«Танакөз» поэмасынан көрініс

1 көрініс

( Сахна ауылдың табиғатын бейнелейтін  бильбордпен безендіріледі. Тау етегіндегі үйлер, өзеннің сылдырап аққан суының даусы,құстардың сайраған дауысы, айнала жап- жасыл талдар, көкорай шалғын шөптер, сұлу табиғат бейнеленеді. Сахнада Мұрат пен Мұхтар сөйлесіп тұрғандай болады. Жазба дауыспен айтылады.)

Мұхтар: -Шіркін… Өмір деген қызық қой! Кейде өзің  ойлағаныңдай, армандағаныңдай бола бермейтіні несі!?… Тағдырдың тартуы ма, әлде сынағы ма…екеумізге ортақ   бір бақыт бар деп кім ойлаған?..

Мұрат: -Иә, сен ержеткен  таулы өлкеде,  мен де ержеттім…Мен тербеткен арман бесігін, сен де тербеттің…   Жан досым- ау,.. гүл тергенбіз талай таулы бөктерде, сағынысып тұрушы едік,  көріспесек леп- лезде…

Мұхтар:-Білесің бе?.. Біздің тағдырымыз қалай- қалай тоғысқанын… Біздің әкелеріміз де айрылмастай  тату дос болған.Екеуі егіз қозыдай бірге өсіп, бір топырақта аунаған.Тіпті, екеуі бір күнде,бір уақытта  соғысқа бірге  аттанған ғой…Біздің достығымыз содан бастау алған-ау ә!

поэмаМұрат: — Екеуміз де, екі ананың еркесі едік, тел өскен.Біздің үйде ет асылса, бір бөлегін саған  сақтап отырушы еді, анашым! Міне,.. міне … келіп қалар- ау деп есікке қарағыштап,.. жүретінмін алаңдап…Құдды бір,.. біздің үйдің баласындай іздейтінмін сені…  мен…

Мұхтар: —Әкем байғұс, жау тылында жаралы боп қалғанда , сенің әкең,.. жан досын жау қолында қалдыра алмай,.. өзі де бірге  жаралы солдатты  арқалап жүріп, жау оғынан қаза тауыпты…

Мұрат: —Иә, екі досты ажырата алмаған екен өлім де,

Екеуі де көз жұмыпты құшақтасқан күйінде…

Екеуінің өмірінің жалғасындай   мына біз,

Екі ошақтың шам шырағы  лаулап жансын дегендей…

Мұхтар: —Ал, анамыз ше… Аналарымыз асыл жан ғой аяулы,

Бұл өмірден көрсе -дағы қанша қиындық қаяуды,

Асырады, бақты, қақты, шаң тигізбей маңдайға,

Бар ғұмырын біздерге арнап , білмей жанын аяуды.

Мұрат: —Кім біледі, бізбен жүрген соры ма әлде бағы ма,

Ортамызда  орта бойлы қыз болатын  тағы да.

Көзіне оның көз жетпейтін  бұл ауылда тең келер,

Сондықтан да Танакөз деп атайтұғын жеңгелер.

Мұхтар: —Қуансақ та, қайғырсақ та қасымызда  Танакөз,

Танакөзбен көңілді еді, біздің ерке бала кез.

Жол қысқырсын дейміз дағы  жоқтан барды құрай сап,

Біз екеуміз Танакөзді мазақтаушы ек талай рет…

комментария 4 Пікір қосу

  • Әсерлі екен.оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыруда көп көмегі болатын көрініс.Ең бастысы тілі жатық,көркем ұсынылған дүние.

  • «Танакөз» поэмасынан үзіндіні шебер қолдана білгенсің. Оқушыларға достық жайлы құр сөзбен түсіндірмей осылай сахналау арқылы, көрініспен насихаттау қандай керемет! Маған ұнады. Сабағыма қолдануға тырысамын.

  • Маған өте ұнады.Әдебиеттен сабақты минут ішінде барлығығын өтіп түсіндіре алмайсын, сол себепті мына сабақ өте түсінікті берілген шебер жоспарланған. Сізге үлкен рахмет пайдасы көпшілікке тиеді деген ниеттемін.

  • Маған өте ұнады.Әдебиеттен сабақты 45 минут ішінде барлығын өтіп түсіндіре алмайсын, сол себепті мына сабақ өте түсінікті берілген шебер жоспарланған. Сізге үлкен рахмет пайдасы көпшілікке тиеді деген ниеттемін.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017