Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Инклюзивтік білім берудің зерттелуі

Инклюзивтік білім берудің зерттелуі, методологиялық негізі, категориялық аппараты

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ,

Бақытова Фатима Нұрболатқызы, 1- курс магистранты

Түйіндеме

Мақалада инклюзивті білім беру негізінде тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларға педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері айқындалады. «Инклюзивті білім беру», «арнайы мектептерде оқыту», «методология» ұғымдарының мәні, мағынасы, мазмұны ашылады. Инклюзивті білім беру негізінде оқушыларды қалыптастыру жолдары қарастырылады.

Резюме:

В статье рассматриваются проблемы формирования учащихся с ограниченными возможностиями опорно-двигательного аппарата на основе инклюзивного образования, раскрываются значение и особенности обучения. Рассматривается сущность, содержание понятий «инклюзивное образование», «обучение в специализированной школе», «методология».

Қазіргі қоғам дамуының қажеттілігіне сай егеменді еліміздің алдында тұрған басым міндеттердің бірі – арнайы мектептерде білім алатын тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларға педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіру ең өзекті мәселе. Тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесі коррекциялық білім беруде елеулі өзгерістерге жол ашты. Бүгінгі күні инклюзивті білім беру негізінде тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларды тұрғылықты мекен-жайына қарасты жалпы білім беретін мектепте оқыту қарастырылуда. Тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларды оқыту процесінде: дифференциялдық, индивидуалдық қарым-қатынас, интеграциялау, іс-әрекеттік қатынас, жеке тұлғалық бағдарлы білім беру, т.б. негізінде тұлғалық қалыптасуын, дамуын қамтамасыз етуші оқыту түрлерін арнайы, болмаса жалпы білім беретін мектептерде кеңінен пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Арнайы мектептердің педагогикалық ерекшеліктері ескеріліп, мазмұны мен міндеттерін айқындау, отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері негізінде арнайы мектептердің жетістіктері қарастырып, әрі қарай дамыту көзделеді. Дж.Брунер «Оқыту процесі» атты еңбектерінде: «… кез келген баланың ақыл-ойын дамудың барлық кезеңінде олардың білім алу мүмкіндіктері шексіз, тек дамытудың негізін қалайтын әдістерді таңдай білу керек»,- деген пікір айтты[1].

log-deffektolog

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Білім берудегі тиімді қызмет атқаратын жаңа жүйе қалыптасып, тұлғаның сапалық жағынан қалыптасуына мол мүмкіндіктің деңгейі артуда, яғни «жаңа» қоғамға «жаңа» сапалы адам керегі»,- айтылады. Мұндай жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат. Бүгінгі білім беру саласының басты міндеті – ойлау қабілетімен ерекшеленетін, өзіндік пікірі мен пайымдауы бар жеке тұлға қалыптастыру. Жеке тұлғаның осындай субъект дәрежесіне көтерілуі мұғалімге оның тұлғалық қасиеттері мен еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Мұғалімнің басты қызметі – оқыту үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыру, тірек – қимыл аппараты бұзылған оқушыларды оқыту, дамыту мен қалыптастыру жолдары іздестіре отырып, сабаққа ынталандыру, қызықтыру [2].

Осы пікірді, қоғамдық тапсырыс пен әлеуметтік сұранысты негізге ала отырып, тірек- қимыл аппараты бұзылған балаларға білім беруді интеграциялық тұрғадан қарастыру көзделеді, ол үшін төмендегедей негізде оқыту жүйесін құру қарастытылады.

Ресейлік, Қазақстандық зерттеушілердің: Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, А.М.Ерсарина, И.Г.Елисеева, т.б еңбектерінде жеке тұлға дамуындағы қарым-қатынастың орны мен ролін, адамның өзін тануы мен өзін бағалауындағы жетекші әрекет түрлерінің: оқу — танымдық, ойын, қарым-қатынастың мәні мен маңызы, әрбір жанның тұлғалық қалыптасуындағы физиологиялық, психикалық, дене-тұлғалық-Білім беру Мақсаты Міндеті Мазмұны Инклюзивті білім беру Жалпы білім беру Арнайы коррекциялық білім беру Қоғамдық тапсырыс, әлеуметтік сұраныс Мемлекет саясаты

физикалық жетілудің ерекшеліктері, баланың жалпы дамуын қамтамасыз етуші әлеуметтік белсенділіктің түрі қарастырылады.

