Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

«Балаңыз дұрыс сөйлесін десеңіз»

Сөйлеу  функциясы баланың психикалық функцияларының бірі болып табылады. Сөйлеу туа пайда болған қабілет емес, ол баланың дене және ақыл- ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады десек те болады.

Тілі дамыған балада саналы, реттелген мінез- құлық әрекеті қалыптасады.

Керісінше тілінің қандай да бір дәрежеде бұзылуы баланың психикасының, іс-әрекетінің дамуына әсерін тигізеді.

Күнделікті іс – тәжірибемізден көріп жүргеніміздей түрлі тіл бұзылыстары себебінен баланың бастауыш мектеп бағдарламасын меңгере алмауы, ал күрделі жағдайларда оның жалпы мектепте оқуға мүмкіндігінің болмауы туралы сұрақтың туындау жағдайлары кездесіп жүр.

Соңғы кезде тіл кемістігі балалар арасында кең тараған патологияның бірі болып саналады. Сондықтанда оларға кешенді көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру маңызды жұмыстардың бірі. Көмек медициналық тұрғыдан да, яғни емдік – сауықтыру шараларын ұйымдастыру мен қатар арнайы мамандар тарапынан біріккен түрде  болғаны дұрыс.

« Баламыз дұрыс сөйлемейді, өте белсенді, ойыншықтармен ойнайды, бірақ сөзіне кейде өзгелер түгілі, өзіміз түсіне алмаймыз» деген қабылдауға келген  ата – ана шағымын  жиі естиміз.

Алдымен « дұрыс сөйлемейді» дегенді қалай түсінеміз, соған тоқталайық.

Logoped

Егер балаңыздың байланыстырып сөйлеуі жақсы, бірақ  дыбыстарды бұрмалап  айтуына байланысты айтқан сөзіне түсінбесеңіз  онда балаңызда тіл кемістігінің  дислалия немесе дизартрия түрі.

Дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден. Кейде ересектер, баланын былдырлаған сөзін қызық көріп, үзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып отырады.. Қортындысында  көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп қалады.
Баланың дұрыс сөйлемеуі  еліктеуден де болуы мумкін.  Балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін орта арасында көп болып, сөздерін тыңдаудын да ерекше зияны  тиеді.
Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Балаға әр тілде сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу ерекшелігіне жиі ауысып отыру қиындық туғызады.

Дизартрия деп  – артикуляциялық сөйлеу мүшелерінің иннервациясының

( қозғалысы) бұзылуын айтамыз.

Тіл кемістігінің қай түрі, оны  қалай түзетуге болатынын  тек логопед маман айта алады.Өйткені жас ерекшілігіне сәйкес мүмкін ол дыбысты айту ертерек болар ( артикуляциялық бұлшық еті әлі жетілмеген), ересектер уақытынан бұрын сары уайымға салынып, балаға ескерту айтып, өз бетінше түзетпекші болады. Одан күткен нәтиже болмай, баланы босқа жылатып, тіпті дыбыстың айтылуы басқаша қалыптасуы мүмкін.

loading...

Мысалға  балалардың нормативті «Р» дыбысын  айтуы  4,5-5 жас аралығында біртіндеп қалыптасады. Кейбір өте шыдамсыз ата – аналар 2-3 жастан бастап  РРРРР деп   айтуын сұрап қинайды. Нәтижесінде  бұл дыбысты көмеймен айтып үйреніп кетуі мүмкін, оны түзету қиынға түседі.

Мүлдем сөйлей алмайтын баланы қалай үй жағдайында тілін дамытуға болады деген сұрақтар бізге жиі қойылады.

Балада алдымен сөзді түсіну қалыптасады ( импрессивті сөзі), содан соң ғана сөйлеуі ( экспрессивті сөзі) қалыптаса бастайды. Яғни ата – ана бала өмірге келгеннен бастап  онымен сөйлесе бастауы керек.

Кіші-гірім тақпақтар, санамақтар айтудың маңызы көп.

