Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Тәрбие ісінде тиімді жол іздедім

Күн – тіршілік көзі, мұғалім – халық көзі. Күн болмаса тіршілікті, дүниені қараңғылық басатыны секілді, мұғалім болмаса халық көрсоқыр , қара тобыр, һәм надан хайуани тіршілік кешері сөзсіз. Иә, мұғалімдік киелі мамандық. Патшалар, президенттер, академиктер, генералдар, дәрігерлер, өнерпаздар …  – бәрі де мұғалімнен оқыған. Сондықтан да мұғалім мәртебесі қашанда   биік, асқақ дегім келеді.

Мұғалімдік қызмет адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі —  жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жолын нұрландырады, рухани биікке көтереді. Осы бір мәртебелі мамандықтың иесі – мұғалімнің бірі менмін. Сірә, маңдайыма жазылғаны осы болса керек.

Сынып іші тып – тыныш. Оңашада ішкі ойыңмен сырласу қандай ғанибет десеңші!… Шәкірт қабілетін жан – жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын ұштай білу үшін ұстаздың өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық – әлеуметтік талаптарға жауап  беретін, жан – жақты білімді, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан – жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата – аналармен, жұртшылықпен ынтымақтастық орнатуға икемді тұлға болуы керек. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің қас шебері болуы міндетті.

uzdBatima2015

Иә, бұл қағидалар да санамызға әбден сіңіп қалған. Шынында да керемет қағидалар.  Бірақ әр мұғалімнің шәкірт тәрбиелеуде өзіндік ерекшелігі, көзқарасы болатыны сөзсіз ғой.

Қоңырау соғылды. Үзіліс кезі еді. Ұзын дәліздің бойымен әрлі – берлі жүрген оқушылар. Біреуі гүлге су құйып, біреуі тақта сүртіп, біреулері өзара әңгіме дүкен құрып жатыр.  Ал, менің ойым күні ертең өткізілетін                           « Желтоқсан – қасіретім, ар – намысым, мақтанышым » атты ашық тәрбие сағатында. « Апай, енді не істейміз? Қалай дайындаламыз? » — деп те сұрамайды. Сыныпта қыз балалар  саны аздау, көбісі ер бала екен. Ауыздарынан сөзі түсіп қалайын деп тұр. Тым ұялшақ, ынжықтау өздері. Әй, ашыла қоюы қиын – ау. Енді қайттім? Мынадай оқушылармен ашық сабақты қалай өткізем? Өстіп салым суға кетіп тұрғанымда, ойыма бір әдіс орала кеткені. Тамаша әдіс. Сендерден керемет актер шығады деп, әрқайсысына рөл бөліп беріп, қызықтырып ойнату.

Сөйтіп күнбе – күн сабақ соңынан дайындық жүріп жатты. « Балалар, біз жуық арада « Желтоқсан – қасіретім, ар – намысым, мақтанышым » атты ашық сабақ өтеміз. Соған сендердің бір кісідей атсалысуларыңды сұраймын. Ертеңгі елдің болашағы – сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендер қоғамдық жұмыстарға немесе мектепшілік осындай тәрбие жұмыстарына қатысып, белсенділік танытып жүрулерін керек. Еліміз бәсекеге қабілетті     50 елдің қатырына қосылғалы жатқанда сендердің де қосатын өз үлестерін болуы керек. Сонымен, бұл шараға дайындықты көрініс қоюмен бастаймыз. Сендерден талантты актер шығуы мүмкін. Мен қазір әрқайсыларыңа лайықтап Исатай, Махамбет, Абай, Шоқан, Райымбек батыр, Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары сияқты алты алаштың алыптарын сомдап шығуды тапсырамын. Осыған келісесіңдер ме? »

loading...

Жан – жақтан жамырай құптаған дауыстар естілді. Мына тәуекелдің өзі де мені қуандырып тастады. Бірер күннің ішінде оқушылардың қызу дайындығы да аяқталды. Сынып іші абыр – сабыр. Тіктірген киімдерін көрсетіп, жаттаған сөздерін қайталап жатты. Біреулері үйден киініп қарап, қалта телефонына түсіріп алып келіп: « Қараңдар, мен батырдан       аумаймын – ә » деп қояды.

