Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

«Өнер галереясы» атты ашық сабағына талдау

А.Ж.Каранееваның 22.01.2015жылы өткен

«Өнер галереясы» атты ашық сабағына талдау

Ашық сабақтың мақсаты «Өнер галереясына байланысты берілетін сөздік қорларын байыта отырып, сөйлеу тілін дамыту. Лондондағы өнер галереясы туралы мағұлмат беру. Халықтар мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу» Сабақтың типі жаңа материалды меңгерту. Сабақтың көрнекілігі Тақырыптық суреттер, слайд, видио, ақпараттық құрылғылар, карточкалар. Пән аралық байланысы Қазақ тілі, бейнелеу өнері, тарих. Сабақ XІV кезеңнен тұрды.

karaneeva-ainur

І кезең ұйымдастыру кезеңі.

ІІ кезең Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ кезең Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Жаңа сабақ туралы мағұлмат бермес бұрын оқушылардан «Өнер галереясы» туралы өздерінің ассоциациясын жазу қажет болды. Бұл оқушылардың өнер галереясы туралы қандай білімдері бар екендіктерін білуге көмектеседі. Содан соң мұғалім өнер галереясы дегеніміз не? Өнердің қандай түрлері болатынын айтып, таныстырып берді.

ІV кезең жаңа сөздерді енгізу. Мәтін оқымас бұрын мұғалім оқушыларға мәтінде кездесетін жаңа сөздерді енгізіп, дұрыс оқылуын және аудармасын үйретті. Осы кезең келесі берілетін мәтінді дұрыс оқуға және кедергісіз түсінуге мүмкіншілік береді.

V кезең Оқу. Өнер галереясына байланысты мәтінді оқу.

loading...

VІ кезең Оқылған мәтінің ішіннен оқушылар зат есімді, етістікті және сын есімді табулары керек. Бұл оқушылардың сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы грамматикалық білімдерін бекітеді.

VІІ кезең Оқушылар «Пресс конференсия» ойынын ойнады. Бұл ойынның мақсаты екі оқушы тақтаға шығып, басқа оқушыларға журналист ретінде мәтінге байланысты сұрақ қойып оған жауап алу. Бұл оқушылардың мәтінді қалай түсінгендігін көрсетеді.

VІІІ кезең осы сабақта өтілген жаңа сөздерге байланысты берілген әріптердің ішінен жаңа сөздерді табулары қажет. Бұл оқушылардың сол сөздерді қаншалықты естерінде сақтағандықтарын және қалай дұрыс жазылуларын тексеруге мүмкіндіктерін береді.

IX кезең Еркін сөйлеу стратегиясы. Бұл кезеңде оқушыға үш сөз беріліп сол сөздерге әр оқушы өздерінің бір сөйлем мен мақалдарын айтулары қажет. Стратегияның мақсаты оқушыны шығармашылыққа беуімдеу.

Х кезең өнер галереясына балалардың мұғаліммен баррып түсірген видеосын көрсету.

ХІ кезең еркін жазу стратегиясы. Әр қатарға бір бір дәптер беріліп сол дәптерге оқушылар өнер галереясы туралы өздерінің бір сөйлемдерін жазады. Ең соңғы оқушы барлық оушылардың сөйлемдерін оқиды. Бұл стратегия балалардың өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.

ХІІ кезең қорыту. Сабақты қорыту үшін оқушыларға тақтаға кесте берілген. Бұл кестеде оқушы бұған дейін нені білгендіктерін, нені үйренгендіктерін және нені әлі де білгілері келетіндіктерін жазады. Осы арқылы сабақты қорытындылап бекітеміз.

ХІІІ кезең Үйге тапсырма беру

ХІV кезең Бағалау

Оқушылар сабаққа өте жақсы қатысып сәйкес бағаларын алды.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016