Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

5-сынып «Математикалық логика» қолданбалы курс бағдарламасы

Түсінік хат

            Мектептің бүгінгі реформасы, қоғамның информатизациялануымен қатар, білімді гуманизациялануына бағытталған, оның мектептің алдына қоятын негізгі мақсаты – ақпараттық қоғамда күнделікті өмірге оқушыны дайындау.

Математикалық пәндер бағытының арасында кең интегративті мүмкіншіліктерге математикалық логика ие болады, өйткені жүйелі түрде ойлау, дәлелді ойлау, болжамдар жасау, жоққа шығарулар өздігінен келмейді – бұл іскерлікті логика ғылымы дамытады. Сондықтан әмбебап қолдануына, қызықтылығына байланысты, сонымен қатар математикалық логика негізінде жоғары абстрактілігіне байланысты элективті курс барлық оқушыларға сөзсіз қызықты және пайдалы болуы мүмкін.

Бір жағынан берілген курс оқушыларға бағдарлама бойынша математикадан, білімдерін жалпылауға, тереңдетуге, математикалық объектілердің бірегейлігін, жоғары абстрактілігін көруге мүмкіндік береді (математикалық профильге дайындау), екінші жағынан математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда, әртүрлі есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретеді (профильдердің техникалық, гуманитарлық және басқа түрлерінің таңдауына дайындау).

Бағдарлама 5 – сыныпқа математика пәнінен барлығы 34 сағатқа арналған (аптасына 1 сағат)

Мақсаты: жалпы логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, есептерді шығаруда формулаларды пайдалану біліктілігін дамытуға жағдай жасау.

Міндеттері:

  • Алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету;
  • Ізденімпаздық, швғармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Математикалық білім, білік дағдыларының белгілі жүйелерін меңгерту;
  • Ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Әртүрлі әдістермен логикалық есептерді шешуге үйрету;
  • Есептердегі олардың практикалық маңыздылығын көрсету.

Пәнді меңгертуге қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

  • Натурал сандарды шапшаң қосу және азайту тәсілін білуі;
  • Мәтінді есептерді шешуде теңдеу құра алуды;

Оқушы үйренуі тиіс:

  • Процент анықтамасын пайдаланып, күрделі есептерді шығаруды;
  • Кейбір сандардың шапшаң квадраттау тәсілін;
  • Логикалық есептерді теңдеу арқылы шешуді;
  • Алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдалана білу.

  uzddinara

Тақырыптық жоспарлау

Апталық 1 сағат, барлығы 34 сағат

Р/с Мазмұны Жалпы сағат саны Теория Практика Мерзімі
1-8 Теңдеу және оның түрлері 8 1 7
1 Теңдеу және оның шығу тарихы 1 1
2 Теңдеуге есептер шығару 1 1
3 Теңдеудің түрлері 1 1
4 Күрделі теңдеулерге есептер шығару 1 1
5 Мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шығару 1 1
6 Теңдеу арқылы «ойдағы санды табу өнері» 1 1
7 Теңдеу арқылы «ойдағы санды табу өнеріне» есептер шығару 1 1
8 Есептер шығару 1 1
1-7 Қызықты есептерге теңдеу құру 7 4        3
1 Теңдеу біздің өмірімізде 1 1
2 Қызықты есептерді теңдеу құру арқылы шешу 1 1
3 Шапшаң есептеудің әдістері 1 1
4 Кез келген санның квадратын шапшаң есептеу әдісі 1 1
5 Кез келген санның квадратын шапшаң есептеу әдісіне есеп шығару 1 1
6 Натурал сандардың шапшаң қосу мен азайту әдісі 1 1
7 Натурал сандардың шапшаң қосу мен азайту әдісіне есептер шығару. 1 1
1-6 Мүмкіндік есептеу тәсілі 6   6
1 Тізбектерге есептер шығару 1 1
2 Мүмкіндік есептеу тәсілі 1 1
3 Мүмкіндік есептеу тәсіліне есептер шығару 1 1
4 Мүмкіндік есептеу тәсіліне есептер шығару 1 1
5 Әріптер түрінде берілген есептер 1 1
6 Есептер шығару 1 1
1-12 Жалпы логикалық есептер 13 2       11
1 Жұмбақ логикалық есептер шешу 1 1
2 Анаграмма шешу 1 1
3 Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешу 1 1
4 Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешу жолдары 1
5 Ребус түріндегі есептер 1 1
6 Қызықты есептер 1 1
7 Арифметикалық ребус 1 1
8 Жалпы логикалық есептер 1 1
9 Логикалық есептер 1 1
10 Санды және сиқырлы квадраттар 1
11 Логикалық есептерді шешу 1 1
12 Сынақ алу 1
13 Қорытынды. 1
34 7       27

 

 

Оқу курсының тақырыптық мазмұны

loading...

