Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Тұлғаны әлеуметтендіру аясындағы отбасы тәрбиесі

Адам тәрбиелеу, отбасында өзінің ұлы мен қызын
тәрбиелеу — адамзаттың ең бірінші аса маңызды
қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы.
В.А. Сухомлинский

Үш мың жылдық тарихы бар қазақ халқы жер бетіне пайда болып, өмір сүре бастағалы бері, небір қиын -қыстау зобалаңдары бастан өткеріп, тәуелсіздік жолында талай тар жол, тайғақ кешуді артта қалдырған. Халқымыздың тарихы мыңдаған жыл болғанымен ресми түрде Тәуелсіздік алып, егеменді елдер қатарына қосылғанымызға биыл 23 жыл. Халқымыздың 23 жыл ішінде жеткен жетістіктерін мақтан тұтамыз.
Міне тәуекелдің кемеліне мініп, төрт құбыламызды түгендеп тек алға ұмтылудамыз. Бабалар қанының құнына келген қасіретті атажұрт, қастерлі бостандық, киелі елдік, егемендік, бағалы бірлік — бәрі болашақ ұрпаққа қалған ұлағат. Ұлылардан қалған ұлағатты ұлы дүниелердің мұрагері — бүгінгі ұрпақ бізбіз.
Біздің қоғамымыз уықтарын жаңа шаншып, шаңырақ көтерген отау үй тәрізді. Осы уықтарды қолдаған қолдар иесі жігерлі, намысты, білімді жандар болуы тиіс.
Сондықтан тәуелсіздіктің желбіреп тұрған туын болашаққа желкілдететін, әнге әуелететін бүгінгі ұрпақ, сіз бен біз.
Баршаңызды Тәуелсіздіктің 23 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын.
Осы Тәуелсіздіктің арқасында гуманитарлық тіл дүниеге келді. Тіл — қазақтың ары да, бары да. Олай дейтін себебім мемлекеттік тіл — ұлт бірлігінің факторы болып табылады.
2011 — 2020 жылдарға арналған тілдерді қорғау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жарық көрді. Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылатын болды.
Бірінші кезеңде (2011 — 2013ж) тілдерді одан әрі қолдану мен дамытудың нормативтік — құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған іс — шаралар кешенін өткізу болды.
Екінші кезең шеңберінде (2014 — 2016ж) мемлекеттік тілді оқып үйрену және қолдану саласында, сондай — ақ тілдік әр алуандықты сақтауда жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізу бойынша практикалық іс — шаралар кешенін іске асыру болып табылды.
SZSH

 Бағдарламаның үшінші кезеңінде (2007 — 2020ж) басқа тілдердің қолданылуын одан әрі сақтай отырып, қоғам өмірінің барлық саласындағы мемлекеттік тілге сұраныс дәрежесіне, оның тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне мониторинг жүргізу басшылыққа алынды.
Елбасы мемлекеттік тіліміз — қазақ тілін төрге оздыруды кезең — кезеңмен жүзеге асыра отырып, мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақтың тілінің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясының кеңеюін мақсат тұтып отыр. Міне, сондықтан да гуманитарлық білім негізінде тілдерді дамыту туралы заңдар қабылданды, бағдарламалар жасалды.
Егеменді еліміздің тірегі — білімді ұрпақ. Есті тәрбие ұл мен қыздың болашағы.
Негізгі тұлға — ұрпақ тәрбиелеуден басталады. «Жас бала — жас шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп, М.Жұмабаев айтқандай тұлғаны әлеуметтендіру аясындағы тәрбие отбасынан басталатыны сөзсіз.
Бүгінгі қоғамның тәрбиеші ұстаздар алдында қойвп отырған басты міндеті, артар жүгі — саналы тәрбиені сапалы білім беру мен ұштастыру. Жан — жақты дамыған, өзіндік ой пікірі қалыптасқан, өмірге араласа алатын, терең ойланып, ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға ретінде — тәрбие процесінде басты мақсат болып табылады. Сондықтан тұлға — тұтастық күйінде дамыған, қалыптасқан адам. Абай айтқан «Толық адам» болмысын жасауды міндет ету — мектептің жүзеге асырар танымдық процесінің де негізгі мұраты.
« Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боларсың елден бөлек» — деген сөзі де жеке тұлға тәрбиелеудегі бағыт ретінде алуы да дұрыс.
Алайда мектеп өмірінде мінез — құлқы алуан түрлі балалар кездесетіні белгілі. Әлеуметтік жағдайға және отбасындағы белгілі себептерге байланысты, кей жағдайда оқушының психикалық ерекшелігіне байланысты «қауіпті» саналатын оқушылар кездеседі.

