Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Адами қарым-қатынас ізгіліктері

stg

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Өзін-өзі тану пәні

Тарау «Адами қарым-қатынас ізгіліктері»

Тақырып: Біздің өміріміздегі кикілжіңдер, түрлері, себептер, болдырмау жолдары

Мақсаты: Кикілжің, (әсіресе әлеуметтік кикілжің)деген не екенін, оның мағынасын түсіну;кикілжіңнің көп түрлілігімен танысу,кикілжіңдік жағдайаттарды талдай алуға үйрену; одан оңтайлы шыға білу жолдарын табу, үйрену.

Міндеттері:

* Сабақта шынайы қарым-қатынас ахуалын жасай отырып, «кикілжің», «» түсінігінің адам өміріндегі мәнін түсінуге; ізгі қарым-қатынас мәнін, оның рухани-ізгілік негізге құрылуына бағдарлау, жүрек тәрбиесіне тәрбиелеу;

* Кикілжіңді жеңу, өзгеге сүйіспеншілік, құрмет пен мейірімділік, кешірім сезімдерін , өз ойларын ашық жеткізе білуге, сезімдерін көрсете алу қасиеттерін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: «Өзін-өзі тану» оқу құралы, интерактивті тақта, видеофильм «Конфликт», аудио материалдар, жағдайаттар, презентация «Біздің өміріміздегі кикілжіңдер»; жағдайат парқшалары, қара, қызыл, жасыл шаршылар.

Сабақ барысы:

1. Амандасу.

2. Психологиялық ахуал орнату.

Шаттық шеңбері

Оқытушы: Біз өткен сабақта рухани-адами қарым-қатынас ізгіліктеріне: сәлемдесу, тілдесу мәдениеті, т.б. мәселелерге тоқталған болатынбыз. Алайда сол үйлесімді, ізгі қарым-қатынасымызға көлеңке түсірер жағдайлар да болып тұрады. Бүгінгі біздің тақырыбымыз…/Осы кезде есік қағылып, бір студент кешігіп келеді, ( неге кешігесің деген сұраққа студент дөрекілеу жауап береді, мұғалім мен оның арасында қақтығыс, дискуссия пайда болады…)

-Құрметті студенттер, болашақ мұғалімдер, айта қойыңызшы, біздің арамызда не жағдай болды? (жауаптарын тыңдаған соң «Кикілжің» деген сөзді ашамыз. (слайд№1)

Яғни бүгінгі тақырып: : Біздің өміріміздегі кикілжіңдер, түрлері, себептер, болдырмау жолдары».(слайд2, 3,4)

Өмірлік тәжірибе өзектілігі

* . Кикілжің деген не? Ол денсаулыққа қандай әсер әкеледі? Кикілжіңнен қалай шығуымыз керек? (слайд5)- Студенттердің жауаптары топтастырылады.

* Тақырып мағынасын ашу: Кикілжің (конфликт) – бұл екі адамның не әлеуметтік топтардың олар үшін құнды болып саналатын нәрсе үшін қақтығысы, айтыс-тартысы.(слайд 6, 7)

* кикілжің субъектісі – бұл айтыс-қақтығысқа қатысушылар.

* Кикілжің себебі– бұл шешілуге тиіс сұрақ не иеленуге талас зат. Кикілжің -бұл келіспеушілік, ол басқа адамның пікірімен келіспеген жағдайда пайда болады.

Жанжал денсаулыққа кері әсер етеді (қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, шаншиды, дірілдейді, қалтырайды, т.б.)(слайд 8)

Топтармен жұмыс:

-Өздеріңнің соңғы ұрыс-керістеріңді еске түсіріңдер

-Ол кикілжің неден басталды?

-Кикілжің кезінде өздеріңді қалай сезіндіңдер, қандай күйде болдыңдар?

Видеофильм “Конфликт” (авторы Г. Бардин; союзмультфильм 1983)/сіріңкелерді мысалға ала отырып өртке айналған кикілжіңді бейнелейді/. *талдау

Сабақ дәйек сөзі: «… кикілжіңнің себебі болып осы шақтағы өтіп жатқан шындық емес, адамдардың басында болып жатқан ойлар табылады».

(Р.Фишер, У. Юри)

«Қыл өтпестей достықты бір ашуға сатпайық» М.Әуезов.

(Дәйексөз мағынасын ашу).(слайд12)

Жаттығу «Иә – Жоқ»

-Қазір біз мынадай жағдайатты ойнап көрсетейікші.

(Ортада екі студент кезекшілікті атқару туралы жағдайатты

«Иә», «Жоқ» деген мысалмен ойнап көрсетеді.

-Мен кеше кезекші болдым.

-Жоқ..

-Болдым.

-Жоқ.

-Иә.

Жоқ. … (осылайша біраз уақыт)

-Бұл кикілжің бе? Неліктен?

