Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Емтихан сұрақтары география 8-сынып

Билет  №1

1.Белдеулік уақыт дегеніміз не?

2.Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама бер

3.Аллювий дегеніміз не?

Билет №2

1.Туған өлкесін зерттеуге Ш.Уәлиханов қандай үлес қосты?

2.Жер асты сулары қандай топтарға бөлінеді?

3.Ареал дегеніміз не?

Билет№3

1.Қазақстанның қандай биік тауларын білесің?

2.Арал теңізінің зерттелу тарихы жөнінде не білесің?

3.Биоценоз дегеніміз не?

Билет №4

1.Жердің геологиялық даму тарихы қандай уақыт бірліктеріне бөлінеді?

2.Каспий теңізіне сипаттама бер

3.Гамада дегеніміз не?

Билет №5

1.Шығыс Еуропа жазығының Қазақстандық бөлігіне сипаттама бер

2.Қазақстанда қандай топырақ типтері бар?

3.Геодезия дегеніміз не?

Билет №6

1.Аласа    тауларға жататын тауларды ата,картадан көрсет

2.Көлдер қазан шұңқырларының пайда болуына қарай қандай типтерге бөлінеді?

3.Геосинклиналь дегеніміз не?

Билет  №7

1.Сарыарқа тауына сипаттама бер

2.Топырақ эрозиясы деген не?

3.Геофизика дегеніміз не?

Билет   №8

1.Қазақстандағы  қандай қауіпті қолайсыз атмосфералық құбылыстарды білесің?

2.Орал тауына сипаттама бер

3.Гумидті процесс дегеніміз не?

Билет №9

1.Қазақстандағы тұрақты желдерді ата

2.Солтүстік Қазақ жазығының географиялық  орынын  анықта

3.Дефляция дегеніміз не?

Билет №10

1.Кенсіз пайдалы қазбаларға нелер жатады,кен орындарын ата

2.Ақсу-Жабағылы қорығына сипаттама бер

3.Кайназой эрасы дегеніміз не?

Билет №11

1.Жанатын пайдалы қазбалардың кен орындарын анықта

2.наурызым қорығына сипаттама бер

3.Неоген дәуірі дегеніміз не?

Билет №12

1.Қазақстанда жыл бойына жауын-шашын қалай таралған?

2.Батыс Тянь-Шаньның Қазақстандық жоталарын ата

3.Нивальды белдеу дегеніміз не?

Билет  №13

1.Қазқстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

2.Балқаш-Алакөл алабына жататын өзендерді сипатта

3.Радиациялық жылу дегеніміз не?

Билет  №14

1.Қазақстан климатына қандай ауа массаларының типтері әсер етеді?

2.Бөген дегеніміз не? Еліміздегі ірі бөгендерді ата

3.Тектоника дегеніміз не?

Билет  №15

1.Өзен суының шығыны және ағыны дегеніміз не?

2.Мұздықтар қалай пайда болады?

3.Теңіз трансгрессиясы дегеніміз не?

Билет    №16

1.Минералды сулардың маңызы неде?

2.Жоңғар Алатауына сипаттама бер

3.Триас дәуірі дегеніміз не?

Билет   №17

1.Артезиан суы мен грунт суының айырмасы неде?

2.Алматы қорығына сипаттама бер

3.Сапрофаг дегеніміз не?

Билет   №18

1.Қазақстан аумағында өзен жүйесі қалай орналасқан?

2.Марқакөл қорығына сипаттама бер

3.Регрессия дегеніміз не?

Билет  №19

1.Өзендерді қандай мақсатпен бөгейді,олардың қандай маңызы бар?

2.Үстірт қорығына сипаттама бер

3.Экология дегеніміз не?

Билет  №20

1.Орманды дала мен дала зоналарын қандай жануарлар мекендейді?

2.Сауыр мен Тарбағатай тауларының жер бедерлері қандай?

3.Эол дегеніміз не?

Билет  №21

1.Тянь-Шаньның сейсмикалық ауданға жату себебі неде?

2.Қазақ жерлері туралы алғаш мәліметтерді кім жазды?

3.Эффузия дегеніміз не?

Билет   №22

1.Қазақстанда   қанша ұлттық парк бар?

2.Қазақстанда шөлдің қандай түрлері бар?

3.Ылғалдану коэффиценті деген не?

Билет  №23

1.Топырақтың гумусы деген не?Оңтүстікке қарай неліктен азаяды?

2.Алтай тауынан қандай өзендер бастау алады?

3.Архей дегеніміз не?

Билет  №24

1.Шөлейт зонаның климатындағы басты ерекшелік неде?

2.Каспий теңізінің зерттелу тарихын әңгімелеп бер

3.Айзберг деген не?

Билет  №25

1.Қ.Сәтбаев қандай кен орындарды ашты ? (картадан  көрсет)

2.Тұран жазығы қандай пайдалы қазбаларға бай?

3.Гербицид деген не?



Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Әріптес көп-көп рахмет!!!

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017