Тік төртбұрыштың көлемі

Мұғалімдердің тізбектелген сабақтар топтамасын оқытуын қадағалауы жөнінде есеп

Шығармашылық топпен бірлесе отырып, «Бағдарламаның жеті модулі енгізілген тізбектелген сабақтар топтамасының » жоспарын құрдық.Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша математика пәнінің мұғалімі С.Д. Жалел «Тік төртбұрыштың көлемі» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен сабақ өтті. Сабақтың жоспарын құру барысында төмендегідей сұрақтарға жауап іздеп, одан сабақ мақсатын шығарып алдық.

1. Өзіңіз оқытатын сабаққа көзқарасыңыз қандай?Сіздің пәніңізді меңгеруге оқушылар қаншалықты ынталандырылған?
2. Сіздің пәніңіз бойынша оқушылардың үлгерімі қандай?Оқушылар үлгерімінің арасында қаншалықты айырмашылық бар?
3. Осы тақырып бойынша оқушылардың тәжірибесі мол ма?
4. Сіздің оқушыларыңыз оқыту мен оқудағы қандай әдіс-тәсілдермен таныс?
5. Оқушыларыңыз оқытудың қандай стилін ұнатады?
6. Оқытуда қандай кедергілер бар және оларды қалай жеңесіз?

тізбектелген сабақтар топтамасы.Сабақ мақсаты: Тіктөртбұрыштың көлемін табу бөлімін пысықтау.Күтілетін нәтижелері:
А деңгейлі оқушылар- тіктөртбұрыштың көлемін табудың формуласын біледі.
В деңгейлі оқушылар – талқылауды үйренеді, өздерінің жұмыстарын бағалай біледі.
С деңгейлі оқушылар – логикалық тапсырмалар арқылы өздерінің қабілеттерін көрсете алады.
Сабақ барысында «Қуаныш алаңы» тренингі арқылы оқушылардың көңіл- күйлерін көтеріп, ынтымақтастық атмосферасын құрып алды. Содан соң оқушыларға сабақ мақсаты мен міндеттері хабарланды.Сабақ барысында мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың жеке жұмыстарының ара –қатынасы тең түсті деп ойлаймын. Сабақта мұғалім оқушылардың ойлануына мүмкіндік беріп отырды. Сонымен қатар сабақта қалыптастырушы бағалау қолданылды.

Мектептің талантты мұғалімінің бірі Г.А.Айтқожинаның өткізілген тізбектелген сабақтың оқытылуын қадағалау жазбасы:
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған математика пәні бойынша «Тік төртбұрыштың көлемі» тақырыбындағы сабақ жоспары:

Сабақтар соңында оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін бақылай отырып, келесі сабақтарға мынадай ұсыныстар айтылды:

Критерийлерді дұрыс қолдану
Өзара бағалау бойынша тапсырмалар орындату
Оқытуға қажетті өзгерістерді енгізу мақсатындағы диагностика құру.

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017