Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жаңа форматта өткен педагогикалық кеңес

Ғылым мен техниканың жедел дамыған,ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, білімін дамыту білім беру мекемелері атанған мектептердің міндеті болып отыр. Жақында Опорный орта мектебінде жаңа форматта педагогикалық кеңес өтті.

Бүгінгі білім кеңестігінде ауадай қажет жаңару әрбір мектептің жемісімен келмек. Сондықтан да білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда.

Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа инновациялық технологияны ендіруді міндеттейді.

Топтық жүйеде жоспарлы жасалған күн тәртібінде І-тоқсанның қорытындысы және ұлттық бірыңғай тестке дайындық мәселесі жөнінде оқу ісінің меңгерушісі Қ. Жиенбетова сөз сөйледі.

SZSH

Сондай-ақ 3-4 сыныптарда негізгі пәндердің берілуі жайына байланысты тексеріс қорытындысымен таныстырылды.

loading...

Мектеп директоры З. Бектембаева күн тәртібіндегі мәселелерді қорытындылай келе қорғалған жұмысқа SWOT анализ арқылы талдау жұмысын жүргізуді ұсынды.

Міне осы бағытта әр топ өзінің «S-сәтті, W-сәтсіз, O-мүмкіндік, T-қауіп» туралы мағұлмат алып, өз ойларын ұтымды пайдаланып, қағаз бетіне түсіруге тырысты.

Оқыту мен оқудағы сәттіліктер яғни мектебіміздің жағымды жақтарын көрсетті. Жетістігімізбен қатар сәтсіздікті оқыту мен оқудағы кемшілікті топ болып ақылдасып жарасымды сөзімен көрсете білді.

Сонымен қатар мектепте жасалған мүмкіндіктерді айқындады.

Мектептегі педагогикалық кеңес соңында SWOT анализге байланысты постер қорғалды.

Педагогикалық кеңестен алған әсерлерін кері байланыс ретінде стикерлерге өз ойларын жазып қалдырып жатты. Мұғалімдер үшін бұл тың жаңалық болды.

Осындай тың жаңалық алдағы уақытта да жалғасын табатыны сөзсіз.

Зада Сұлтанова

І-ші ілгері деңгей мұғалімі,

Опорный орта мектебінің

бастауыш оқу ісі меңгерушісі,

Бейнеу ауданы


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • SWOT талдаумен жүргізілген жұмыс әрдайым өзінің нәтижнсін көрсетеді. Жаңашылдыққа қарай бетбұрыстарыңызға әрқашанда сәттілік тәлеймін. Ата-анамен жүргізілген жұмыстарыңыздан әдіс алмасқым келеді.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016