Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Психологиялық жаттығулар

Тақырыбы: Психологиялық жаттығулар

«Мен кіммін?» жаттығуы
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін арттыру, бірін -бірі тану, құрметтеуге баулу;
Нұсқау: Мұғалімдер шеңберде тұрып «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру арқылы өзін таныстырады.
Үлгі:
 Мен жай ұстазбын
 Мен жақсы доспын
 Мен сырды жақсы сақтай білетін адаммын.
 Мен шыдамдымын
 Мен еңбекқормын
 Мен оқушының серіктесімін
 Менің өзіндік мақсатым бар жеке тұлғамын т.б

«Жұбыңды тап» жаттығуы
Мақсаты: Топтық бірлік, белсенді қозғалыс, тапқырлық, сыни тұрғыда ойлануға бағытталады.
Нұсқау: Өзіне берілген сөздер арқылы топ ішінен жұбын табу.
Жаттығу соңында қойылатын сұрақтар:
Жұпты табу жеңіл болды ма? Бұл жұпты неліктен таңдадыңыз? Сіздердің сөздеріңізді не байланыстырады?
Топқа ұсынылатын сөздер:
Мұғалім Қабілет
Оқушы Болашақ
Гүл Су
Табиғат Шабыт
Күлкі Стресс
Жануар Мейірім
Агрессия Қорғану
Көңіл-күй Денсаулық
Кешірім Бақыт
Мінез Сұлу
Ақыл Байлық
Қуаныш Бақыт
Балалармен жүргізілетін психологиялық жаттығулар.
 «Сенемін-сенбеймін» ойыны
Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын, логикалық ойлауын дамыту;
Нұсқау: Мұғалімдер шеңбер құрып отырады.Психолог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған қатысушы «ең зейінді» болып есептеледі.
Психолог допты кез келген бір мұғалімге лақтырып, былай деп айтады:
 Піл ұшу біледі;
 Армансыз адам болады;
 Мамандықсыз да ақша табуға болады;
 Құстар апанда ұйықтайды;
 Кез келген жағдайдан шығатын жол табылады;
 Балықтар құрлықта өмір сүреді;
 Армандар орындалады;
 Ұшпайтын құстар да болады;
 Күлкі адам өмірін ұзартады, т.с.с.

 » Көзбен көретін айғақтар» жаттығуы
Мақсаты: Өз ойын еркін жеткізу, сыни ойлауды дамыту, психологиялық күйлерін бақылау;
Нұсқау: Мұғалімдерге жануарлардың суреттері таратылып, сурет бойынша пікірлерін айту ұсынылады.
Ұсынылатын суреттер:
Мысық, жолбарыс, ит, тасбақа, попугай, кірпі, ара , тышқан, қой, балық, жылан, маймыл, доңыз, қоян, қасқыр, түлкі, құмырсқа, жылқы;

«Аялы алақан» жатығуы
Мақсаты: ұйымшылдық, бірлікті және белсенділікті дамыту, өмір сүруге құлшынысын арттыру;
Нұсқау: Шеңбер болып орналасып сол жақ алақанын көршісінің алақанының астына қойып, оң жақ алақанымен: «Мен саған өзімдегі жақсы қасиет еңбекқорлықты сыйлаймын» деп аяқтау. / Шеңбер бойындағы қатысушылар өзіндегі жақсы қасиеттерді атай отырып, көршісіне сыйлайды.

Студент жастар мен жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың психологиялық-педагогикалық негіздері.

комментария 4 Пікір қосу

  • Мен өзім бұл мақаланы оқи отыра өзімді тексеріп отырдым. Жақсы жазылған екен. Бірақ бұлардың барлығы жаңа технология бойынша деңгейлік оқуға барып келген мұғалімдерде бар ғой.

  • «Сенемін, сенбеймін», «Аялы алақан» жаттығулары өте қызықты екен. Балаларға өһткізуге болады екен. Жай ғана оқу қызметтерінде де қолдануға болады. Психологиялық тренингтері мен жаттығуларын өткізу арқылы, балалардың эмоциясын шығаруға болады.

  • Мен бұл мақаланы толыұ оқып шықтым.Өте қызыты екен.Балаларға өткізуге болады және оқу қызметтерінде қолдануға болады.Өте жақсы жазылған.

  • Мен осындай балабақша туралы керекті мағлұматтарды іздеп табатын сайттын барына өте қуаныштымын.Осы «Еркетай»kz.сайтына улкен рахмет.Керекті көрнекіліктері де өте пайдалы болды.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017