Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ойыншықтар

Сабақтың  тақырыбы:                    « Ойыншықтар»

( Жалпы тіл кемістігі – 1 дәрежесі)

Түзете — дамытушылық мақсаты:сөзді түсінуін арттыру,

сөздік қорын  толықтыру.

Сұраққа жауап беруге үйрету.

Фонематикалық есту қабілетін  және ұсақ

моторикасын жетілдіру.

Керекті құралдар:  ойыншықтар ( қуыршақ – Буратино, юла,

көкөніс, машина, доп т.б.), сиқырлы дорба.

Кубик, пирамида, көпіршік.

Техникалық құрал: компьютерлік тренажер ( Дельфа -130,

« Говорите  правильно»

Әдіс- тәсілдер:  сұрақ- жауап, түсіндіру, практикалық,

М.Монтессори элементтерін қолдану.

Жүру барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

баланың  үлкендермен  сәлемдесуі.

2. Өткен сабақты қайталау:

—         Логопед:  Нұрәлі, біз өткен  сабағымызда қандай  саусақ жаттығуларын орындап  үйрендік?

Бала саусақтарын көрсетеді.

—         Логопед:  Иә, дұрыс, олай болса қайталайық.

1. Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек

Шылдыр шүмек, кішкентай бөбек

Құр,құр,құр!

2. Мына саусақ – менің атам

Мына саусақ – менің әжем

Мына саусақ – менің әкем

Мына саусақ – менің анам

Мына саусақ – мен

Менің  бәрі  жанұям!

3.Негізгі бөлім:   Ұсақ моторикаға  жаттығу .

Ал бүгін біз жаңа бір жаттығу үйренейік.

Қоңыр аю баласы ( бас бармақ пен ортан теректі біріктіреді)

Апаңа сен қарашы( біріктірген саусақты өзіне қарату)

Ойынның жоқ керегі ( шайқап, қозғау)

Бал жегісі келеді ( біріктірген саусақтың аузын ашу) ( 2 рет қайталанады)

 Тосын  сәт: Музыка әуенімен  көңілді  балақай кіреді, қолында сиқырлы дорбасы  және досы Буратино бар.

— Сәлематсыздар ма, сәлематсың ба !

Біз  өзіңнің даусыңды естіп, танысуға келе жатырмыз, болама танысуға?

— Логопед: Әрине болады.  Танысып қой  Нұралі.

-Алақай: Менің атым – Алақай, досымның аты – Балақай.

Қарашы досым кімге ұқсайды?

—         Бу-ра- ти-нога!

-Алақай:  Дәл таптың! Айтпақшы сіздер немен ойнап отырсыздар?

Логопед: Саусақ жаттығуын орындап отырмыз.

Алақай: солайма! Саусақ жаттығуын орындай алатын бала ақылды болады дейді. Менің мына ғажайып дорбамда керемет сыйлықтар бар.

loading...

Саусақтарыңды біріктір де, алып қарап айтшы  неге керек екенін?

Біз  өйткені білмейміз ғой.  Бізге  ешкім  үйретпейді.

Нұрәлі  көзін  жұмып ойыншықтарды ала бастайды.

Алақай:  Бұл не?

Нұрәлі : Бұл Зырылдауық.

Алақай: Зырылдауық?! Қалай зырылдайды, көрсетші , а?

Нұрәлі көрсетеді.

Алақай:  көрдіңбе балақай Буратино?! Үйреніп алайық Нұрәліден.

Кезекпен кезек ойыншықтарды көрсетеді.

«Көкөністі тураймыз» Ой, мынау көкөніс қой, қане салат дайындайық.

Үрмелі аспап   — сырнайды   үреді,  допты лақтырып ойнайды.

Алақай: Керемет, көңілім көтеріліп қалды ғой, рахмет саған Нұрәлі.

Мен кетейін, менің досым Буратино қалып, үйренсін, сен  білгіш бала екенсің.

Мына нәрселердің бәрі сенікі.

Логопед: Алақай тоқтай тұршы.  Бұл нәрсе емес?!  Бұлардың бәрің қалай дейміз Нұрәлі?

Дұрыс, ойыншықтар дейміз. Ойыншықтармен көп ойнасақ, біз білгіш боламыз.

Оларды сындыруға болмайды. Ойыншықтар ағаштан, пластмастан, резенкеден жасалған алуан түрлі болады. Тіпті музыкалық ойыншықтар да болады.

—         Логопед: қазір  сергіту жаттығуынан кейін ойыншықтармен ойнымызды жалғастырамыз.

4.Сергіту жаттығуы:   Күнде аспанға қараймын (   қолды жоғарыға көтеру)

Қайтқан құсты санаймын ( қанатын  қағу)

Үшбұрыш боп тырналар  ( қолдарын артқа қайыру)

Көк жүзінде сырғанар ( қолдарын жоғары-төмен  қозғау) 

5. Сөйлеу тілінің дыбыстық жағымен жұмыс:    

мен кішкетай баламын

айтқан тілді аламын.

апам нанға кеткенде

үйде ойнап қаламын.

6.Дидактикалық ойын:  « Не өзгерді»?

Логопед үстел  үстіне кубик, көпіршік, пирамида ойыншықтарын қатар қойып, неден жасалғанын айтып, енді содан ойын құратынын айтып, түсіндіреді.

Ойыншықтар қатарынан 1-ін жасырып, не жоғалғанын сұрайды.

7.Дидактикалық компьютерлік ойын: « қай аспаптың даусы»?

Логопед: Міне Нұрәлі бұларда ойыншықтар.  Айырмашылығы музыкалық ойыншықтар.  Ойыншықтармен ойнаймыз. Ойыншықтар көп нәрсеге үйретеді.

8. Қорытынды: Баланы мадақтау, үйде осылай ойыншықтармен ойнау ұсынылады.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016