Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сабақта жаңа инновациялық технологияны қолдану

Сабақта жаңа инновациялық технологияны қолдану.

Тоқсанова Зоя – Опорный орта мектебі математика пәнінің мұғалімі.

Әр сабақ – мұғалімнің ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір ізділік оқушылардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, оқытудың жаңа тәсілдерін, жаңа инновациялық технология әдістерін қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі.

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Өткен тақырыптарды қайталап, жүйелеп және бекіте отырып, «Бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу» тақырыбын мысалдар келтіре отырып түсіндіру; оқушылар берілген теңсіздіктердің ортақ шешімін таба білу, яғни жүйені шешу оның барлық шешімдерін таба білу немесе шешімі болмайтындығын дәлелдей алуына үйрету.

ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: жұппен, жеке – дара жұмыс жасау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, интертақта.

Пәнаралық байланыс: Табиғаттану, әдебиет, физика

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1) №793 есепті тексеру. 2) Ауызша сұрақтар беру. а) бір айнымалысыбар теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?

ә) теңсіздіктердің қандай қасиеті бар? 3) «Қызғалдақ теру» ойыны ойналады. Табиғатқа саяхат жасаймыз. Қазір көктем мезгілі.Көктемде Абай атамыз айтқандай,

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Жан – жануар адамзат анталаса

Ата – анадай елжірер күннің көзі – дегендей, қазір даламызда көктеп, гүлдеп жатыр. Соның айғағы ретінде біздер бүгін табиғатқа саяхат жасап, гүл тереміз.

а) 5х> 35 ә) 8х<72 б) — 9х>-63 в) 12х > 36 д) -15х≥75

loading...

х>7 х<9 х <7 х > 3 х≤-3

(7;+∞) (-∞;9) (-∞;7) (3; +∞) (-∞;-3)

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Есеп. Жаяу адам Боранқұл ауылынан шығып 20 км қашықтықтағы 465 – бекетке бет алды. Егер жаяу адам жылдамдығын 1 км/сағ – қа арттатын болса, онда ол 4 сағатта 20 км – ден артық жол жүреді. Егер ол жылдамдығын 1 км/сағ – қа кемітетін болса, онда ол бекетке 5 сағаттада жете алмас еді. Жаяу адамның жылдамдығы қандай?

Шығарылуы: Жаяу адамның жылдамдығы х км/сағ – қа тең болсын. Егер жаяу адам (х+1) км/сағ жылдамдықпен жүретін болса, онда ол 4 сағатта 4(х+1) км жол жүреді. Есептің шарты бойынша 4(х+1)>20. Егер турист (х-1) км/сағ жылдамдықпен жүретін болса, онда ол 5 сағатта 5(х-1) км жол жүреді.Есептің шарты бойынша 5(х-1)< 20. Сонымен, 4(х+1)>20 теңсіздігі де, 5(х-1)<20 теңсіздігі де тура болатындай х – тің мәндерін табу қажет және осы теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табу керек. Мұндай жағдайларда теңсіздіктер жүйесін шешу керек дейді жіне мынадай жазу пайдаланылады:

{4(х+1) > 20 4х + 4 >20 4х> 16 х > 4 4<х<5

{5(х-1) < 20 5х — 5 <20 5х < 25 х < 5

Жауабы: туристің жылдамдығы 4 км/сағ – тан артық, 5 км/сағ – тан кем болған.

Анықтама: Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің әрбір теңсіздігі тура болатын айнымалының мәнін осы жүйенің шешімі деп атайды.

Жүйені шешу дегеніміз – оның барлық шешімдерін табу немесе оның шешімдері болмайтынын дәлелдеу. Бірнеше мысалдар шығарып көрсету.

Кітаппен жұмыс. №820. 821.

5.Тест әдісін пайдаланып, оқушы білімін байқау. (Интертақтаны пайдалану)

6. «Сиқырлы кубик» ойынын ойнату.

а) 5х/2 > 1 ә) х/4 <0 б) 2х /3 ≥6 д) 4х/7 ≤ 0

5х >2 х<0 2х≥18 4х ≤0

х> 0,4 (-∞;0) х≥ 9 х≤0

( 0,4; +∞) [9; +∞) (-∞; 0]

Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру мақсатында «Кім жылдам?» ойынын ойнату.

7. Бағалау.

8. Үйге тапсырмаберу.

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016