Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: Алаш қозғалысы

Сабақтың мақсаты: білімділік:   Алаш қозғалысы мен   Алаш партиясы  туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру

Дамытушылық: Алаш қозғалысы туралы оқушылардың бойына нақты пікір және жеке көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу, өз көзқарастарын білдіру, өз ойларын түйіндеп айта білу  қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:Оқушыларды  ұлтжандылыққа,тәрбиелеу,елін , ұлт көсемдерін құрметтеуге,өмірлерін , істерін үлгі ете білуге үйрету.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

     Сабақтың түрі:     Аралас сабақ

     Сабақтың әдісі:     сұрақ – жауап, картамен жұмыс

     Сабақтың көрнекілігі: карталар,кестелер,тест тапсырмалары

     Пәнаралық байланыс:  география,әдебиет                           

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау:

1.Империя,император,монархия деген сөздерге анықтама бер

2.Ресейде монархиялық билік қашан құлады?Ол билік кімдердің қолына көшті?

Тест тапсырмалары

1.ХҮІІІ ғасырдың басында Ресейде жаңа нұсқадағы империяны қалыптастырған кім?

А)Иван Грозный ә)І Петр  б)Анна Иоаннова в)ІІ Николай

2. «Қанды жексенбі» қашан болды?

А)1905 жылы ә)1914 жылы б) 1917 жылы в)1920 жылы

3.Патша билігіне қарсы екінші көтеріліс қашан болды?

А)1917 ж 24 ақпан ә)1095 жылы 5 қаңтар б)  1917 ж қазан

1922 ж 30 желтоқсан

                      4.Ресейде бірнеше ғасыр билік құрған әулет

А)Романов  ә)Рюрик  б)Иоаноов  в)

5.Орыс патшасы ІІ Николай қай жылы биліктен бас тартты?

А)1905 жылы ә)1914 жылы б)1917  жылы в)1920 жылы

6.Азамат соғысы:

А)ұлт азаттық қозғалыс

Ә)Бір мемлекеттің ішіндегі бір-біріне қарсы саяси топтардың арасындағы соғыс

Б)Дүниежүзілік соғыс

7.Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы қашан құрылды?

А)1922  жылы 30 желтоқсан  ә)1991 жылы 16 желтоқсан б)1917 жылы қазан   в)1905 жылы 5 қазан

8.КСРО қай жылы ыдырады?

А)1970 ж  ә)1961 ж   б)1991 ж  в)1986 ж

ІІІ.Оқушы білімін жан-жақты тексеру:

        1.Империя,император,монархия деген сөздерге анықтама бер

ІҮ.Жаңа сабақты меңгерту:

“Алаш” туының астында

     Куә болсын Арымыз!

     Көркейтуге Алашты

     Құрбандық біздің жанымыз!

     Жасасын, Алаш, жасасын!  С.Торайғыров

   Қазақстан 70 жыл бойы КСРО-ға тәуелді болды.1917 жылы ақпаннан қазанға дейін Ресейдегі сияқты Қазақстанда да көптеген саяси партиялар өмір сүрді.Солардың бірі-Алаш партиясы.

Алаш партиясының мақсаты:Қазақстанның жеке мемлекет болып құрылуын,өз тілін,әдет-салтын сақтап,өркениетке жетуін аңсады.

Алаш партиясының бағдарламасы:елді басқару,білім,құқық,ел қорғау,дін мәселесі т.б.

Алаш партиясының жетекшісі –Әлихан Бөкейханов болды және оның  төңірегінде Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатов т.б қазақ зиялылары болды.

Аларшорда үкіметінің құрылғанын 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезінде жариялады.

Алашорда үкіметінің баспасөз орталығы «Қазақ »газеті болды.

1918-1920 жылдардағы Азамат соғысынан кейін жеңіскке жеткен Кеңес үкіметі алашорда үкіметін таратып оның басшыларын қуғынға ұшыратты.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов  қоғам және  мемлекет қайраткері,ұлт азаттық қозғалыс жетекшісі әрі публист аудармашы. 1866 ждылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысында дүниеге келген.1879-1886 жылдары  Қарқаралыдағы қазақ мектебін оқыды.1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық ущилишеде оқып, «техник» мамандығын алып шығады.1890-1894 жылдары Санкт-Петербург Орман институтының экономика факультетінде оқыды.Әлихан қазақтың  егеменді ел болуы үшін күресті,сол себептен 1937 жылы ату жазасына кесілді.

loading...

 

БАЙТҰРСЫНОВ Ахмет (1873-1938) – 1973 жылы Қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған.Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің   бірі, ақын,   түркітанушы ғалым,аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам    қайраткері,  қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.Торғайда білім алғаннан кейін  Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген.1909 жылы  саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады.  1910 жылы Орынборға жер аударылады және сонда 1917 жылға дейін болды.1921-28 жылдары Қазақхалық ағарту  институтында сабақ берді.1929 жылы2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып,Ресейдің солтүстігіне жер аударылды.Кейіннен босап шығып,бірақ 1937 жылы қайтадан қамауға алынып,атылды.

Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:

1.«Алаш»ұғымы туралы түсінігімізді жаңғыртайық.Қалай ойлайсың, бұл партия неліктен өздерін  «Алаш» деп атады?

2.Алаш партиясының мақсаты не болды?

3.Алашорда үкіметінің белгілі қайраткерлерін ата,олардың өмірбаяны бойынша хронологиялық        кесте құрастыр.

4.Қалай ойлайсың неліктен Алаш қозғалысы  Кеңес үкіметі тарапынан қарсылыққа ұшырады?

                                                                                                                                                                                                                                                                     

ҮІ.Жаңа сабақты бекіту:

  А        
      л       
      а        
    ш      
    о      
    р          
    д          
      а      

1.1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген  қазақ тілі білімі  мен әдебиеттану  ғылымдарының негізін салушы

2.Алаш партиясының жетекшісі

3.Алашорда үкіметінің баспасөз орталығы болған газет

4.Ахмет Байтұрсыновтың атасы

5.Әлихан қай қаладағы оқу орнынан  «техник » мамандығын алып шықты.

6.Алашорда партиясының бір мүшесі

7.Әлиханның алғаш білім алған орыны

8.Ахмет қай қалада тұтқынға алды?

ҮІІ.Үйге тапсырма:

1.Алашорда үкіметінің белгілі қайраткерлерін ата,олардың өмірбаяны бойынша хронологиялық        кесте құрастыр.

ҮІІІ.Оқушы еңбегін бағалау: Күнделікпен жұмыс


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016