Апай, мені де қарап қойыңыз, сіз берген  Асан Қайғының  суретіне қарап киімді дайындадым ғой, қалай аумаймын ба?!»  деп мәз болысты.

Малдың терісінен кесіп, мұрт жабыстырып, біреуі пламастермен бояп, көнедегі кенеп қаптан батырдың киімін дайындап, темір сауыт, қылыш, кейбіреулері сары көйлекке ою тігіп, аяқтарына мәс киіп, картоннан дулыға жасап алып келді. Олардың қызығушылығы әбден ояна түсті.

Сөйтіп, бастап та кеттік. Алдымен өзім ашып бердім: « Біз өзіміздің болашағымызға сеніммен қараймыз. Сондықтан ата – бабаларымыз мұра етіп қалдырға кең байтақ жерімізді қорғайтын, көркейтетін азамат болып өсуіміз керек. Ата – бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғап, болашақ ұрпаққа аманатқа қалдырған ұлан байтақ жерін қорғау – ендігі біздің міндетіміз. Қойнауы тарих шежіресіне толы қазақ жері қасиетті мекен. Осы бір топырақтан нәр алған Исатай мен Махамбет, Кенесары мен Сырым бабаларымыздың ерен еңбегі арқасында  ел болып қалыптасқан тұғыры биік Қазақстан мемлекетінің азаматымыз. Сондықтан ғасырлар бойы қалыптасқан тілімізді, дінімізді, жерімізді жоғалтпай, көркейіп келе жатқан елімізді әлемге таныту, айбынды мемлекет құру – біздің білімді де білікті қазақ жастарының міндеті » дедім. Сонан соң әрқайсысы өздеріне берілген рөл бойынша         кезек – кезек  сөздерін айтып, көріністі ойдағыдай қойып шықты.

Жігіт – Амангелді:

Егемендік – еңселім, ерке гүлім,

Есейе бер, бағында ертегіні.

Елдігі мен ерлігін елеп өтсем,

Егеменді елімнің ертеңімін!

Біреулері Бекболат ағасының « Қазағым » әнін шырқап берсе, енді біреулері Құрманғазының « Адай », « Балбырауын » күйлерін нақышына келтіріп орындады. Ашық сабақ « Елге сағыныш » әнімен аяқталды. Оқушылардың бұл еңбектеріне куә болып отырған ата – аналар да, мұғалімдер де аң – таң. Шынында  бұлардан ешкім де бұндай шараны күтпеген еді.

Абайдың рөлін – Алтынбек, Махамбет – Дәулет, Шоқанды – Ілияс, Бөгенбайды — Нұрлан, Кенесары – Райымбек, Асан Қайғыны – Аманжол, Қабанбайды  — Райымбек,  Райымбек батырды – Азамат ойнап шықты. Өте керемет сомдады. Құдды алты Алаштың  алыптары қайта тіріліп, ортамызда жүргендей сезіндік. Осыдан кейін мен тағы да іштей ойға кеттім.

Қазіргі кезде балалардың мінез – құлқын зерттей отырып, не нәрсеге бейімділігін байқап, әсіресі өнер саласындағы  ( ән, би, драма, т.б.) шығармашылық қабілеттерін аша білу керек екен. Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой – өрісін, дүниетанымынжетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді.Сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп тұған оқушы өзін шешенге, батырға теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді.

Рөлдік ойындар оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыратын, өз пікірін екінші адамға ( аудиторияға ) толық жеткізуін жетілдіретін тиімді тәсілдерінің бірі деп ойлаймын. Мен сахналау әдісін көптеп қолданамын. Ол балалардың есінде ұзақ сақталады.

Иә, дарындылықты дамытудың бір жолы осындай шығармашылық еңбектер болса керек. Бұл – әрине менің жеке көзқарасым.

Батима РАХМЕТОВА,

Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.

 


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016