-Иә, кикілжің, өйткені екі адам бар, айтыс тақырыбы-кезекшілік. (слайд7)

* Зерттеушілер кикілжің себептерін бірнеше топқа бөледі (слайд «Кикілжің түрлері») (слайд 14)

* Ішкі тұлғалық кикілжің (жауапкершілік пен ар-ұят арасындағы);

* Тұлғааралық кикілжің (ең көп тараған: көзқарас, мінез, сенімдер қақтығысқанда);

* Тұлға мен топаралық (топтық тәртіп пен тұлғаның құндылықтары келіспегенде);

* Топаралық кикілжің-(топтар арасында не топ бөліктері арасында);

.

Жағдайаттармен жұмыс(слайд15-19)

* Жігіттер үшін жағдайат: А тобына) Сізге бір қыз ұнайды, бір күні сіздің ортаңызға бір жігіт келіп килікті. Егер ол жігіт сіздің досыңыз болса сіз не істер едіңіз?

* Б тобына) Сізге бір қыз ұнайды, бір күні сіздің ортаңызға бір жігіт келіп килікті. Егер ол жігіт сізге таныс емес бөтен жігіт болса сіз не істер едіңіз?

Қыздар үшін жағдайат:

* В тобына)

* б)Сіз туралы ойдан шығарылған қауесет тарап кеткенін естідіңіз. Бұл ақпараттың таралуына кінәлі сіздің құрбыңыз болса; немесе бөтен қыз болса сіз не істер едіңіз?

* Г тобына)Сіз туралы ойдан шығарылған қауесет тарап кеткенін естідіңіз. Бұл ақпараттың таралуына кінәлі таныс емес бөтен қыз болса сіз не істер едіңіз?

Кикілжіңді шешудің қандай жолдарын білеміз?(слайд20)

Өзара тиімді баламалы варианттар ұсыну (компромисс)

Келіссөздер ( переговоры)

Сырт адам көмегіне сүйену арқылы (посредничество)

Арбитраж (әділқазылық шешімге жүгіну)

Күш көрсету арқылы шешу.

Кітаптың 138 -бетінен өздеріңіз кикілжіңді шешу жолдарын оқып толықтырасыздар

Кикілжіңді жеңудің бес баспалдағы.(слайд21-25)

loading...

* 1.Кикілжіңді тану.Сіз өзіңізше ішіңізден «Е, бір нәрсе дұрыс болмады!» — деп ойлауыңыз мүмкін. Егер сіз ренжісеңіз, ашу , ыза,ұят немесе басқа да жағымсыз нашар сезімде болсаңыз, өзіңізге- өзіңіз «Бұл кикілжіңмен байланысты емес пе? »-деп сұрақ қойыңыз.

* 2. Біздің сезіміміз.

* Егер сіз кикілжіңді жағдайға ұшырағаныңызды сезсеңіз, өзіңізден «Мен қандай сезімдемін? Неліктен ондай сезімдемін?Екінші адам қандай сезімде екен?» — деп сұраңыз.

* 3.Кикілжің бізге неге керек? Кикілжіңнен сізге және өзге адамға не керек екенін біліп алыңыз.«Кикілжіңнің себебі неде?Маған бұл неге керек? Менің серігіме не үшін керек? Маған қажетті нәрсені серігім не себепті маған бермей отыр» — деп өзіңізден сұраңыз.

* 4. Біздің идеямыз.

* Екеуіңізге де қажетті нәрселерді алу үшін керек идеяларды табыңыздар

* 5. Біздің жоспарымыз.

* Екеуіңізді де қанағаттандыратын шешім қабылдаңыздар. Ол шешімді жүзеге асырыңыздар.Өз серігіңізбен әңгімелесуге уақыт табыңыз да, өзіңіздің қарым-қатынасыңызды нығайта түсіңіз.

Яғни,

1)Өз-өзіңді тоқтата білу

2) Кейінірек сөйлесейік деп ұсыныс жасау

3) Шешім қабылдау

4) Өз қателігін мойындау

5) Кінәлі болсаң кешірім сұрау(слайд 26)

Кикілжің болған кейінгі жағдайда әркім өз-өзін ұстап, көңіл-күйін, сезімін басқару керек, мысалы былайша:

1) Көңіл көтеру (әзіл, күлкі)

2) Ән, музыка тыңдау

3) Мезгілімен ұйықтау

* « Өзіңді өзің басқара алмасаң, өзгені де басқара алмайсың» Халық даналығы

Аңыз

* Екі адам шөл далада келеді. Күн күйдіріп барады. Оларға пальма сусынын тасушы кездесті.

-Сіз бізге сусыныңыздан бермес пе едіңіз? Өте шөлдедік-деді олар.

Сусын тасушы: Әуелі сендер маған есімдеріңді атаңдар,-деді.

— Менің есімім- «Біз -Қайдан -Келеміз»,- деді біріншісі.

— Менің есімім «Біз- Қайда- Барамыз», — деді екіншісі.

— «Біз -Қайдан -Келеміз», сенің есімің керемет екен, — деді сусыншы.. – Мен саған сусын беремін. Ал сенің «Біз – Қайда- Барамыз», есімің нашар. Мен сенің сусыныңды қандыра алмаймын..

