбекқызы
Мұғалім
Жақсыбай ауылы


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016