Теңдеу және оның түрлері (8 сағат)
Теңдеу және оның шығу тарихы, теңдеуге есептер шығару;

Теңдеудің түрлері, күрделі теңдеулерге есептер шығару;

Мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шығару;

Теңдеу арқылы «ойдағы санды табу өнері;

Теңдеу арқылы «ойдағы санды табу өнеріне» есептер шығару, есептер шығару.

Қызықты есептерге теңдеу құру (7 сағат)

Теңдеу біздің өмірімізде, қызықты есептерді теңдеу құру арқылы шешу;

Шапшаң есептеудің кейбір әдістері, кез келген санның квадратын шапшаң есептеу әдісі;

Кез келген санның квадратын шапшаң есептеу әдісіне есеп шығару;

Натурал сандардың шапшаң қосу мен азайту әдісі;

Натурал сандардың шапшаң қосу мен азайту әдісіне есептер шығару.

Мүмкіндік есептеу тәсілі (6 сағат)

Тізбектерге есептер шығару;

Мүмкіндік есептеу тәсілі, мүмкіндік есептеу тәсіліне есептер шығару;

Әріптер түрінде берілген есептер шешу, есептер шығару.

Жалпы логикалық есептер (13 сағат)

Жұмбақ логикалық есептер шешу, анаграмма шешу;

Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешу жолдары;

Қызықты есептер;

Арифметикалық ребустар жалпы логикалық есептер;

Қорытынды (1 сағат)

 

Оқушыларға қосымша берілетін тақырыптар:

  1. Жазықтықтағы фигуралар әлемі.
  2. Бөлгіштік бөлу тарихы.
  3. Проценттерге күрделі есептер шығару.
  4. Банкке салынған қаржының күрделі проценттік өсу формуласы.
  5. Сызықтық теңсіздіктер.

Оқу деңгейін бақылау:

1 — кесте – бағалау өлшемдері

Бағалау % пайыз мөлшері Балл бойынша
«5» — өте жақсы 85-100% 5
«4» —  жақсы 70-84% 4
«3» —  қанағаттанарлық 40-69% 3
«2» —  қанағаттанарлықсыз 20-39% 2

 

Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Т.А.Алдамұратов математика 6 сынып, 2011ж
  2. К.Н:Сикорский «Дополнительные главы по курсы математики», 1974
  3. Справочное пособие по геометрии 6 класс, «МТ ПРЕСС» 1998г
  4. Әлібеков Ш.М. «Алгебра және сандар теориясы», 2005ж
  5. В.М.Гововров «Сборник конкурсных задач по математике», 1986г

Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Математика тарихын оқыту білімді ізгілендіру тәсілі. Г.Қ.Нұр.- Ақтау, 2009
  2. Математический тренинг. Развитие комбинационной способности: книга для учащихся 5-7кл. М.И.Зайкин. М.Гуманит из во Центр ВЛАДОС, 1996г7
  3. В царстве смекалки. Е.И.Игнатьев М.:Наука. Главная редакция Ф.М литературы 1979г.
  4. Тысяча и одна задача по математике: Кн: для учащихся 5-7 кл. А.В Спивак. М. Просвещения, 2002г.
  5. Математические олимпиады в школе, 5-11кл. А.В.Фарков. М.Айрис пресс, 2004г7
  6. Задачи на резанье. М.А.Евдокимов. М.:МЦНМО, 2002г.
  7. Как научиться решать задачи. Фридман Л.М. М.: Просвещение, 1989г.

 


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментариев 5 Пікір қосу

  • Әпке, сізге көп рахмет Сіздің мақалаңыз бойынша жақсы жоспар алдым

  • Рахмет Қолданбалы курс жоспары дұрыс құрастырылған Маған ұнады Толық сабақ жоспары бар ма? Хабарласып алсақ бола ма?

  • Жоспар жақсы құрылған Ұнады Рахмет

  • Жоспар 5-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай жазылған

  • Рахмет Қолданбалы курс жоспары дұрыс құрастырылған Маған ұнады Толық сабақ жоспары бар ма? Хабарласып алсақ бола ма

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016