Тәрбиеге «қауіпті» саналатын себепші факторлар

1.Oтбасындағы тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылмауы
2.Отбасындағы материалдық жетіспеушілік
3.Tолық емес отбасы
4.Баланың денсаулығы, психикалық ауытқушылық
5.Көшедегі жолдастарының ықпалы

Отбасындағы тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылмауы

1.Өнегелі сөз, белсенді еңбектің болмауы
2.Уақытты тиімді пайдалануға үйретпеу
3.Отбасындағы ұрыс — керіс
4.Баланың жеке мүмкіндіктерін ескеріп бағыт сілтемеу
5.Баланың көзінше ішімдікке әуестену

Тәрбиеде жеке тұлғаның бұзылуының аясындағы тәрбие

Тәрбиеде жеке тұлғаның бұзылуының себептері:айқайлау, ұру, қорқыту,еңбектен, жауакершіліктен шет қалу,адам қатарына саналмау,негізсіз жазалау.

«Не ексең, соны орасың» деп, ата — баьамыз тегін айтпаған, балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттіліктерінің маңызы зор екенін көбісі біле бермейді. Сондықтан тұлғаны әлеуметтендіру аясында отбасы тәрбиесі керек.

Тұлғаны әлеуметтендіру аясындағы тәрбие

Бала жүрегіне жолды сөзбен де, айла, әдіс — тәсілмен де, балаға деген жүрек сезімі — махаббат пен де табуға болады. Жылы — жылы сөйлесең жібімитін жүрек жоқ, тек соған апаратын жолды таңдай білуіміз керек. Тәрбие өнері — ең алдымен адам жүрегіне жол таба білу.
«Жас баладан анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады. Біреуі — ішсем, жесем, ұйықтас ам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ ұй бола алмайды. Хәм сөзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі — білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр — жылтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, сырнай — керней болса дауысына ұмтылып, бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — жан құмары, көрсем екен, үйренсем екен деген» бұл Абайдың қара сөзіндегі терең ұлағат тарбиелік процестің негізін айқындап тұрған қаңида адам баласын тұлға ретінде қалыптастыруда жан мен тән, білім мен тәрбие егіз.
Тұлғаны әлеуметтендіру аясында отбасы тәрбиесінің алатын орны ерекше.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу- ата — ананың табиғи парызы». Деп отбасының міндеті анық көрсетілген.
«Қазақстан -2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Монымен бірге, «Отбасы туралы заң» жоғары және орта білім тұжырымдамасында әр бір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға өосу міндеті жүктелген. Отбасы — баланың жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзінің қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқарармен қарым — қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Отбасына асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосу себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз мойына алуда.
Осы заманның тағы бір ерекшелігі: толық емес отбасылар көбейіп, ата, әке, қайын -жұрт, нағашы жұрт секілід тағы да туысқандық байланыстар әлсіреді.
Ер бала болсын, қыз бала болсын әке — шеше не істесе де соған үлгі, өнеге. Содан үйренеді, көргенін бірде болмаса бірде қайталайды.
Ата-ананың ықпалы өзінен өзі бола қалмайды, балалар ата — ана қылықтарын көзімен көреді, ал бір көргеннен тағыда, тағы бір рет көргесн санасында мықтап орын алады. Естігені де осы қағида бойынша формула сияқты санада қалқып шығып, іс — әрекетке айналады. Балаға отбасы мүшелерінің сөзі, мінез — құлқы ғана емес, қоршаған заттар да әсер етеді.
Өз тәжірибемде өткізген жұмыстарым бойынша алынған ата-ананың балаға ықпал ету әддістерін топтастыруды ұсынамын.

loading...

Отбасы тәрбиесінің балаға ықпал ету әдістері.

Ықпал әсері Мазмұны Сипаты
Ықпал ету арқылы баланың
сенімін нығайту Нандыру, сендіру, ақыл-кеңес, нұсқау, қолдау, көтермелеу, дұрыс бағалау, пікірлес болу Баланың өзіне сенімін нығайтады
Ықпал ету, тежеу Күштеп істету, қақпайлау,басыну т.б Тартқыншақ, қорқақ, қулық, өтірік, жалтақ, жігерсіз
Ықпал ету, қуаныш сезімін ояту Мадақтау, мақтау, демалысын ұйымдастыру т.б Батырлық, өзіне сенеді, өмірге құштар болады
Теріс әрекетке түрткі болатын әдіс Еркелету, балаға мән бермеу, бақылаусыз қалдыру, жәбірлеу, жеку, ұрсу, мазақ ету Қырсық, өзімшіл, жалқау, ұқыпсыз

