Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Кеңестік бұғаудың құрбандарын еске алу

Кеңестік бұғаудың құрбандарын еске алу

«Репрессия», «қуғын- сүргін» ел азаматтарына себепсіз , нақақтан жала жауып, жаппай жазалау бағытындағы саяси науқан.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға 1930-50 ж. Кеңестік бұғаудың құрбандары болған жазықсыз жазаланған отандастарымыз жайлы еске түсіру кешін өткізу барысында «репрессия» ұғымына түсінік бере отырып, саяси қуғын көрген ауылдасымыз Жұмат Бигазиевтің отбасымен пікір алмасу арқылы тарихтың ашылмаған ауыр кезеңдерін , тағдыр тәлкегіне түскен адам тағдырын түсінуге, отанынның тарихын зерделей білуге тәрбиелеу

EBK

Сабақтың түрі: конференция

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап ( «БАҚ қызметкерлері» оқушылар)

Сабақтың көрнекілігі: тарихи суреттерден стенд, буклеттер

Конференцияны оқушылар жүргізеді

1- жүргізуші: Үш ғасырға жуық бөгде мемлекетке бодан, жетпіс жыл бойы кеңестік бұғаудың құрсауында болған қазақ елі қазір өз тарихын таразылап, ой елегінен өткізуде талай істер атқарып жатыр. Қазақ елі ұлт тәуелсіздігі жолындағы күресін іс жүзінде бір күн де тоқтатқан жоқ. Әр кезеңге сай күрестер де әр түрлі формада жүргізілді.

2- жүргізуші: Қазақ халқы патша отаршылдары мен большевиктік- шовинистік үстемдікке қарсы тарихи деректерге сүйенсек ( 372 рет) төрт жүзге таман көтеріліс жасады.Осы жолда халық ауыр шығынға ұшырап отырды, күрес үстінде қаза болып, «сталиндік репрессияға» ұшырап, концлагерлерге айдалды, аштан қырылды, шетелдерге тентіреп кетті, зиялы қауымын жоғалтты, тілі мен мәдениетін жоғалтуға таяды.

1-жүргізуші: Қазіргі қоғам биігінен қарасақ , әрбір қазақ отбасын қыстың суық ызғары,оттың ыстық жалыны шалмаған шаңырақ қалмағандай халық қасіретін жыл өткен сайын бұрынғыдан да айқын сезінеміз

2- жүргізуші:«Өлі разы болмай ,тірі байымайды» қағидасын басшылыққа алған Елбасымыздың жарлығы 1997 ж. 31 мамырынан бастап саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде тұрақты аталып келеді.

1- жүргізуші: Осыған орай ауылымыздың тұрғыны Бигазиев Жұмат атамыздың отбасын мектебіміздің құрметті қонағы ретінде шақырып отырмыз, бүгінгі кеш иелері Жұмат Бигазиевтің ұрпақтары әкелері жайлы тарихи естеліктерін оқушылармен бөліседі, өткізіліп отырған конференциямыздың белсенді БАҚ қызметкерлері де (оқушылардан фоторепартер, журналистер, телведение операторы) өз істерін жүргізіп,болашақ ұрпақтарға ой тастайтындай , ұмытпайтындай қошемет көрсетіп, барлық жазықсыз жазаға ұшыраған « репрессия» құрбандарын бір минут үнсіз еске алайық. (бір минут үнсіздік)

2- жүргізуші:Тек қана Кеңес заманында 5 млн. қазақ жаппай жазалау мен аштықтың құрбаны болып, 2 млн адам шетел паналауға мәжбүр болды.

1-жүргізуші:1927-1953 жылдар аралығында Қазақстанда 105 мың адам қуғын сүргінге ұшырап, 27 мың адам атылып, 1, 5 млн қандастарымыз шетел асып кетті

2-жүргізуші: 30-50ж. ОГПУ немесе НКВД – нің « үштіктері», «ерекше » мәжілістері мен комиссияларының шешімімен жазықсыз жандар жапа шекті.

1- ші жүргізуші: Конференцяны бұқаралық ақпарат құралдарының мамандары жүргізеді

Республикалық газет «Егемен Қазақстан тілшісі»: сталиндік репрессияға ұшыраған жерлесіміз Жұмат Бигазиевтің өмірі туралы деректер айтсаңыз , Айсара Жұматқызы (репрессияға ұшыраған ауылдасымыздың қызы)

Айсара Жұматқызы бала кезіндегі әкесі туралы естеліктен сыр бөліседі

Облыстық «Ақ жол»тілшісі: Әсия Жұматқызы, қандай қиындықты басынан өткерсе де мойымай, көрген тағдырын жыр бетіне түсірген дейді рас па?

Әсия Жұматқызы әкесінің өлең кітапшасымен таныстырып, әкесі туралы естеліктері мен суреттерінен тарихқа толы әңгіме айтады.

loading...

Оқушылыр Жұмат Бигазиевтің өлеңін оқиды

Аудандық «Қордай шамшырағы»: Әсия Жұматқызы, ауданымыздағы мемлекеттік мекемелерде осындай іс- шаралар өз деңгейінде өтіп, «қуғын сүргін» құрбандарын еске алып тұра ма? Әлде осы іс- шара алғаш рет өткізіліп тұр ма?

