Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Математика лидері


Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын артттыру, білім дәрежесін байқау, лидерді анықтау.

Әдісі: Сұрақ- жауап, есеп шығару, ойын.

Жоспары:

1. Үміткерлер сайысы.

2. Білім сайысы.

3. Математикалық диктант: «Ептілік сайысы».

4. Ойын сайысы: «Аңшы» ойыны.

5. Мақал- мәтел сайысы: «Кім тапқыр?».

6. Қорытындылау.

Жүргізуші:  Армысыз ұстаздар мен оқушылар!   Бүгін біз мектеп бітіргелі отырған 11 з,д сыныпоқушыларының арасында «Математика лидері» атты сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші:  Жер бетінде танымалы ғалым бар

Жаңалық пен жетістігі қаншама,

Қандай ғылым деп сұрауға болмайды,

Барлық ғылым оны бірдей қолдайды.

Жүргізуші:  Күндер зулап алмасады,

Адам ойы алға асады.

Пифагордың теоремасы

Ғасырларға жалғасады.

Жүргізуші:  Мектебім, менің мектебім,

Өзіңмен өткен көктемім.

Білмеппін ғой, қоштасар кездің

Қалай ғана жеткенін- деп, енді ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

Жүргізуші:  Арманы көп Іңкәрдің

Алға қойған мақсаты.

Өзі сүйер пәндерден

Шығып жүр жақсы аты.  (Ортада Жақыпова Іңкәр)

Жүргізуші:  Кім білмейді, бар өнерін Серіктің

Мектептегі өнерпаздың бірісің.

Әніменен тәтті күйге бөлеген,

Көрейік біз тағы да оны биіктен.   (Хайров Серік)

Жүргізуші:  Білім қуып жалықпайды,

Шаршамайды, сірә бір.

Ғылымның сан тарауын

Игеруге біздің Әсем дайын тұр. (Бекбаева Әсем)

Жүргізуші:  Көрінесің әлі де бала сынды,

Бойыңа әдеп, іздеп жарасымды.

Жанна біздің асықпай байыппенен,

Шығарады есепті жарасымды.  (Сариева Жанна)

Жүргізуші:  Көп ойланып Нүркен біздің,

Ой үстінде жүретін.

Ұстаздарын бір қуантып,

Есептерді шешетін.   (Айсаев Нүркен)

Жүргізуші: Мінезі оның көпке жайлы

Достарына ұнаған.

Ибалы қыз Әлияны

Сыныптастары сыйлаған.  (Шамығұлова Алия)

Жүргізуші:  Болмақшы едің кім десем?

Мұнайшы – дейді ойлана

Ендеше біз Жандосты

Шақырамыз ортаға.  (Ниязов Жандос)

Жүргізуші:  Елін кезіп зерттейтін,

Турист болғын зерікпейтін.

Жансая бұл мамандыққа

Талайдан – ақ еліктейтін. (Жайлаубекқызы Жансая)

Жүргізуші:  Ата-аналар балалардың білімдісін қорғайды,

Жо-жоқ, оны бөлген емес,

Бар болғаны білім қусаң, қуанады, қолдайды, -деп

«Үміткерлер» сайысын бастаймыз.

 

(30 сұрақ оқылады)

(Оқушылардың ең көп ұпай жинағаны сайысқа шығады).

Жүргізуші:  Ендігі сайыс «Сынақтық есеп» деп аталады.(оқушыларға есептер беліледі)

Жүргізуші:  Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір- бірімен жатқан шулап, жалғасып,

Бір- бірімен жатқан тулап, арбасып – деп ақын ағамыз жырлағандай, өмір           өзі сайыс.

Келесі сайысымыз: «Математикалық диктант» («П» әрпімен басталатын математикалық терминдерді жазуды аяқтау)

Жүргізуші:  Ақыл қайда болса, ұлылық толады,

Білім кімде болса, сол білікті болады.-

дегендей ендігі сайыс ойынға беріледі.

Ойын «Аңшы» деп аталады. (Суреттегі сұрақтарға жауап береді)

Жүргізуші:  Архимедтей жаңалық ашар,

Болса үміткер сайыста.

Ұлы математик ізін басар,

Бізде жоқ па, талапкер? – деп келесі сайыс «Кім тапқыр?»

(Мақал- мәтел оқылады, сіздер жалғастырасыздар)

Жүргізуші:  Математика – дейді халық-

Адам ойын реттейді.

Туғаннан соң сенің барлық

Өміріңе керек,- дейді.

Сөз беріледі: математика пән мұғалімі Қаракүшікова Райханға.

Жүргізуші:  Осымен сайысымыз аяқталды, тамашалағандарыңызға рахмет!




Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016