Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Қазақ хандығына және мемлекет болып қалыптасқанына 550 жыл.

EBK

Қазақ  хандығына және мемлекет болып қалыптасқанына 550 жыл.

 XX  ғ. аяғында  1991 ж. Қазақ  мемлекеттігін (хандығын) қалпына келтірген Ұлы тұлға  Н.Ә.Назарбаевқа арнаймын. (ойтолғау) 

loading...

Тақырыпты бұлай атауға және тарихтан ойып орын алған ұлтыма деген мақтаныш себеп.Дүниежүзі ұлттарының санына келетін болсақ үш мыңдай ұлт бар екен. Үш мыңдай ұлттың екі жүздейінің ғана мемлекеттігі бар.Біздің қазақ халқының өз тәуелсіздігі мен мемлекеттігі үшін қанша ғасыр қан төгіп, жан бергенін біз тарихи деректерден  білеміз. Тәуелсіз мемлекетіміздің ханы  Н.Ә.Назарбаевтің өзі, ұлтының тарихын терең зерттеу үшін тарихшы ғалымдарға үлкен міндет артып отыр.Болашақты болжай білген,көреген саясаткер ұлы тұлға Н.Ә.Назарбаевтың  ежелден  қазақ жерінде мекендеген тайпалар туралы деректерді зерттеп жазап кеткен қытай ,парсы,грек тарихшылары т.б. шет елдерде  біздің ашылмай жатқан тарихи деректер барына сенімді және болашақ ұрпаққа  толық тарихымызды оқыту.Себебі кешегі қызыл империяның кезінде қазақ тарихы  оқылмады.Бұл тарихымыз зерттелген жоқ деген ұғымды бермейді. Тарихымызды зерттеген ,ұлтмыздың мақтанышы болған С.Асфендияров , Е.Бекмаханов т.с.с. көзі ашық,көкірегі сайрап тұрған тарихшыларымыздың еңбегін жоққа шығарып,өздерін қудалауға ұшыратқан қызыл империя билігі өз тарихымызды оқытпады. Бала кезімізде қазақ мемлекеті, қазақ хандығы туралы тарихи деректерді мектеп оқулығынан емес , қазақтың қайталанбас Ұлы жазушылары  І.Есенберлиннің және Әбіш Кекілбаевтің тарихи кітаптарынан Елең-алаң,Көшпенділер, Алмас қылыш , Қаһар т.б. оқып білдік.І.Есенберлинді «Ұлы »деп атағаным өте қиын кезеңдерде өшпес тарихи деректермен жұмыс жасап, сол кездегі қазақ ұлтының бар болғанын,мемлекет болғанын  жүрегімен жазған.Сол кездегі мектеп программасы Қазақстан тарихын 1916 жылғы Ұлт –азаттық көтерілістен бастау алып, 1945 жылғы  Отан соғысымен аяақталушы еді.Демек,оған дейінгі біздің яғни ұлтымыздың тарихы жоқ дегенді білдірген.Жалпы сол кездегі мектеп оқушылары Жалпы тарихты және дүниежүзі  тарихын  көбірек оқыдық. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті өткен тарихын зерделеп,түгендеп , тарихымыз  мектепте оқылып та жатыр.Әрине кейбір тарихи деректерді, хронологиялық даталарды әр деректе әр түрлі айтылып та ,жазылып та жатады. Мыс: Екінші дүниежүзілік соғыста адам шығыны 25 млн. десе,кейбір деректе 27 млн.  және сол соғыста қазақ жауынгерлерінің  ерліктері де толық айтылмай  немесе тек сол соғыста орыс ұлты ғана соғысқандай   т.б. Сол соғыста қаншама «еңбекпен түзеу» жазасымен барған азаматтар да аянбай еңбегімен  жеңісті жақындатқан.Олар туралы тіптен айтылмайды. Биыл  Жеңістің 70 жылдығы мен қазақ хандығының 550 жылдығы қатар  тойланатын болған соң аздап болса да деректер келтіріліп отыр. Қазақтың қазақ болып қалыптасуына кедергі келтірген монғол шапқыншылығы деп айтылады да қазақ мемлекетін қалыптастыруда өз үлесін қосқан монғол ұрпақтарынан тараған хандар делінген тарихи деректерде.Қазақ мемлекетін құруда басты рөл атқарған  Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеті . Монғол ұрпағынан тараған қазақ хандары саяси бытраңқылық жағдайда өмір сүрді.Алтын Орда мемлекеті тұсында  Батый ханға (1227-1255 ж.) Орыс кінәздіктері , қазіргі қырғын соғыс болып жатқан  (Украйна)Қырым бойы ,Солтүстік Кавказ тәуелді болып, Алтын Ордаға алым- салық төлеп тұрды.Батый хан туралы парсы деректерінде тарихшы Жувейни  әділ бағасын берген.Оның әділ және даналықпен мемлекетті басқарғанын жазған. Қазақ жерінен шыққан қандасымыз (ол кезде қазақ деген атау болмаған)Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны  Египеттің билеушісі Бейбарыс  (1257-1266 ж.) Алтын Орда ханы Беркемен достық қарым-қатынаста болған. Алтын Орданың әлсіреуі   ішкі талас- тартыстың кесірінен 1357-1380 ж. аралығында жиырмадан астам тақ үшін тартыста бірін-бірі өлтірген. XV ғасырдың ортасында бірнеше мемлекет болып ыдырап кетті. Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір  хандығы, Қазан хандығы, Қырым хандығы, Астрахан хандықтары болып. Бұл дәлелденген  тарихи деректерді неге жазап отырмын? Себебі қазіргі бүкіл дүниежүзіне танымал болған Отанымыз тәуелсіз Қазақстанымызды бірліктің аясында барлық ұлттың басын қосып,(Қазақстанда 130 дай ұлт өкілі өмір сүреді екен)бір шаңырақтың астында болуымыздың өзі,саясаткер Елбасымыздың болашақты болжай алуынан ,білімділігінің, даналығының арқасында. (Әрине бәрі бірдей емесі бәрімізге белгілі.Барлық қолында билігі бар адамдар Елбасымыздың айтқанымен жүрсе, біздің жеріміздің байлығының арқасында ендігі  дамыған отыз елдің  ішінде емес,алдында болар едік .Ол кімдерге арналып айтылып отыр?Ел тынышта өз еліне опасыздық жасап, ашкөзденіп,шетелге мемлекеттің байлығын алып қашып кеткендерге (солардың әрқайсысы өзінің Отанына адал болса , тұнып тұрған байлықты еліне жұмсаса тарихта өшпес із қалдырар еді қарапайым халықтың ойы)Ауызбірлігі жоқ мемлекеттер өз елінің соры. Қазақ хандығының өмір сүрген кезеңдеріндегі билік басындағылардың қаблетті мемлекет басшылары да, қаблетсіздері де болды, бірақ солардың бәрінің мақсаты өз жеріннің тәуелсіздігін сақтап,шекаралық деңгейін өзгертпей ұстау еді.Ежелгі гректің тарихшылары да атап кеткендей «досына адал, дұшпанына қатал» деп әділ бағалаған ата-бабаларымыздың бейбітшілікті жақтауы сол ежелден қалыптасқаны (қанымыздағы ген) тарихи деректерден белгілі.Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған тарихи деректерінде де өз халқының сүйішпеншілігіне бөленіп  және шетелге танымал,  тарихи дара Ұлы тұлғалар да, дұшпанына таба болған , халқының қамын ойламаған   хандар да өмірден өткен. Қазақ халқы қашанда да қазақ екенін ұмытпаған.Кешегі қызыл империяның кезінде де өз ұлтымыздың мақтанышына айналған Ұлы тұлғалар аз емес.Қызыл империяға тәуелді бола отырып, тілімізді, ділімізді, дінімізді сақтап, тарихи деректерді зерттеп, мүмкіндігінше тарихта(  алдыңғы қатарлы мемлекеттігі болған  ұлт ) бар  екендігімізді дәлелдеп отырған.Бұны неге айтып отырмын ? Солтүстік Америкадағы үндіс тайпаларының  өз елінде ,өз жерінде мемлекет болып қалыптасуына кедергі келтірген (XV-XVI  ғ. Ұлы географиялық ашулардан) кейінгі XVII ғ.-XVIII ғ. жаппай отарлау саясаты өз дегеніне жеткенін біз тарихтан білеміз.Басқа ұлттардың жерін тартып алған алдыңғы қатарлы АҚШ- та өз тәуелсіздігін (Англиямен соғысты 1776ж.) (1743-1826 ж. аралығында онбір штат өз тәуелсіздігін жариялаған.) жылда тойлайды. Тарихи деректерден оқи отырып өз халқымның атақты мемлекет билеушілеріне және қазіргі ханымыз, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтай  Ұлы тұлғалардың өмірге өз халқы үшін келуі біздің бағымыз.Тарих өзінің көргенін жазады,өз әділ бағасын береді.Біздің   ұлтымыздың тарихта мемлекет болып қалыптасуы Ұлы тарихи тұлғаларға байланысты. Бізің Ұлылығымыз мәңгі болсын. Елбасымыз Мәңгілік ел деп бекер атамаған. Қазіргі тарихшы ұстаздардың міндеті осы зерттеулерді жас ұрпақтарға жеткізу.Ұлтымыздың тарихын ұлықтап,Отанына адал дара тұлғаларды тәрбиелеу де  ұстаздардың міндеті.Әрине жас ұрпақтың бәрі тарихшы болсын деген мақсат емес, бірақ ұлтын сүйген әр азамат өз тарихын жетік біле білуі керек. Сондықтан қазақ хандарының шығу тарихын зерттеген көзі ашық қазақ зиялы өкілдерінің бірі  қызыл империя кезінде қудалауға ұшыраған Ұлы тұлға Шәкәрімнің зерттеуін   ұсынып отырмын. Тәуелсіз Қазақстанымның ханы Н.Ә.Назарбаетың  туған жері мен халқына  істеген еңбегін   де жас ұрпақ  шежіре қылып айтады.

shezhire


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016