Кейінгі кезеңде әжелеріміз немерелеріне ертегі айтпайтын болды. Балалар қарапайым санамақтар, қуырмаштарды білмейді.Мұның өзі фольклорлық жанрдың елеусіз қалғандығын білдіртеді.

Бірақ нәресте өмірінде оның ықпалының зор екендігін нейропсихологтар  дәлелдеп отыр.Бүгінгі күні фольклорды теледидар жарнамалары ауыстыруда.

Сондықтанда бүгінгі  бүлдіршіндер телероликтерді жатқа біледі, телевизор, компьютерге әбден тәуелді болып қалды. Оның зияны да жоқ емес.  Баламен жанды сөйлесудің орны бөлек.

Саусақ жаттығулары, қуырмаш, шағын ертегілер оқып беру, қысқаша мазмұнын сұрау тілін дамытудың алғы шарттарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су-Джок терапиясының авторы Паджев адамның ағзаның белсенді нүктелері қол саусағында  орналасатынын дәлелдеген болатын.Мысалға төмендегідей жаттығуларды үнемі балаға үйретіп отыру керек.

Бас бармағым — әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортақ тірек – ағам,
Шылдыр шүмек апам,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатт-қатты соғайық.

Сол сияқты дыбыстық жаттығуларды пайдалануға болады. Мысалы: қасқыр қалай ырылдайды, сиыр қалай мөңірейді, сағат тілі қалай тырсылдайды т.б.

2,5 жастан бастап қарапайым лото, суретті кубиктер, пазл жинау сияқты ойыншықтар беру керек. Негізгі алға қойған міндет – үнсіз бір өзін қалдырмау керек.

Артикуляциялық жаттығулар орындату да өз ықпалын тигізеді.Мысалы «У» дыбысын айтқанда ернімізді түтікше тәріздес алға созамыз, « И»дыбысын айтқанда езу тартамыз деген сияқты жаттығулар түрін үйретіп отыру керек.

Әрине нақты кеңесті  маман баламен сөйлескеннен кейін ғана бере алады.

Облыстық перзентхана жанындағы Реабилитациялық орталықтың жоғары санатты логопед-дефектологы Омарова Танзиля Байбаққызы


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментариев 28 Пікір қосу

  • Рахмет, өте түсінікті!

  • рахмет

  • Маған З дыбысын дұрыс айтуға деген тақырыпқа сабақ жоспары керек еді

  • Танзила апай саламатсызба материалыныз унады жаксы енбегинизге жемис тилеймин

  • Салеметсіздерме менін сіздерге койар сурагым менін балам 4 жаска келді. Казір создерді айтады бірак сойлем болдырып ягни сурак сурау деген сияктыларды айта алмайды не істесем болады. Комек сураймын

  • Бұл жағдайда баланы толық тексерістен өткізу керек. Есту қабілетін, бұрыннан неврологиялық статусы барма т.с.с. Қай қаладансыз?

  • Мақалаңыз жасы жазылған. Түсінікті, өзімізге біліп жүруге жаксы болды. Көп рахмет!

  • Танзилия апай Саламатсыз ба!Менин номерим 87786776510 Отиниш, маган кунтизбелик жоспар жонинде багдарлама болсын курылган жоспар болсын,комектесинизши. Хабар кутем.

  • Сонымен катар Р,С,Н ариптеринен киналатын балаларга тил жаттыгуларынын туплери туралы жазсаныздар екен

  • Ф,В дыбыстарн түзету үшін қандай жұиыстар жасау керек

  • Менің ұлым 5 ке толады. Сөйлейді бəрін айтады Бірақ л.р дегенге тілі келмейді калай жаттықтыруға болады. Кей сөздерге тілі келмей қалады. Мысалға: такпакта Аялайтын ды айта алмады , тілі бұрмалап кете береді

  • Анар баланы көру керек кой, негізі жаттығуларды бастау керек.

