Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Бөлшектерді салыстыру

Сабақтың тақырыбы: Бөлшектерді салыстыру.

Сабақтың мақсаты: Бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді салыстыра білуге және оны жаза білуге үйрету.

Міндеттері:

  • Тапсырмаларды орындау барысында оқушыға танымдық – тағылымдық ой – пікір туындату;
  • Тапқырлығы мен ой ұшқырлығын ұштауға жағдай жасау;
  • Математиканың адам өміріндегі алатын орнын, қажеттігін білу.

Күтілетін  нәтиже:

  • Логикалық ойлау қабілетінің дамуы;
  • Оқушылардың материалдық білімінің артуы;
  • Тақырыптар бойынша есептерді шығару арқылы өздігінен нәтижелі білім алуы.

Табыс критерийлері:

Ауызша есептеу, жалпылау дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ойын жеткізе білуін және ой – өрісін дамыту.

Ресурстар: Стикер, бағалау парағы, тақта, бор, интербелсенді тақта.

uzddinara

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру кезеңі-5 мин.

Мұғалімнің іс – әрекеті:       Балалардың сабаққа қатысуы, дайындығын тексеру, зейінін шоғырландыра отырып мақсатқа бағыттау.

  1. Оқушыларды түрлі – түсті стикер тарату арқылы топқа бөлу.
  2. Бағалау парағымен таныстырады.
  3. Топ ережесін естеріне салады.
  4. Сыныпта жылы қарым – қатынас орнатады.

Оқушының іс – әрекеті:

  1. Оқушылар ұнаған түсті стикер алу арқылы топқа бөлінеді.
  2. Топ ережесін жасайды.
  3. Топ басшыларын сайлайды.
  4. Үй тапсырмасын сұрау— 5 мин

Мұғалімнің іс – әрекеті:

Оқушыларға слайд арқылы есептің дұрыс жауаптары көрсетіледі.

№ 545(1,2,3,4)

loading...

№546 (2,4)

№547(1,3,5)

Оқушының іс – әрекеті:

Оқушылар көрсетілген дұрыс жауаптар арқылы өздерін тексереді.

Сабақтың барысы:

  1. Білу-8 мин

Мұғалімнің іс – әрекеті:  Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды. Жаңа тақырыпты электронды оқулықтан көрсетеді. Мұғалім өзі артынан түсіндіріп өтеді.

Оқушының іс – әрекеті:

Оқушылар бейнежазбаны қарап, мұғалімнің айтқандарын тыңдайды, түсінбеген есептерін сұрайды.

  1. Түсіну-3 мин

Мұғалімнің іс – әрекеті: Оқушыларға өтілген тақырып бойынша тест жұмыстары  беріледі.

Оқушының іс – әрекеті: Әр топ өз арасында есепті талқылап, тақтаға мәнін жазады.

  1. Қолдану-10 мин

Мұғалімнің іс – әрекеті: Оқулықтағы есептермен топтық жұмыс жүргізеді.

Оқушының іс – әрекеті: Топ бойынша берілген тапсырмаларды орындайды, есептерін тексереді

  1. Сергіту сәті: «Қызыл өрік» -3 мин

Мұғалімнің іс – әрекеті: Оқушыларды орындарынан тұрғызады, өзі қосылып бірге орындайды

Оқушының іс – әрекеті: Оқушылар көңілді түрде қимылдарды қайталайды

  1. Жинақтау-3 мин

Мұғалімнің іс – әрекеті: Жаңа тақырыпта берілген білімді түсінуі

  1. Үйге тапсырма-3 мин

Мұғалімнің іс – әрекеті: (үйге  тапсырма береді) Үлес, жай бөлшек тақырыбына байланысты ережелерді жаттау.   №395, 398, 399

Оқушының іс – әрекеті: Үй тапсырмасын жазып алады.

  1. Бағалау-5 мин

Мұғалімнің іс – әрекеті: Сабақ соңында топ басшыларынан бағалау парағын алып, оқушылармен бірге талқылайды

Оқушының іс – әрекеті: Топ арасында өзара бағалайды


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментария 2 Пікір қосу

  • Апай сізге рахмет! Осындай сабақты МОТ-ны оқымасам да сабағымда қолдансам бола ма? Ренжімейсіз бе?

  • Мақалаңызға алғысым шексіз. Көп мағлұмат алдым

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016