Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

«Алтын қақпа»

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ой өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін, білім, білік дағдыларын дамыту.

Түрі: ойын сабағы.

Көрнекілігі: Қақпалар, нақыл сөздер, шарлар, кестелер.

1. Ұйымдастыру.

2. Ойын

А) Тас қақпаны ашу;

Б) Күміс қақпаны ашу;

В) Алтын қақпаны ашу.

3. Жіңімпазды анықтау.

4. Қорытындылау.

Жүргізуші:  Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен «Алтын қақпа» ойынына қатысушы ойыншылар!

Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір- бірімен жатқан шулап, жалғасып,

Бір- бірімен жатқан тулап, арбасып,

О, толқындар арпалысып алға шық, — деп ақын жырлағандай бүгінгі 10 сынып оқушылары арасынан жүйрікті алға шығарайық. Бұл ойынды бәріміз білеміз. Ойынды бастау үшін мен сіздерге сұрақтар қоямын, оның жауабын кім біріншы болып айтса сол оқушы ойынды бастайды.

Жүргізуші:  Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті, әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (Жауабы: 15 км/сағ)

Жүргізуші:  Сонымен алғашқы ойыншымыз ортады, өзіңізді таныстырып өтсеңіз. (оқушы өзі туралы айтады)

Жүргізуші:  Тас қақпаны ашу үшін алдыңыздағы үш сұрақтың бірін таңдаңыз. (сұрақ нөмірі айтылады)

Жүргізуші:  Ендеше сұрақты тыңдаймыз, ойланып дәл жауап беруіміз керек.

Сұрақ қоюшы: Құрметті «Алтын қақпа» ойыншысы, сізге қоятын сұрағым: екі санның қосындысы 8, айырмасы 2, көбейтіндісі 15. Осы сандарды табыңыз. (ойыншы жауабын береді)

Жүргізуші:  Жауабыңызды қабылдап, дұрыс жауабын тыңдаймыз.

Сұрақ қоюшы дұрыс жауабын оқиды. (5;3). Тас қақпа ашылды.

Жүргізуші:  Тас қақпа ашылып, күміс қақпаға да жеттік, сұрақты тыңдаңыз.

loading...

Сұрақ қоюшы: Құрметті «Алтын қақпа» ойыншысы, сізге қоятын сұрағым: түнгі сағат   12-де жаңбыр жауып тұрды. 72 сағаттан кейін күн көруге бола ма?

Жүргізуші:  Жауабыңызды қабылдап, дұрыс жауабын тыңдаймыз.

Сұрақ қоюшы дұрыс жауабын оқиды: жоқ, 72 сағат- 3 тәулік, ол түнгі мезгіл. Жауап дұрыс болса, күміс қақпа ашылады.

Жүргізуші:  Күміс қақпаны да аштық, ары қарай «Алтын қақпаны» ашуға қалайсыз. (ойыншының келісімімен келесі қақпаны ашуға болады)

Жүргізуші:  Ал ендеше «Алтын қақпаға» жақындайық (әдеттегідей сұрақ таңдалады)

Сұрақ қоюшы: Құрметті «Алтын қақпа» ойыншысы, сізге қоятын сұрағым: Миллион сөзін қазақ арасына жеткізушы ағартушы ғалым кім? (ойыншы жауап береді)

Жүргізуші:  Жауабыңызды қабылдап, дұрыс жауабын тыңдаймыз.

Сұрақ қоюшы дұрыс жауабын оқиды: Миллион сөзін қазақ арасына жеткізуші ағартушы ғалым Ы. Алтынсарин.

Жүргізуші:  Алтын қақпада ашылды. Ендігі кезек «Алтын қақпа» ішіндегі «Алтын сандықты» ашу, оған қалай қарайсыздар. (ойыншының келісімімен жалғасады)

Сұрақ қоюшы: «Алтын қақпа» ойыншысы, сізге қоятын сұрағым: Үш жарым таяқтың неше ұшы бар? (ойыншы жауап береді)

Жүргізуші:  Жауабыңызды қабылдап, дұрыс жауабын тыңдаймыз.

Сұрақ қоюшы дұрыс жауабын оқиды:3,5 таяқта 8 ұш болады.

Жүргізуші:  Алтын қақпаның алтын сандығын да аштық, сонымен бүгінгі «Алтын қақпа» ойынының жеңімпазы 10 «З» сынып оқушысы Сариева Жаннаны құттықтаймыз.

Жүргізуші:  Ойынымыздың соңыда 10 «З» сынып оқушысы Жақыпова Інкәр ән шырқайды.

Қорытындылау.

Ескерту: Бұл ойынға бірнеше оқушы қатысады, соған қарай сұрақтарды да көьейтуге болады.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016