Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Қысқа мерзімді жоспар(Алгебра 8 сынып)

Қысқа мерзімді жоспар

Алгебра 8 сынып (12-жылдық білім беруге негізделген эксперимент сыныбы) (4-ші сабақ)

Сабақ тақырыбы: Құрамында бүтін көрсеткішті дәрежелері бар өрнектерді түрлендіру

Сабақ мақсаты: Құрамында бүтін көрсеткішті дәрежелері бар өрнектерді түрлендіру дағдысын қалыптастыру, есептер шығару барысында өтілген тақырыптарды еске түсіру, теріс көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді шығару жолдарын нақтылау

Күтілетін нәтиже: Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін еске түсіру арқылы есептер шығарады, жұпта, топта жұмыс жасау арқылы өз ойларын ашық, нақты жеткізуге дағдыланады. Бақылау жұмысы алдында оқушылардың есеп шығару білігі артады, дарынды және талантты оқушылардың есеп шығару барысы арқылы қиынырақ есептердің шығарылу жолдарын үйренеді

Сілтеме: мемлекеттік білім стандарты, 8-сынып алгебра оқулығы, дидактикалық материалдар

Қолданылған әдіс-тәсілдер: бірлескен оқу, диалогтық оқу, АКТ ны қолдану, сын тұрғысынан ойлауды дамыту,оқыту мен оқуды бағалау

Ресурстар: стикерлерлер, флипчарттар, маркерлер

Сабақ барысы:

Эмоциялық жағымды ахуал қалыптастыру, әр оқушының сабаққа деген өзіндік қатынасын анықтау

Сыныпты топтарға бөлу.

«Мақалшылар» мен «Жұмбақшылар» тобына бөліну. Сабаққа бағыт бағдар беретін бейнефильм көрсету, топтық жұмысты және әрбір оқушының өзін бағалауына арналған критерилер берілген кестелермен таныстыру, әрбір тапсырмадан соң топтардың бірін бірі бағалау әдістерін айтып өту

(5 минут)

8sinip

 

Талантты және дарынды балаларға арналған есептер:

1-топ

Егер   a+a-1=2  болса, онда a3+a-3 өрнегінің мәнін табыңдар

2-топ

Егер   a+a-1=3 болса, онда  a2+a-2 өрнегінің мәнін табыңдар

(10 минут)

Бағалау

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Топ басшылары өз топтары туралы есеп береді. Тақтадағы топтардың бағалануы сараланады. Жеке оқушылар критерилер арқылы толтырған кестелерін қортындылайды. Жалпы сабақты бағалайды.

(8 минут)

Топ жұмысының бағалау кестесі

     Критерий лер 

 

Топ

loading...

мүшелері

Есептер шығару қабілеті Логикалық ойлау қабілеті Топ жұмысына үлес қосуы Жолдастарын тыңдай білуі Сұрақтарға жауап беруі Жаңа идеялар ұсынуы Жалпы ұпайы
Топ бойынша

 

Оқушының өзін өзі бағалау кестесі

Критерийлер(оқушының іс әрекеттері) Әрқашан Кейде Ешқашан
Мен шығарылып жатқан есептің шығару жолдарын нақты білемін
Мен шығарылып жатқан есепке байланысты формулаларды білемін
Логикалық есептер мені қызықтырады
Топпен жұмыс жасағанды ұнатамын
Топтың басқа мүшелерінің пікірін тыңдаймын
Ортақ мәмілеге келу үшін мен өз пікірімді өзгерте аламын

 

Үй жұмысы:  №147,  №149 есептер

 

Абдиева Гулхан Баймурзаевна математика пәні мұғалімі


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментария 2 Пікір қосу

  • сабақ жоспары өте жақсы құрылған. маған ұнады

  • өте жақсы құрылған толық нұсқасын қалай алуға болады

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016