Олар айтысып, осы мәселені шешетін адамды таппақ болады. Қазыны тауып оған болған жағдайды айтады. Қазы оларды тыңдап алып, былай дейді:

— Сусыншы, сен қателесесің, «Біз- Қайда- Барамыз» дұрыс айтады. Өйткені біз өткеннен кетіп қалдық, енді одан ештеңе ала алмаймыз. Ал жаңаны тек алдан, қайда барамыз, содан аламыз.

Сусыншы : -Иә,солай екен,-деп келіседі де «Біз- Қайда- Барамызға» сусын береді.

Иә, айтыс-тартысты шешуге көмектесетін біреудің болғаны қандай жақсы, ал шешілмесе….

Релаксация ”Көңіл-күй”(жағымды музыка жай ойнап тұрады)(слайд28-29)

* Сіз мұғалімсіз. Бірнеше минут бұрын сіз үнемі тәртіп бұзатын, сізге дөрекілік көрсеткен оқушыңыздың анасымен болған жағымсыз әңгімені аяқтадыңыз. Әңгіме барысында сіз отбасындағы баланың тәрбиесінің дұрыс еместігі жөнінде, бетімен жібермеу , үй тапсырмасын орындату туралы айттыңыз. Бұл әңгіме барысында баланың анасы «Баланы мектепте тәрбиелеу керек, менің уақытым жоқ» -деді.. Осы сәтте сіздің шыдамыңыз жетпей, бірқалыпты дауыспен айтып тұрған әңгімеңіз, сіздің ұстанымыңыз бұзылды…Осындай жағымсыз жайттан соң көңіл-күйді қалай орнына келтіруге болады?

* Түрлі-түсті қарындашты алыңыз, таза параққа босаң күйде (расслабленно) сол қолыңызбен абстракт сюжетті-сызықтар, түрлі түсті тамшылар,фигуралар салыңыз. Осы сәтте сіз өз сезіміңізге шынымен беріліп,өз көңіліңіз қалаған, көңіл күйіңізге лайық түспен өзіңіздің жағымсыз сезіміңізді қағазға түсіріп жатырмын деп сурет салыңыз. Бітірдіңіз бе? Ал енді қағазды төңкеріп, екінші жағына көңіл-күйіңізді сипаттайтын 5-7 сөз жазыңыз.Көп ойланбай, өзіңізді бақыламай шынайы сезіммен жазу керек..Осыдан соң суретіңізге тағы бір қарап, сөздерді бір оқып, бар эмоцияңызбен жыртыңыз да қоқыс салатын шелекке лақтырып тастаңыз.

* Бар болғаны, 5 минут, ал сіздің эмоциялық – жағымсыз көңіл-күйіңіз суретке айналып жойылды.Сіз жақсы демалдыңыз. Жұмысыңызды жалғастырыңыз.

Кикілжіңнен бейбітшілікке (слайд 30)

ҚР тұратын барлық халықтарға ортақ үлкен мереке келе жатыр:

1- мамыр — Достық, Бірлік, Ынтымақ күні. Осы туралы не айтасыздар?

Толеранттылық деген сөзді қалай түсінесіздер?

* Қазақстан Республикасында қазақ ұлтымен бірге 130-дан астам ұлт өкілдері мен түрлі діни конфессиялары бар екенін білеміз. Осы түрлі ұлт өкілдерінің, діндердің арасында кикілжіңдер кездесе ме? Қандай?

* Береке басы – бірлік”, дейді қазақ. Ал береке-бірлігі жарасқан елдің туы биік, болашағы жарқын болатынын тарихтың өзі дәлелдеп отыр. ”

* ТЫНЫШТЫҚ АРҚЫЛЫ — ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА, ТАТУЛЫҚ АРҚЫЛЫ — ТҰТАСТЫҚҚА!

* Н. Ә. Назарбаев

Түйін: Келісім, компромисс. толеранттылық – бұл кикілжіңнен шығудың тиімді жолдары.

Қасарысып, кикілжіңге түсіп жеңіске жете алмаймыз!

Жүректен жүрекке. «Сүйіспеншілік әні»

Я так люблю себя

Что я могу любить тебя

И ты начнешь любить себя

И сможешь полюбить меня

Мен өзімді сүйем

Cені де сүйем білем

Өзіңді сүйе білсең,

Сүйесің мені білем

* Шығу парағы:

Әр қайсыңызда үш түсті шаршы бар: қызыл, жасыл, қара.

— Ойланып осы түстердің көмегімен менің сұрағыма жауап бересіздер.

Осындай сабақ сіздің өміріңізде кездесетін кикілжің жағдайдан шығуға көмектеседі деп ойлайсыз ба?

* «Иә» – қызыл шаршы

* «Жоқ»– қара

* «Күмәнім бар» – жасыл

Сіздерге барлық бастамаларыңызға шығармашылық табыстар!

Қиындықтар мен кикілжіңдерді жеңу жолында оптимизм мен бақыт тілеймін!


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016