Дегенмен арнайы мектеп оқушыларын оқытудың ерекшелігін айқындауға, тірек-қимыл аппаратында кемістігі бар оқушылардың дамуына, оқу-тәрбие процесінің мүмкіндіктерін пайдалану жолдарына, әсіресе инклюзивтік оқыту мәселелеріне арналған зерттеулер соңғы жылдары ғана көптеп туындауда, арнайы орталықтар құрылуда. Сондықтан ғалымдар зерттеулері мен тәжірибелер барысында алынған нәтижелер мен әдістемелерді жүйелі түрде қолданудың тиімділігін анықтауға ерекше назар аударылуда.

Л.С.Выготский бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігін:

* бірі – бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары;

* екіншісі – кемістікті қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, қарастырады, ғалым бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізу керектігіне мән береді [3]

В.С.Выготский адам ағзасындағы кемтарлықты зерттей келе: «Адам бойындағы кемістігін сезініп, өзінің қоғамда алатын орнын белгілеуге ұмтылады. Бұл оның психикалық дамуындағы қозғаушы күшін жандандырып, бойындағы кемістігін жеңуге итермелейді. Оның бойында жасырын жатқан қабілеттері жанданып, бойындағы кемістіктерін мүмкіндігінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп, кемістік есесін толықтырып, мүгедектік деңгейін төмендетуге бағытталады»,- дейді [3]

Инклюзивтік білім беруде категориялық аппарат яғни ұғым түсініктері толық айқындалмаған. Ғалымдардың бір қатары «Мүмкіндігі шектеулі тұлға» ұғымын пайдаланса, соңғы кезде бұл ұғымға қарсы шығушылар «ерекше қажеттіліктері бар тұлға» ұғымын пайдалануды ұсынады. Дегенмен, бұл екі ұғым да инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттарына сай қолданылатын сөздерді, ұғым түсініктерді әлі де нақтылау қажеттігін түсіндіреді. Зерттеушілер: С.В Алексеева, О.Б Лошнова: «Оқытудағы дифференциалды қатынасқа» мән берсе, Л.Е Еремина: «Коррекциялық класстардағы материалдар негізінде балаларды оқытуда кездесетін қиындықтарды» қарастырып кеткен. Инклюзивті білім беруде:

loading...

* біріншіден баланың жеке қажеттілігіне сай біілім беруді ұйымдастыруды;

* екіншіден, баланың мүмкіндіктерін ескере отырып білім мазмұнын дұрыс іріктеп алуды;

* үшіншіден, оқыту бағдарламасына сай білім мазмұны толық қарастырылған оқулықты қажет етеді.

* төртіншіден, ата- аналардың сұраныс-тілектеріне көңіл аударып, олармен ынтымақтастықта жұмыс істеу көзделеді.

Инклюзивті білім берудің негізгі ұғым түсініктерін қарастырушы ғалымдар Н.В Борисова, С.А Прушинский, М.Перфильеваның редакциялауымен жарық көрген «Инклюзивное образование: ключевые понятие» оқу құралында ең негізгі ғылыми аппаратқа тоқтала отырып, ұғым түсініктердің мәнін ашады. «Инклюзив» сөзі француз тілінен аударғанда (inclusif -өзімді қосқанда) ал, латын тілінен аударғанда (includo-қосамын ) деген мағынаны білдіреді [4]. Ал, инклюзивті білім беру негізін қарастырушы Қазақстандық ғалымдар Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Закаева Г., Айтбаева А.Б., Байтурсынова А.А оқу құралында, алдымен ізгіліктілік- философиялық сипатына, құқықтық- нормативтік негізіне, көппәнділік жүйесіне сай жайлы орта құруға, білім беру процесіне бейімдеу мен өзгерістер енгізуге, отбасымен жұмыс істеуге, білім нәтежесін бағалауға мән бере отырып арнайы педагогиканың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін жан-жақты ашады. Инклюзивті білім берудің айрықша бір бағыты- дистанциялық көмек көрсетуге арналады. Арнайы педагогикада инновациялық білім беру көзі- интерактивтік әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөледі. Бұл арада Ж.Қараевтың деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы, С.Н Лысенкованың оза оқыту технологиясы, Д. Эльконин –В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан оқыту технологиясы және т.б педагогикалық технологияларды қолдануға болады.

Біз өз тәжірибемізде «ЖИГСО» немесе «Зигзаг» әдісін кеңінен пайдаланамыз. Бұл әдістер сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдісіне енеді. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы туралы пікір XX ғасырдың 80 жылдарынан бастап Қазақстанда қолданылуда. Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі танымдық белсенділікті, танымдық әрекетті, танымдық қызығушылықты дамытуға арналады.

