Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Тіл кемістігі бар балалардың жанұясымен жұмыс түрлері

Тақырыбы: « Тіл кемістігі бар балалардың жанұясымен жұмыс түрлері»

Мақсаты: Реабилитациялық оңалту жағдайында логопедиялық оңалтудың
жолдары туралы ата-аналарды ақпараттау.Балаға жеке және психикалық тәрбие беру балалық шақтарынан басталады. Барлық дағдылар отбасынан алынады, соның ішінде дұрырыс сөйлеу дағдысы да отбасында қалыптасады. Баланың сөйлеу тілі туған туыстарынан алған үлгі бойынша қалыптасады: анасы, әкесі, әжесі, атасы, үлкен әпке, ағалары. Кейбіреулері баланың сөйлеудегі дыбыс шығару жағы үлкендердің көмегісіз, өзбетімен дамиды деп ойлайды, бірақ бұл қате түсінік болып табылады.

Сөйлеу тіліндегі олқылықтарды түзету үшін уақыт өтеді, ал сөйлеудегі дефектілер қалып қояды. Бала мектепке барған кезден бастап осы олқылықтар оған көптеген ауыртпалықтарға алып келеді.
Осындай бәледен уақытында арылу үшін логопед маманға көрініп кеңес алу қажет. Егер де балаға логопедтің сабақтарына қатысу ұсынылса, бұл ұсынысқа еру қажет.
Осы сөйлеу тілінің олқылықтарын жою үшін логопедтік сабақтар құрылады. Дегенмен, оң нәтижеге келу үшін, баланы мектепке оқуға ақаусыз дайындау үшін отбасындағы ата-ананың белсенді көмегі қажет.
Сөйлеудің бұзылуы- балаларда ең көп кездесетін патология түрі, сондықтан мамандандырылған көмекті, емдеудің және оңалтудың жүйесін кешенді ұйымдастыру — маңызы жоғары мәселелер.
Сөйлеу дағдысын қалыптастыруда ата аналар қатысса, логопед пен баланың жұмысына оң әсерін тигізеді. Егер бұл қатысушылық саналы түрде болса, жақсы жоспарланған және ұзаққа созылса, онда ол тиімді бола түседі. Өз ара ынтымақтастық неғұрлым ертерек басталса құба құп.
Көп жылғы бақылау нәтижесінде, төмендегідей қорытынды жасалды: сөйлеу ақауы бар балалардың ата аналарының көбісі сөйлеу ақауының ауырлығын терең түсіне бермейді, тек бет жағындағы проблемаларды ғана атайды. Қазіргі ата аналардың көбінің педагогикалық білімдері таяз, немқұрайлы, оның себебі — болмашы психологиялық—педагогикалық білімнің жоқтығы және баланың әлеміне бойлауға ниеті жоқтығы, ал бұл жағдай жалпы жұмыстың тиімділігін төмендетуге әкеліп соғады. Сондықтан, бала тілін дамытудағы сәттілік — ата аналармен байланысты орнатуға байланысты
Логопедтің жұмысы ата аналарды баланың дамуына қойылатын заманауи талаптар туралы ақпарат беруге, бала тілінің дамуының нақты жай-күйін түсіндіруге, осы процестегі ата аналардың және оларды алмастырушы жандардың ролін түйсінуге көмектесуге бағытталған. (слайд -логопед жоспары)
Логопед пен ата аналардың арасында белгілі жұмыс жүйесі қалыптасады. Отбасымен танысу — ата аналармен қарым қатынас туралы формалды түрде мәлімет жазып қоюмен бітпеуі керек. Әр түрлі отбасылармен жұмыста бірдей әдістер қолданған дұрыс емес. Оларды ата аналардың мәдени, біліми деңгейіне, отбасы тәрбиесінің стиліне, отбасындағы өзара қарым қатынасқа, өз баласының проблемасын түсінуге, т.б. байланысты өзгертіп отыру қажет, яғни ата аналардың педагогтармен өзара байланысып, ынтымақтастықта жұмыс істеу жолдарын үнемі іздестіріп отыру керек.
Ата аналарды тіл кемістігі бар балаларды дәрігердің де бақылауында ұстау негіздері туралы хабардар ету керек.
-ата аналарға олардың баласының сөйлеу дамуының деңгейі туралы толық ақпарат беру.
— ата аналарға сөйлеу дамуының бұзушылық себептерінің түрлерінен бағдар беру.
-баланың білім алу маршрутын жобалау
— алдағы логопедиялық жұмыстағы ата ана ролін анықтау.
Ата аналармен байланыс — жеке және топтық жұмыс түрлерінде жүзеге асады. Ол- семинарлар, консультация беру, әңгімелесу, ашық сабақтар, көрнекі насихат, ақпараттық көрмелер, сауалнамалар өткізу. Логопедке жұмыстың әр түрі формалды түрде емес, ата аналарды проблеманы шешуге тартатындай болуы, нәтижелі ынтымақтастық қалыптастыратындай болғаны маңызды, өйткені кәзіргі ата — ана педагогтың ұзақ, ығыр қылатын баяндамасын тыңдағысы келмейді. Бірақ бұл білім беру түзету мекемесінде. Алдымен ата аналар диагнозды ПМПК –да естиді және көбіне көп мамандардың не фйтып жатқанын түсінбейді, -« бірақ бала нашар сөйледі», «дыбыстарды айта алмады», «бала фразалық сөйлеуді меңгермеген»,- « бірақ ол әлі кішкентай, үйреніп кетеді» -деп жауап береді ата аналар. Ата аналардың көбісі сөйлеу дамуының этаптарын да білмегендіктен, –«дислалия», «дизартрия», «ОНР» деген сөздер оларға тіпті таныс емес. Сондай кезде, кәсіби логопедтің, психологтың көмегі қажет, олар түсінікті тілмен проблеманың мәнін түсіндіріп, логопедиялық, психологиялық- педагогикалық көмекті ұсынады.