  • салематсыз ба менин кызым 8 де ЗПМР ЗРР ДЦП легкий тури деген диагноздары бар тек кана женил создерди айтады кунделикти шай май нан папа мама сут су ет бирак кайсысы нан кайсысы ет екенин билмейди етти нан дейди мысалы.уйретип отырамын сондада шатасады. з жане ж ариптерин айта алмайды бирак орысша сойлегенди биледи баска тилде сойлеп турганынды ал дурыс создерди анда санда айтып кадады 1 не 2 рет одан кейин айтпайды мама жатшы дейди. папа келд папа келд дейди.актауда логопедтер кобине орыс тилди казакша болсада айына 53мын сурайды сондыктан озим калай окытсам болады комектессениз екен

  • Мумкин болса акелгениниз жаксы. Жалпы сизге арнайы мекемеге тиркелгениниз дурыс.логомассаж, танымдык кабилетти арттыруга т.б коп жумыстар жасалыну керек.еринбей..изденип жумыс жасайтын логопед-дефектолог керек сиздерге

  • Салеметсиздерме! Осы саитқа тіркеле алмай отырмын қалай тіркеледі нұсқау беріңізші өтініш. Маған өте қажет.

  • Кіру- тіркелу формасы жоғарыда көрсетілген сол графаны толтыру керек умытпасам

  • Сәлеметсиз ба? Мениң ұлым 3 жарымда біраз созді айтады бірақ тусініксіз және жалғау қоспайды. Сіздің риабелетациалық орталыққа апарып көрсетсем сізбен қалай байланыса алам.? Рахмет

  • Сәлеметсізбе Танзиля апай. Мен педагогика және психология факультеінің 3-курс студентімін. Жалпы осы логопед мамандығына қызығушылығым бар еді, енді осы сала бойынша алғаш рет курстық жұмыс дайындамақшымын. Сұрайын дегенім материял жинауға қандай әдебиеттер немесе ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды ұсына аласыз. Көмегіңізге алдын ала рахмет!

  • Саламатсыздар ма! Менің баламның жасы 5-те, әлі күнге дейін дұрыс сөйлей алмайды, өзімнен басқа ешкім түсінбейді. Маған ҚАЗАҚ тіліндегі қазақша логопед керек еді. Білгендеріңіздің қол ұштарыңызды берулеріңізді сұраймын.

  • Кай каладансыз

  • аутизм, алалия, дцп балалармен қандай жұмыстар жасаған жөн көмек берсеңіз, алдын ала рахмет

  • Салематсыз ба, менин кызым қ,ғ дыбыстарынын орнына к,г дейді, осыған қандай жаттығулар жасатуға болады?

  • Сəлеметсіз бе? Менің қызым 5 те. Бірақ Р дыбысын айта алмайды. Қандай жаттығулар жасату керек? Орыс логопедке апардым. Ешқандай көмек болмады.

  • Баланы тындамай аита алмаимын сырттай

  • Менин жасым 15 те ади тилим р га келмид кунде трактор русалка сиякты создерди коп айтамн еш натиже жок не истеуге болады?

  • Сəлеметсізбе Менің жасым 18 де мен Р.С.Ш.Ж əріптерін дурыс айта алмаймын жəнеде даусым өте жіңішке не істесем болат комектесіңізші

  • Менің туылған жылым 24.10.2001. Менің бала кезімде құлағымнан сары су ағатын, қазір менің бір құлағым 2-ші құлағыма қарағанда жай естиді.Кейін мен бала кезімде сосканы көп соратынмын. Мен р,ж,з,ч,ш,щ,ц,с мына әріптерге тілім келмейді, қалай емделемін.Ауылда тұрамын біздің ауылда логопед жоқ. Мен қалай емделемін, кеңес беріңіздерші өтініш.

  • сәлеметсізбе? менің балам 4,5 жаста. тіліміз р әрпіне келмейді, толық сөйлем құрамайды. мыс:папа бала, мама бала дейді, қазақстан сөзін қазтастан дегендей. бала бақшаға барамыз. мамандарымыз бар, сонда да қосымша үйден қандай әрекеттер жасауға болады.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016