Ойын терапиясы арқылы тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың дене кемістігін қалыпқа келтіруге, түзетуге болады. Ойын терапиясы – күрделі жұмыс. Бала психикасын дәрісіз емдеу, психотерапиялық құралдардың көмегімен баланың көңіл-күйіне, өзіне, қоршаған ортаға қарым-қатынасын өзгерту, сондай-ақ ауру нышандарын жою мақсатында оның барлық мүшесіне әсер ету әдісі.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға жүргізілетін ойын терапиясының негізгі міндеттері:

* Бала бойындағы ішкі қысымды жеңуге үйретеді;

* «Мен» бейнесі ашылады;

* Есте сақтау қабілеті қалыпқа келеді;

* Қарым-қатынастың жоғары деңгейін меңгереді;

* Шығармашылық қабілеті дамиды;

* Таным үрдістері дамиды;

* Бала өзін-өзі басқаруды үйренеді;

* Салауатты өмір салтын жете түсінеді;

* Баланың жеке мүмкіншіліктері анықталады, шығармашылық қабілетін оятады;

* Қиындықтарды жеңе біледі;

* Тұрмыс-тіршілігіндегі шектелуді жоюға көмектеседі;

* Қоғамдық ортаға әлеуметтік бейімделеді;

* Балалардың қобалжу деңгейі төмендейді;

* Қоғамның тең құқылы мүшесі екенін сезінеді;

* Психологиялық-педагогикалық түзеу арқылы кәсіптік дағдыларды меңгеруде әлеуметтік мүмкіндігі кеңейді;

* Баланың соматикалық жай-күйі түзеледі;

* Тірек-қимыл аппаратының бұзылысының ауыр түрінен сақтайды.

Инклюзивті білім берудің методологиялық негізі толық айқындалмаған. Оны айқындау арнайы педагогика мен коррекциялық және

дамыта оқыту мәселесіннің методологиялық тұғырнамасын жан- жақты қарастыру қажет. Ғылым мен ғылым дамуындағы жаңа бағыттардың қалыптасуында методологиялық негіз бен парадигмалық өзгерістер мәнді рөл атқаратынды. Қазіргі теориялық- концептуалдық мәселелер осы өзекті проблеманың шешімін айқындауға бағытталуы тиіс.

Методологиялық негіз бір қарағанда психологиялық тұрғыдан да, педагогикалық тұрғыдан да біршама зерттелген. Ш.Таубаева «Педагогика әдіснамасы» еңбегінде, Т.В Корниллова; С.Д Смирнов «Методологичесие основы психологий» оқу құралында осы ғылымдар методологиясын талдауға айрықша көңіл бөлінеді. Теория мен тәжірибенің, заң мен заңдылықтардың, психологиядағы психологиялық әдістердің ара-қатынасын қарастыруға, зерттеулердің мәнін ашуға көңіл бөлінетіні атап өтіледі. Әрі «ғылым», «философия», «көзқарас», «әдіс», «ғылыми таным», «обьект», «пән», «категория» ұғымдарымен мән-мағынасын ашып, жан- жақты талдау жасалғанымен, инклюзивті білім беру саласындағы методологиялық негізіне байланысты ой-пікір кейбір жеке мәселелерді қарастырумен шектеледі. Методология инклюзивті білім беру стратегиясын құрастыруда айрықша рөл атқаратындықтан, осы саладағы білім беру перспективасын, бағытын, кешенді ғылыми зерттеу жүргізу жұмысын арнайы мақсат арқылы бағдарлап құру жолын айқындауда мәнді рөл атқаратындықтан, біз біріншіден, методологияның орны мен рөлін ұтымды жұмыс жүргізу үшін, екіншіден, болашақта алынатын нәтежені алдын-ала көре білу үшін, үшіншіден мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсіл, құрал, әдістеме мен технологияны балалардың жағдайына сай таңдап алу үшін, төртіншіден физиологиялық-психологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес білім мазмұнын іріктеп ала білу үшін және соған сәйкес оқулық құрастыру жолын құру үшін қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

1 Дж.Брунер Оқыту процесі. Торжество разнообразия: Пиаже и Выготский // Вопросы психологии. 2001. №4. С. 3-13.

2 Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы,

3 Выготский Л.С. История развития высших психических функций // Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-т. Т.3.М.:Педагогика, 1983. 3. https://ru.wikipedia.org Википедия «Свободная эцниклопедия»

4. Таубаева Ш.Т. Педагогика әдіснамасы, Алматы Қарасай батыр, 2011,

5. Корниллова Т.В Смирнов С.Д Методологичесие основы психологий. СПб. Питер, 2008, -320 с.

1. Бақытова Фатима Нұрболатқызы

2. Оқу мекемесі: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

3. Мамандығы: Педагогика және психология 1 курс, магистрант.

5. Телефон: (код: 87132) 41-76-83; Сот.: 8 708 543 93 35 6. Е-mail: bakitova.fatima@mail.ru


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016