Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жақсылық- жан азығы

Мектеп: «………орта мектебі»  КММ  Мерзiмі: __._.201_ж  № 32- сабақ

Мұғалiм: Даулбаева Г.Ж.

Класс 7 «а» Тақырыбы: Жақсылық- жан азығы

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: жауапкершілік, сенімділік, қайырымдылық

жақсылық түсініктерін дамыту

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсылық- жан азығы дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.

Міндеттері:

— Оқушылардың жақсылық, игілік, адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.

— оқушылардың ізгілік, жақсылық туралы ұғымдарын кеңейту ;

-жауапкершілікке, сенімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

оқулық, дәптер, үнтаспа,, аудио

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталау.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәті Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2

Үй тапсырмасын тексеру: М. Қалдыбай «Жеті сұраққа жауап»

1.                Бауыржан Момышұлы адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалады?

2.                Жаман қылықтар адами  қарым – қатынасқа қалай әсер етеді?

3  минут

 

Дәйексөз.

«Мейірім, Ынсап, Әділет,

Шыдам, Шыншыл, Қарекет,

Түп қазығы – Ақ ниет»

Ш.Құдайбердіұлы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Дәптерге көшіріп жазу

 
Әңгімелеу.  Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.

«Бүркіт пен онын балапандары» аңызынан не ұқтыңыздар? Аңыздын мані неде?

Аңыздың -өмірлік мані неде?

 
3.                Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс. “Мен қандай адами қасиеттерді бойыма сіңірдім?” “Өз болашағымды қалай елестетемін?”- деген сұрақтарға  ойланып жауап беру.  
4. Топпен ән айту

«Жақсы адамдар»

1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар

Жақсы адамдар бұзылмас тас қамалдар

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

 

қайырмасы

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар

 

2. Жақсы көріп сендерді жақсы адамдар

Жүрегімде, өйткенә аппақ ар бар

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар

 

қайырмасы

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар

 

3. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

 

қайырмасы

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

 
5. Үй тапсырмасы.

№34-сабақ. 170 беттегі Ж.Баласағұнидың өлеңін оқып, ой толғау жазып келу. №33-сабақ дәптермен жұмыс

 
6.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық..

Жайлап, көздеріңізді ашуға болады.

-Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!

 

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017