Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

SZSH

Мектебімізде мектеп ұжымы қатысқан түрде «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» ұранымен акция өтті. Акцияға «72» мұғалім қатысты, «318» оқушы атсалысты.
«Өз құқығыңды білу – адами құнды қасиет» тақырыбында Қазақстан конституциясы баптарымен таныстырылып, адам құқықтары жалпыға бірдей декларациясы жайлы ақпарат берілді, түсінік жұмыстары жүргізілді. Адамгершілік ізгі қасиеттермен ар — ождан бостандығын, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру мақсатында құқық пәні мұғалімі А.Ыбыраеваның ой — талқысы тыңдалды.
Мектеп лездемесіне 8-11 сынып бойынша «169» оқушы «Сыбайлас қоғам – қоғам дерті атты баяндама тыңдалды. Адам құқықтарының даму тарихы бүкіл дүние жүзіндегі теңдік үшін күреспен тығыз байланысты айтылып, халықаралық фактіде белгіленгендей мемлекеттің өз азаматтарының құқықтарын құрметтеу үшін заңға нұқсан келтірмеуге, жемқорлықтан аулақ болуға шақырды.
Баяндамашы М.Юханова лайықты өмір сүру үшін жеке басының қауіпсіздігі мен құлдықтан азат болуға, еркін сөз, ар — ожданды қадірлеуге үндеді. 10-11 сынып аралығында «52» оқушы қатысты.
Қорытынды ой арқылы ситуациялық сұрақтар қойылды. Не білемін?, не білдім?, нені білгім келеді?, желісінде өтті.
Қараша айында құқық пәні мұғалімі А.Ибраева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж 2 шілдедегі №267 Заңын таныстыру мақсатында «Тамырын жайып тереңге» деп аталатын дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіріп, қоғам дертіне айналған екі мәселе бар, оның біреуі сыбайлас жемқорлықта, екінші нашақорлық.
Сыбайлас жемқорлық — бұл екі жақтың арасындағы «мәселе» деп тұжырымдауға болады, оның бәрі — аз лауазымдық өкілеттілігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекеттік немесе өз басының пайдасы, яғни жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам деп түсіндіре отырып, тақырыптың мәнін ашуға тырысты. 10 — 11 сынып бойнша 60 оқушы қатысты.
Заң алдында жауапқа тартылатындығы айтылды, және оқушылар өз сөзімен дәлелдеп отырды.
«Пара беру — ала беру деген бе? тақырыбында 8 — 9 сынып оқушыларына арналған ойталқы болып өтті. 8 сынып пен 9 сынып бойынша 109 оқушы қатысты. Оқушылар өз ойын дәлелдеуге тырысты.
Бұл құбылыс болып тұратыны сөзсіз. Мұндайда екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.
1. Мемлекеттік қызметшінің өз алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді десе, 2. Белгілі бір адам, (бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін), мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны сатып, оны сатып алу мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді деп өз білгендерін айтты.
Ойталқы кезінде пара берудің белгілі бір мақсаттары болады деп қорытындылады.
Пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс.
Пара алған адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік міндеттерін бұзады.
Пара алған адам қызмет бойында белгілі бір белгілі бір тұлғаның тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс деп айтып жатты. Ойталқы өз мәресіне жетіп қорытындыланды.

loading...

Желтоқсан айында «Сыбайластыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 5 — 7 сынып оқушылары қатыстырылды. 150 бала атсалысты. «Жас суретші» номинациясы бойынша И.Нұрланов, Р.Қошанов марапатталса, І — орынмен А.Отарова, ІІ — орын М.Бағытжанова, ІІІ — орын — Ұ.Бағытова, М.Асылбекқызы иеленді.

Тәуке ханның «Жеті жарғысы» атты ойталқыны 9 сынып оқушыларына өткізді. 9 сыныптан барлығы 48 оқушы қатысты. Конституция туралы алғашқы заңнама туралы айтылды. Жаңа қазақ хандығында пайда болған заңдардың бастауы. Қоғам арасында мал ұрлау әр түрлі қылмысқа жәрдем беру үшін шығарылғаны баяндалды.

Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы 7 жарғы талқыланды. Осылар арқылы ретке келтіріліп отырғаны баяндалды. Ойталқы, ұтымды пікір арқылы аяқталды.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016