Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Қазақстан халқы Ассамблиясына-20 жыл

Әлем назарына іліккен Қазақстанда 130 ұлттың өкілі тұрады. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деп қазақ халқының даналық сөзі бар.Бірлігіміздің арқасында әр ұлт өкілі тәуелсіз Қазақстаның дамуына өз үлестерін қосып келді. Елбасы,Қазақстан халқы Ассамблиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтің сындарлы саясатын қолдап, барлық ұлт өкілдері Қазақстанның гүлдеуіне және бейбітшілік аясында өмір сүруі үшін еңбектеніп,болашақ ұрпақты тәрбиелеуде.Тарихымызға үңілсек бұл халықтар достастығы ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді.Алғаш халықтар Ассамблиясын құру тарихы 1992 жылы Алматыда өткізілген халықтар форуымының бірінші отырысында Н.Ә.Назарбаев : «Қазақстандықтардың мақтан тұтатын басты жетістігі ұрпақтан -ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттар достастығы. Қандай ұлт болмасын өз тілінде,салт –дәстүрін сақтап өмір сүруде.Сондықтан да осындай форумды жылда өткізіп тұратын жаңа қоғамдық иниститут — Қазақстан EBK

Халықтарының Ассамблиясын құру керек» деген. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтің жарлығымен 1995 жылы 1 мартта Қазақстан халқы Ассамблиясы құрылды. Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы ақпан айындағы « Жаңа Қазақстан –жаңа әлемде » атты жолдауында Қазақстан халқының алдына үлкен жауапкершілік жүктеді.Өз халқының бір шаңырақ астында бірлік пен ынтымақтықты сақтап, еңбек етуге шақырды.Бұрынғы Кеңес үкіметінің құрамында болған өзге республикада дәл осындай сындарлы саясат жоқтың қасы. Қазақстан халықтары,этностық орталықтарында түрлі іс-шараларды өткізіп тұрады және мемлекет қаржылай көмегін көрсетуде. Қазақстанда этностық қоғамдық ұйымдардың саны жылдан –жылға өсіп келеді.Кезінде Бүкіл Ұлттар Ұйымының бас секратары Кофи Аннан: «Қазақстандағы ұлттар арасындағы бірлік пен тұрақтылық , жетістіктері басқа мемлекеттерге үлгі» деген және Қазақстанға іс-сапармен 2001 жылы келген Рим папасы I Иоанн Павел де өзінің халықтар арасындағы достыққа жоғарғы пікірін білдірген. Мемлекеттің қолдауымен 11 тілде газет, жұрналдар шығарылып, 44 телестудия 12 тілде ( радио-18) 7 тілде ақпарат беріп, әр ұлт өкілдері өз тілдерінде сөйлейді.Заманауий дамыған кезеңде әр ұлттардың өз тілінде интернетте сайдттары бар.Ұлттық театрлар ( орыс,ұйғыр,корей ,өзбек т.б.) жұмыс істейді.Қазақстанда өмір сүріп отырған өзге ұлт өкілдерінің дамуына барлық жағдай жасалған. Осы ұлттар достастығы жайында тарихи деректерді жастарға жеткізе білу тарихшы ұстаздарға артылған үлкен міндет. Биылғы жылы Қазақстан халықтарының алдында атқарылатын үлкен міндет тұр.Ол- Қазақ хандығына- 550 жыл, Ұлы Отан соғысының Жеңіс тойын тойлауына -70 жыл және Қазақстан халқы Ассамблиясына -20 жыл.Осы атқарылатын іс-шаралардың тақырыбы әр түрлі болғанымен де тамыры бір. Мысалы: қазақ хандары да өз көршілерімен,басқа ұлт өкілдерімен достық қарым- қатынас орнатып, мемлекетті, халықты бейбітшілік аясында ұстауға бар күштерін аямаған.Достық қарым-қатынас орнату үшін өз ұлдарын аманат ретінде өзге мемлекетке берген кездері де болды. Қарапайым халықтар арасында

loading...

достықты (тамыр) депте атаған. Кеңес үкіметі кезіндегі саяси қуғын-сүргін,халықтарды депортациялау етек алған кезеңде қазақ елі басқа ұлт өкілдеріне керегесін керіп, уығын тігіп,шаңырағын тіктеп берді. Елбасымыз туралы бейне фильмдегі балалық кезіндегі көріністе, бәйгіден ұтып алған кілемді кавказ ұлтының отбасының төріне төсеп бергені әр жасөспірімге тәрбиелік маңызы бар көрініс.Халықтар достастығы туралы тарихи деректерді келтіргенде оқушылар осы оқиғаны айтып, өз білімдерін толықтырып отырады. Бұл болашақ Қазақстан халықтарының достығының беріктігі мызғымасы анық .Ұлы Отан соғысы жылдарын да да жеңіске халықтар достастығы үлкен рөл атқарған.Қазақ халқының ақыны Ж.Жабаевтің « Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі қоршаудағы қала халқына үлкен жігер беріп, өмір сүруге талпындырған. Соғыс жылдарында бір үзім нанды бөліп жеген өзге ұлт өкілдерінің алдыға қойған мақсаттары тек жеңісті жақындату еді.Тарихи деректерді тізе берсек өте көп.Қазіргі тәуелсіз Қазақстан ұлттарының тілегі мен арманы да бір. Елбасымыздың Қазақстан еліне, халқының өркендеуіне,Отанымыздың гүлденуіне арнаған «Қазақстан-2030» , «Қазақстан-2050» , « Нұрлы жол-болашаққа- бастар жол» түрлі бағыттағы реформаларын халқы қолдап, түрлі салада еңбек етуде. Біздің Қордай ауданымызда да, түрлі ұлт өкілдері тату –тәтті өмір сүріп, қоян-қолтық еңбек етуде. Ауылымыздың өзінде түрік,әзербайжан, неміс,өзбек,орыс,поляк,қырғыз,татар,чешен т.б ұлттар өмір сүруде. « сен қандай ұлтсың?» деп, бөліп жармай достық қарым-қатынаста өмір сүріп, жылдар өз арнасымен жылжып өтіп жатыр.КСРО ыдырап, өзге ұлт өкілдері Қазақстаннан көшіп туған мекендеріне оралғандары да болды. Сол азаматтар қазір ауылдастарымен интернет арқылы хабарласып, қонаққа келіп тұрады.Бұл бабалардың салып берген сара жолдарымен келе жатқан достық қарым –қатынастың жалғасы. Қазіргі әрбір жас жеткіншектердің бойына да осындай патриоттық,толеранттылық қасиеттерді дарыту сіз бен біздің борышымыз.

Тарих пәнінің мұғалімі: Б.К.Есимова

Қордай ауданы. Бетқайнар ауылы

№ 27 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016