Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып

Қысқа мерзімді жоспар   Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып (12-жылдық білім беруге негізделген эксперимент сыныбы)

(шеберлік сыныбы)

Сабақ тақырыбы: Екінші туынды және оның физикалық мағынасы

Сабақ мақсаты: Оқушылар функцияның екінші туындысы ұғымымен және оның белгілеуімен, физикалық мағынасымен танысады; екінші туындыны табу және оны физикалық есептерде қолдану біліктілігін қалыптастыру

Күтілетін нәтиже: Оқушылар екінші туындыны және оның физикалық мағынасын қолданып есептер шығарады, сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстарды орындайды, сабақ барысында өздерін бағалайды.

Сілтеме: Мемлекеттік білім стандарты, 11-сынып алгебра және анализ бастамалары оқулығы, дидактикалық материалдар

Қолданылған әдіс-тәсілдер: Бірлескен оқу, диалогтық оқу, АКТ ны қолдану, сын тұрғысынан ойлауды дамыту,оқыту мен оқуды бағалау

Сабақ барысы:

Эмоциялық жағымды ахуал қалыптастыру, әр оқушының сабаққа деген өзіндік қатынасын анықтау

Оқушыларды сабаққа бейімдеу үшін, психологиялық тұрғыдан  дайындау үшін парақты төбелеріне қойып көршілерінің суретін салады да, өз тілегін жазып тапсырады.Критериальды бағалауға арналған дескрипторлар берілген кестелер таратылады. (5 минут)

Блумм таксономиясы бойынша:

Білу

Балалар! Бүгінгі сабағымызды «Мен кіммін!» ойынымен бастаймыз. Мен қазір сендерге әртүрлі есептер мен формулалар жазылған қағаздарды беремін. Келесі оқушыға барып мен кіммін деп сұрайсыңдар, ол оқушы осы формуланы толықтырып айтып береді немесе есептерді шығарады.

1. y=cosx  y″-?    2. y= 2x2+4x-2     y′-?    3. y=3x(x-1)   y″-?  4. y=   y′-?

loading...

5. y=f(x) функциясының екінші туындысы дегеніміз…….

6.Екінші туындының физикалық мағынасын түсіндіріп бер

7.  y″-?     8.y=(2x+1)5     y′-?    (5 минут)

 

 

Түсіну

 

Жұптық жұмыс . Деңгейлік есептерді шығару

А деңгей

 

1. f(x)=4xx3+-5       f ′(x)-?   f  ″(x)-?

2. f(x)=x2-2e2x-1                                      f ′(x)-?   f  ″(x)-?

 

B деңгей

Нүкте түзу бойымен  s(t) заңымен қозғалады (мұндағы t секундпен, x(t) метрмен өлшенеді). Нүкте қозғалысының  to  мезетіндегі жылдамдығы мен үдеуін табыңдар:

1. s(t)=t3-2t2-t   to=2c      2. s(t)=      to=7c

 

С деңгей

y=f(x) функциясының екінші ретті туындысын табыңдар және y=f ″(x) функциясының графигін салыңдар

f(x)=(x2+2)(x-1)+x4     ( 7минут  )

Сергіту сәті

Логикалық есептер шығару

1. Серуенде жүрген екі адам өзен жағасына келді.Жағада бір адам ғана сыярлықтай қайық бар. Бірақ екеуі де қайықпен өзеннен өтті де, ары қарай серуендеп кетті.Өзеннен қалай өтті?

2.Самат пен Марат қараңғы, лас шатырда ойнады.Екеуі төменге түскенде Саматтың беті қап қара кір, ал Мараттың беті тап таза болды.Сонда да болса Самат емес Марат бетін жууға кетті.Неге?

(3минут)

 

Талдау

Топтық жұмыс

 

«Екінші туындының өмірмен байланысы» оқушылар постер жасап, қорғайды (7минут)

 

Рефлексия

Бағалау

Дескрипторлар арқылы оқушылар өздерін бағалайды, сабақтан алған әсерлері жайлы өз ойларын білдіреді (3минут)

 

 

Үй жұмысы:  №380,  №381 есептер


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментариев 8 Пікір қосу

  • ҚМЖ түзілген материалдаыңызды қалай алса болады

  • жоспарыңыз ұнады

  • Мукатаева, Шал ақын ауданы Сергеевка
    Мақалаңыз ұнады , орынды екен!

  • Мақалаңыз ұнады , жақсы екен Гульмира Шал ақын Сергеевка

  • Гүлмира, рахмет сабағыңыз өте жақсы жазылған

  • Cабақ жоспарыңызды қалай алуға болады. Ұнады.

  • Жалпы алгебра, геометриядан ҚМЖ (9,10,11 сыныптар) керек еді. Бар болса хабарласыңызшы. Өтініш.

  • ҚМ сабақ жоспарыңыз жақсы жазылған.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016