Сұрақтарға жауап беріледі (сұхпат)

Республикалық «Хабар» теле арнасының тілшісі: Сіздердің айтқан тарихи деректеріңізді барлық Қазақстан халқы көріп естіп отыр. Сіздер айтқан тарихи деректер ешқашан ұмытылмайды. Сіздерді суретке түсіріп алайын, кейінгі ұрпаққа естелік болсын.

Қазіргі жастарға «репрессия» құрбанының ұрпағы ретінде не айтар едіңіз?(оқушы келген конференция қонақтарын суретке түсіреді)

Оқушылардың сұрақтары:

1-оқушы: Сол кездегі саяси репрессия құрбандарының бірі Сіздің әкеңіз екен. Ол кісінің өмір сүрген кездеріндегі жақсы қасиеттерін айтсаңыз (кейіпкердің ұрпақтарынан сұхпат алу кезеңдері)

2- оқушы: Біз тарих сабағын оқығанда мәтіндегі оқиғаларды жақсы жағы және жаман жағы деп бөлеміз. Біз үшін бұл репрессия тарихтың жаман жағы .Осындай қиындықты басынан өткерген әкеңіз қанша қиындық көрседе, балаларына өнегелі тәрбие бергенін білеміз.Әсия Жұматқызы, Сіздің әкеңіз репрессия кезеңдерінде өзін қоғамда қалай ұстады?

2-жүргізуші: Тарих пәнінің мұғаліміне сөз: Әрине сталиндік социализмдік саясатта қазақ елінің ғана емес басқа ұлттардың да репрессияға ұшырап, қоғамда қалыптасқан «қара» дақтың бірі болып тарих бетінде өшпес із қалдырған қасіретті жылдар еді.Менің әкемнің әкесі Әбілмейіз атамыз да саяси қуғын ретінде Ұлы Отан соғысы басталар жылы тұтқындалап, Шу станциясында түрмеге қамалған. Соғыс басталған соң «сенімсіз» адам ретінде еңбек армиясына алынған . Қанды майдан шебінде, еңбек армиясында жеті жыл жүрген. Қолдарына қару беріп Отанын қорғауға алмаған. Себебі, Кеңес үкіметі сенбеген , би- болыстың ұрпағы ретінде соғыс алдында жазаға тартылған. Қордай жеріндегі Кебекбай шешен бидің туған жиені, Түменбай бидің ұлы Есімнің баласы болғандықтан жазаға тартылған. Бала кезімде, 9 мамыр Жеңіс күні өткізілетін мейрамдарда атамның мазасын алушы едім: «Ата сізді неге шақырып, сыйлық бермейді» деп. Сонда атамыз жерге қарап:

« Жеңіс күні тойлансын, соғыс болмасын (мені маңдайымнан иіскеп) Мен соғысқан жоқпын, атылған оқтың, жарылған снарядтың астында бүлінген жолдарды, қалаларды жөндедік» деп жауап беретін.

Ауыл ақсақалдары, көзкөрген қарияларға сөз:

Қ.Өнгелдиев, О.Ақмолдаев ,ауылдың имамы Нұрлан

1- жүргізуші: Иә, уақыт бағалау өлшеміне көзқарасты өзгертеді, жараны жазып, кешірім жасайды. Бір -ақ сталиндік террор мен саяси қуғын- сүргіннің ұмытылмайтындығы даусыз.

2-ші жүргізуші:Қазақстан тәуелсіздігін жариялар алдында 1990 ж. КСРО президентінің « 20-50 жылдардағы барлық саяси қудалау құрбандарының құқықтарын қалпына келтіру туралы» Жарлығы және 1993ж.14 сәуірдегі «Жаппай саяси жазаланғандарды ақтау жөніндегі» Қ.Р. Заңы шықаннан кейін толық ақталды. Жазықсыз жапа шеккендердің тізімі баспасөзде жарияланды.

1- жүргізуші: Әрине, тарихымыздың әлі де ақтаңдақ беттерінің ашылмай қалған , зерттелмей жатқан деректер қаншама дерсің. Бүгінгі ұрпақтың бірі білсе, бірі білмейді.Тарих тылсымындағы тағдырларды еске алып, келешек ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.

Жұмат Бигазиев атамыздың көзі тірі кезіндегі журналистерге берген сұхпаттарынан үзінді (видеофильм)

Қортынды: Құрметті қонақтар! Жұмат Бигазиев атамыздың ұрпақтары! Өздеріңіздің тарихи деректеріңіздермен ой бөлісіп, біздің санамызға

«репрессия», «саяси қуғын- сүргін» кезінде адам тағдырының талқыға түскені жайлы, Әкелеріңіз туралы деректер қалдырдыңыздар. Біз- Оларды ұмытпаймыз!

Сіздерге рахмет!

Оқушылар қонақтарға гүл шоқтарын тапсырады.

(Авторлық сабақ)


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016