Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жаным толы жақсылық

Сайыс тақырыбы: «Жаным толы жақсылық»
Мақсаты: Қатысушылардың рухани қасиеттерін анықтай отырып, сыйластыққа, бірін-бірі құрметтеуге, адамгершілікке,мейірімділікке, ізгілікке баулу; патриоттық сезімдерін оята отырып, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сайыс барысы:
Кіріспе сөз:
-Құрметті оқушылар, ұстаздар, сайысымыздың қонақтары! Мектебімізде өтіп жатқан өзін-өзі тану пәні онкүндігінің аясында өткелі отырған «Жаным толы жақсылық» атты сайыс-сабағымызға қош келдіңіздер!Бүгінгі шарамыз –сайыс түрінде өтпек. 6 «а» сыныбының оқушыларының көмегімен таратылған қағаздар арқылы бүгінгі қатысушыларымыз анықталды. Барлығы 12 оқушы және 4 мұғалім.
Топқа бөлу.
Алдымен оқушылар берілген фигураларды, сосын мұғалімдер таңдап екі топқа бөлінеді.
Тапсырма.
Топ басшысын сайлап, топқа ат қою. (Топ басшысы шығып өзін-өзі таныстырады, топтың атын айтып, топ мүшелерімен таныстырып өтеді)
Сайысты бағалау: Адамның адамгершілік, рухани қасиеттерін ешқандай санмен бағалау мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі сайысымызды көрермендер топтың ұйымшылдығын, тапқырлықтарын,бір-біріне деген қарым-қатынастарын дауыс беру арқылы бағалайды. Дауыс берген тобына жұлдызша жапсырады.
өзін-өзі тану пәнінен сайыс.
Сайыстың 1-ш кезеңі:
1-ші кезең – «Есімің кім?» деп аталады.Адам өмірге келгенде ең бірінші оған есім беріледі. Есім берілерде ешкім сенен сұрамайды. Сондықтан көпшілігіне өз есімдері ұнамай жататыны бар, сондай-ақ өз есімін жақсы көретіндері де бар. Енді соны анықтасақ.Бұл кезеңнің шарты: Көзімізді жұмып, өз есіміңіздің ұнайтын, ұнамайтындығын саусағыңызбен көрсету. (Тақтада үлгілері болады).
Бағалау түрі: Қай топта көп саусақ көрінді, сол топ дауысқа ие болады.

2-ші кезең:
2-ш кезең – «Лабиринт» деп аталады. Шарты: бір топ ортаға шығады. Қолдарына лабиринт сурет бар мата беріледі. Дөңгелекшені сол лабиринттен сөйлемей шығару керек. Ойын шарты бұзылған жағдайда 1 ғана мүмкіндік беріледі.
Бағалау түрі: Топтың ұйымшылдығы, бір-бірін сөзсіз ұғынулары, шартты бұзбауы.

3-ші кезең: — «Сурет салдым сүйсіне» деп аталады. Шарты: топтың алдында ақ қағаз және желім ғана жатады. Алдарына қосымша жыртылған түрлі-түсті қағаздар тастаймын. Сол жыртылған қағаздарды жапсыру арқылы белгілі бір тақырыпта сурет салу қажет. (5 мин)
Бағалау түрі: Белгілі бір тақырыптың шығуы, топтың ұйымшылдығы, суреттің толық аяқталуы, әдемілігі.
Көрермендермен ойын.Орындықтарының шетіне сан жапсыру. Санның номеріне байланысты сұрақ қою.
1. Қ әріпінен басталатын Қазақстанның 3 қаласын ата
2. Мектеп асханасында неше терезе бар?
3. Мектеп медбикесінің толық аты-жөнін ата
4. Мектеп ауласында неше орындық бар?
5. Биыл Күршім ауданына неше жыл?

4-ші кезең: — «Ән – көңілдің ажары» деп аталады. Шарты: топ басшысы алдымен тақырып таңдайды, топ болып әнге қосылып орындайды.
Бағалау түрі: Топтың түгел қосылып орындауы, орындау шеберліктері

5-ші кезең: — «Нысана» деп аталады. Шарты: Бір топтың қатысушылары ортаға шығып байланған жіпті екі қолдарымен ұстайды. Жіптің астына бос пластик бөтелке қойылады, ал жіптің үстіне қалам қойылады, сол қаламды бос бөтелкенің ішіне салу.
Бағалау түрі: Топтың ұйымшылдығы, шартты бұзбауы.

6-шы кезең: — «Театр» деп аталады. Шарты: Алдымен топ басшылары тақырып таңдайды, сосын бүкіл топтың мүшелері кейіпкерлерді таңдайды. Таңдап болған соң сол кейіпкерлерді сомдай отырып, тақырыпты ашу.
Бағалау түрі: Топтың ұйымшылдығы, тақырыпты ашуы, актерлік шеберліктері, уақытты тиімді пайдалануы.
Көрермендермен ойын.Орындықтарға әріптерді жапсыру.
1. А – әрпінен басталатын 4 мемлекетті ата
2. Е – әрпінен басталатын 3 мақал айт.
3. Г – әріпінен басталатын 4 мұғалімнің атын ата.
4. С – әрпінен басталатын 5 мұғалімнің тегін ата.
5. Т – әрпінен басталатын 3 жануарды ата.

Сайысты қорытындылау: Екі топтың алған дауыстарын санау, жеңімпаз топты анықтау. Мадақтау, мақтау, қолпаштау.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017