loading...

Ата аналар үшін көрнекі ақпарат түрлі жайма-папкалар, тақырыптық папкалар, үй жұмысына арналған буклеттер, мысалы мектепке дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту бойынша жаттығулар түрінде беріледі; ата аналарды артикуляциялық, тыныс алу, саусақтық гимнастиканы , дыбыстарды қою дағдылары т.б. оқытылады.
Құрметті ата-аналар!

Үй тапсырмасын орындау барысында төмендегі шарттарды сақтау қажет:

1. Егер де баланың дені сау, тамақтандырылған, ұстамды болған жағдайда ғана үй тапсырмасын орындауы қажет.
2 Үй тапсырмалары жүйелі түрде, күнделікті, логопедтің үсынғаны бойынша орындалып отыруы қажет.
3 Міндетті түрде баланың тапсырмаларды орындау үшін кішкене айнамен жабдықталған (баланың тапсырмаларды орындау барысында өзін өзі бақылау үшін) орны болуы қажет, сондай –ақ артикуляциялық жаттығуларды орындау үшiн қағаз майлықтары, түрлі түсті қарындаштар болуы тиіс т.б.
4 Тапсырмаларды бала өзі орындауы тиіс, ата-ана тек қана тапсырмалардың дұрыстығын бақылайды және керек жерде түзетулеріне болады.
5 Егер де бала тапсырмаларды орындау барысында шаршап қалса, оған демалуға мүмкіндік беру керек. Егер бала орындамағысы келсе, онда кейін бірақ міндетті орындалуы тиіс.
6 Егер де бала тапсырмаларды орындай алмай отырса, оны еш уақытта балағаттауға болмайды, алдында алған білімдерін жоғалтпау үшін өз күштері мен мүмкіндіктеріне сендіру үшін мақұлдаңыз, келесі тапсырманы орындатыңыз.
7 .Балаңызды жиiрек мақтаңыз, өз күштерiндегi сенiмдiлiгiн қалыптастырыңыз, жетiстiк ахуалын құрыңыз.
Адамның денсаулығы, денесінің дамуы мен ойлау қызметі оның дұрыс демалуына тікелей байланысты.Мысалы, сол және оң мұрын қуыстарымен арнайы тыныс алу жаттығулары мидың жұмыс істеуін жақсартады. Шыныққан тыныс алу бұлшық еттері адамның қаншылықты жұмысқа шыдамдылығын анықтайды, ағзаның суық тию аурулары және басқа ауруларға қарсы тұру қабілетін жақсартады. Дұрыс тыныс алу үшін тыныс алу бұлшық еттерін басқара білу қажет және әрдайым оны дамытып отыру керек.
Бірақ, мектеп жасына дейінгі балалардың тыныс алу бұлшық еттері әлсіз, сондықтан оларға арнайы тыныс алу жаттығулары жасалған. Нүктелі уқалау – өз ағзаңа көмектесудің ең қарапайым түрі. Нүктелі уқалау жаттығулары балаларды өз денсаулығына қамқор болуға үйретеді және суық тиіп аурудың алдын алады. (СЛАИД –өзін- өзі уқалау)
1. Екі алақанды қосып, оларды қызғанша ысу.
2. Сілтеуіш саусақтармен мұрын қуысы жанындағы нүктелерді басу.
3. Сол жақ мұрын қуысымен ішке дем аламыз (оң жақ мұрын қуысын сілтеуіш саусақпен жауып тұрамыз), оң жақ мұрын қуысымен демді сыртқа шығармыз (сол жақ мұрын қуысын жауып тұрамыз).
4. Мұрын қуыстарымен ішке дем аламыз, ақырын ауыз арқылы сыртқа дем шығарамыз.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментариев 5 Пікір қосу

  • Саламатсыз ба! Сизге риза болып отырмын .тажрибенизбен болискенинизге коп рахмет

  • өте жақсы жазылған….

  • Рахмет!!!

  • саитка регестрация жасалмаи отырым

  • салематсизба,балабақшада жұмыс жасап көрдинизба?жылдық тақырыптық жоспарларыныз бар ма? технологиялық карталарды калай толтырасыз?улгисин жибере аласыз ба? рахмет

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016