Өркениетке бет алған жаңа заман талабы жас ұрпақтың тәрбиесіне де жаңа талаптар қоюды міндеттейді.Ол рухани адамгершілігі зор мәдениетті, парасатты өз-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттар қойып орындай алатын өз сана-сезімін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін жан-жақты әлеуметтенген тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасындағы (16.09.2009ж) негізгі міндеттерінің бірі болып, жас ұрпақтың рухани адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі, денсаулығы, аман есендігі үшін әлеуметтік құзіреттілік пен жауапкершілік көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау болып анықталған.[ 2,10-бет ]
Әлеуметтендіру аясындағы отбасы тәрбие барлық тәрбиенің негізі болып қаланады. Ашығын айтсақ, саяси экономикалық тұрғыда өрлеу үстіндегі егеменді жас мемлекетіміз әлеуметтік рухани жағынан дағдарысты басынан кешуде. Бала тәрбиесі мен тікелкй шұғылданушы бүгінгі ата-аналар арасынан халықтық тәрбиеден алшақтауы, өзінің туған тіліне немқұрайлықтың болуы, батыстан келген өмір сүру дағдыларына икемделуі кейбір отбасына орын алатын келеңсіз жағдайлар бала тәрбиесіне кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Жасөспірімдер арасында тасбауыр, қатыгез ұрпақтардың көбеюіне, балалардың жастай қылмысқа баруына зиянды әдеттермен әуестенуіне, өзіне-өзі қол салуына итермелеуде. Жоғарыда айтылған мәселелердің кең қанат жаюына ақпарат құралдарының да (теледидар, компьютер,ұялы телефон) теріс ықпалы екенін айтқан жөн.
Осыған байланысты, баланың отбасындағы алатын тәрбиесінің ықпалына тоқталғым келеді. « Тәрбие отбасынан басталады »,« Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің », « Не ексең, соны орасың »,« Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер » т.б. халық даналығына айналған мақал-мәтелдер баланың тәрбиелі, адамгершілік-парасаттылық негіздерінің отбасынан басталатынын дәлелдейді. Тал шыбықтай жас балаға бесіктен бастап берілген тәлім-тәрбие, ұстаным-тәртіп қағидалары есейгенде оның мінез-құлқының, сана-сезімінің, ар-ождан намысының темір қазығына айналды.
Отбасы — адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі, ол материалдық және рухани үдерістермен сипатталады, жас ұрпақтың тәлім-тәрбие алып, әлеуметтенуінің негізгі институты.
«Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі.Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады»,-деп көрнекті педагог А.С.Макаренко анықтама берген. Яғни, отбасы, қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым ретінде бала тәрбиесінде шешуші роль атқарады.
Отбасы тәрбиесін нығайтуда облысымызда өткізілген « Ынтымақты отбасы » сайысында С.Урбисиновтар жанұясы қатысып жүлделі бірінші орынды иеленді және «Үлгілі әке » номинациясын жеңіп алды. Отбасының балаға ықпалы, берген тәрбиесі өз дәрежесінде бағаланды деп ойлаймын. Отбасылық тәрбиені насихаттайтын шаралар аудан және облыс көлемінде жиі ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді. Мамыр айында аудандық « Толағай » отбасылық сайысы ұйымдастырылып М.Құспановтар отбасы жанұялық ынтымақтастығы мен спортқа бейімділігін көрсетті және жүлделі екінші орынды иеленді. Сонымен қатар отбасы тәрбиесіне байланысты « Әкем, шешем және мен », « Ибалы қыз, инабатты ана » т.б іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жөргегінен бала тәрбиесіне көңіл бөлген халқымыз адамды аздырып тоздыратын ; өтірік, еріншек, мақтаншақ, қыңыр, есер, жәдігөй т.б сияқты мінездерден сақтандырып келген. « Өтірік өрге баспас »,« Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам », « Өзін өзі мақтаған өліммен тең» деу арқылы өтірік, өсек айтудан, мақтаншақ болудан жас ұрпақты аулақ болуға шақырады. Халық адамгершілік қасиеттің жоғары түрі ар-ұят, намыс, ождан сақтау деп біледі.[3,33-бет]
Тұлғаны әлеуметтендіру аясында отбасы тәрбиесіне арқау болар Маңғыстау облысының білім басқармасының бастығы Д.Н.Жұмашеваның Маңғыстау облысы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің 2011 жылғы тамыз кеңесіндегі « Отбасы, мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы » тақырыбындағы баяндамасында отбасы құндылығын насихаттау, өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыру бойынша іс-шараларды өткізуді және оларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен тарату керектігі атап көрсетілген.[4,25-бет]
Қорқыта айтқанда, бүгінгі таңда жан-жақты дамығын тұлғаны адамгершілік,рухани жағынан тәрбиелеу отбасынан басталатыны сөзсіз. Осы жағдайда отбасы мен мектептің бірігіп жұмыс жасағаны жөн. Бірлескен іс-әрекеттің негізінде кеткен олқылықтарды бірітіндеп оңалтуға болады.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016