Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Білім іздеген жігіт

Білім іздеген жігіт

5-6-7 сыныптарға арналған ертегі қойылым

Мақсаты: Оқушыларды білім алуға бағыттау және төзімділікке тәрбиелеу

Кіріспе сөз: Ертегі шындыққа айналады. Ерінбей төзіммен қиындыққа мойымай жұмыс ітеген адам баласы, бақытқа жетеді.

Бақытқа жету үшін не керек?

(Оқушылар түсінігін, ойын айтады)

Оқушылар өздері рөлдік шығармашылықпен айналысады( кемпір-шал, білім іздеген жігіт , Қыдыр ата, жалмауыз кемпір және оның қыздары, дәулер т.б)

EBK

(авторлық сабақ)

Баяғы заманда шал мен кемпірдің жал дегенде жалғыз ұлы болыпты. Барлық байлықты, мансапты сол балаға әкесі мұраға беріпті. Бір- ақ баласы бұған разы болмапты. Бала алыс жолға шығып, дүниенің төрт бұрышын аралап, білім іздеп, алыс сапарға аттануды жөн көрген екен. Себебін сұраған әке шешесіне өзінің арманын айтыпты.

— Ата -апа дүниеге тойған адам бар ма екен? Маған дүние емес, білім керек. Жаратылған тылсым күштің құдіреттілігін білім арқылы білгім келеді- деп атасынан бата сұрапты.

-Балам сен ең қиын жолды таңдапсың, жалғыз ұлымды қатерлі жолға жібере алмаймын.

-Құлыным -ау білім іздеймін деп, бізді тастап қайда барасың? Білімді ауылда да аласың. Сенде бәрі бар, ханның қызына да құда түсіп қойдық. Құдалардан ұят болады бармайсың

— Ата- апа менің кеудемді құдіретті күш иемденіп алды. Шыдыай алар емеспін .Ол күштің аты- білім. Іздеймін сол білімді.

Мақсатыма, бақытыма жетемін,

Жібермесеңдер кетемін

Амал айласы таусылған ата- апсы баласына батасын беріп:

-Жортқанда жолың болсын балам

Іздегеніңді тауып келші елге аман

Апасы: Құлыным менің

Елің қалды артыңда,

Дұшпаның бар ғой сыртыңда

loading...

Сақ болғайсың балам,

Аман келгің жеріңе

Еңбегің сіңсін еліңе

Ата- апасының батасын алған жігіт жолға шығып, аз жүрді ме көп жүрді ме алдынан әдемі ару қыздар шығыпты.

— Сусын ішіп кетіңіз , жол ұзақ (құрайық біз жігітке тұзақ)

-Рахмет! сусын ішпеймін

Білім іздеп барамын

-Алыс жол ғой арасы

Сусын ішіп дем алшы

Қыздардың құрған торынан құтылған жігітті қыздардың шешесі жалмауыз кемпір күтіп алады:

— Қыздарымның құрған алтын торын үзіпсің,

Қандай ғана жаман жігітсің деп, қуа жөнеліпті.

Кемпір кәріліктен шаршап жолда қалып, қайтарда сазайыңды берермін, тісін қайрап, қолын сермеп,жұртта қалады.

Білім іздеген жігіт аз жүрді ме, көп жүрді ме, алдынан жалғыз көзді екі дәу кездеседі. Екі дәудің қолдарында тоқпақтай ағашпен алысып, бір- бірін жеңе алмай жатқан екі дәу, жігітті көріп қуанып кетеді:

— Уа жігітім қайдан? Қане бізбен күш сынас, жеңілсең біз сені жейміз дейді.

-Жоқ күш сынаспаймын. Мен күш сынаспай –ақ, күш атасын жеңетін білімді іздеп барамын.

Жігіт өзінің ептілігінен, сөз шеберлігінен, айласын асырып, дәулерден де құтылады.

Жігіт аз жүрді ме ,көп жүді ме ,алдынан ақ сақалды қарт кездеседі.

-Ассалаумағликум ата

-Бар бол балам

Сен бе білім іздеген адам,

Барлық қиындықты басыңнан өткіздің

Сен жайында әңгіме айтып, соққан жел,

Талай- талай ерлікке толы деректер жеткізді

Талабың бар баласың,

Асқар таудай асуды алғайсың

Бердім міне батамды

Білімді болсын болашақ-

деп батасын беріпті Қыдыр ата

Білім алған жігіттің алдынан еш кедергі кездеспей еліне аман- есен жетіпті.

Әке -шешесі қуанып үлкен той жасап, халқын қуантып тастапты

Қортынды: Білімді ел, тозбайды

Шуағын жер бетіне шашады

Күн шуағы сөнбеген

Бейбіт өмір аңсаған

Қазақ елі аман болсын жері


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016