Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Критрийлік бағалаудың тиімділігі

EBK

 Сабақтағы жетістіктерді бағалау үшін сабақтың міндетін  анықтап алып, критерийлерді қоя білу керек.  Критерийлермен бағалау түрі әртүрлі : ишаралар арқылы,бағдаршам  арқылы,смайлктермен және сабақтың міндетіне сәйкес нәтижелер қою арқылы.

Өте қызықты сабақты Бағалау арқылы  білуге болмайды және өте қызықты сабақ сәтті сабақ болып саналмайды.Сәтті сабақтарға тән ерекшеліктер оқушылардың іс- әрекеттері мақсатпен сәйкестілігі. Іс- әрекет үйренудің мақсатына сәйкес келіп, нәтижеге жетумен аяақталуы тиіс.Оқушыларды қызықтыратын немесе оларға түсінік беретін іс- әрекетті қамтитын критерийлердің кең спектрі болып табылады.Мұғалімдер әр сабақтың мақсатын анықтап, және әрбір тапсырманы оқушының жас ерекшелігіне сәйкес критерийлерді  қою арқылы сәтті сабақ өткізуге болады. Мұғалімнің шеберлігіне және оқушылармен тығыз байланыстың  нәтижесінде сабақта қолданған  криттерийлердің ауқымы анықталады.Үздік сабақтар әркез ақпараттар береді,өйткені сабақтың  міндеті мен критерийлері нақты болса.

Жанұяда кез келген жағдайда өзара бағалау жақсы тәсіл болып табылады (Гиббс).Оқушылар  критерийлер жазылған форманы толтырады және өз атын көрсетеді. Мұндай жағдайда , осындай стратегияны қолдану нәтижесінде орташа баға 45% -дан  75% -ға дейін артады екен.Аталған әдіс «жасырын хабарламаны да » білдіреді(оқушы өз деңгейіне сәйкес өз уәжін айту). Ол оқушыларға қатенің болдырмауын, және оларды түзетуге болатын жолды көрсетеді. Оқушы жұмысын бағалаудағы  жұмыстың түрі: топтық, өзара бағалауы, жұптық  және  жеке жұмыстарын бағалау кезіндегі критерийлік үлгілер қалыптасуы қажет.

Мыс:      —   топтық бағалауларда сараптама тобына жүктеу әділ бағасын береді

  • Өзара бағалауда жанұядағы мүшелерді көшбасшы бағалап шығарады критерийлік үлгілер бойынша
  • Жеке жұмыста оқушы өзінің жұмысында ( не дұрыс емес? ,бұл неліктен дұрыс емес?, Бұны қалай түзетуге болады?) өзін өзі бағалайды.

Сабақ барысында оқушылар өздерінің оқулары жайында көп зерделеп,бағалау тәсілдерін үйреніп,  тапсырманы  меңгеру кезінде кедергілерге кездеспейді. Кретерийлер арқылы өзін- өзі бағалау оқушының тақырыпты түсінуіне және  өзіне деген сенімділігті дамытады  және арттырады. Мыс: мына үлгіде көрсетілгендей (өзін — өзі оқыту үшін .формативті -оқыту үшін )

tebk

loading...

Оқушылар өздерінің әлсіз жақтарын ашық жазады.  Оқушылар өздері оқушы ретінде ойланып,осылайша оқу керектігін үйренеді. Оқушыларды жалған бағалау деген дәстүрлі сабақ кезінде қалыптасқан үлгі. Мыс: оқушыларға тапсырма беріледі де орындалуы қадағаланбайды.Ол тақырып күрделі ме немесе жеңіл ме ол жағы да нақтылынбайды және мәтіндер жас ерекшелігіне сәйкес пе анықталмайды. Мыс: дәстүлі сабақ беретін мұғалімдерде жиі кездеседі де оқушының есімдерін де білмейтін жай мұғалімдер де бар.Жалған бағалау оқушының қаблетін  және мүмкіншілігін де анықтай алмайды. Қазіргі жаңа оқыту (жеті модуль) технологияларын кіріктіре отырып өткізген сабақтар барысында да  бағалау критерийлерін қолдану кезінде де оқушылар өздерін асыра бағалауы мүмкін. Мұғалім ол кезде шеберлікпен ондай ситуациядан шыға білуі керек. Мыс: неге  жоғары бағаладың? Немесе  сендер мына тақырыпты ашпадыңдар ғой ? артығырақ бағаладыңдар ма? т.с.с. Оқушының көзқарасымен,ойымен санасу әрбір мұғалімнің міндеті болып саналады. Мұғалім өзінің сабақтарында Блум таксономиясын кіріктіп, критерийлік бағалаудың шеберлік деңгейіне жетуге болады. Оқущылардың білімді өздерінің игеруі барысында формативті бағалаудың нәтижелері оң өзгеріс берері анық.Сондықтан әр сабақтың   міндетіне жету барысында критерийлерді формативті бағалау үлгісіне сәйкес құра білу шеберлікті қажет етеді және ол мұғалім жаңа технологияны толық меңгеруі тиіс. Формативті бағалау оқыту үшін сұрақтарды қоя білуі  және оқушының жас ерекшелігі мен таланттылығына сәйкес болуы керек. Ол сұрақтарды екіге бөледі. Жоғарғы деңгейдегі және төменгі деңгейдегі деп. Барлық сыныптағы оқушылар сабаққа қамтылуы осы сұрақтарға  және  мәтін бойынша құрылатын критерийлермен  тығыз байланысты.Мұғалім мен оқушы  сабақ барысында уақытты ұтымды пайдалану тақырыпты жеңіл меңгеру және сабақ барысында «алтын ереженің» орындалуы да , критерийлік бағалауға да байланысты.

Критерийлік бағалау ,оқушының өздігінен білім алуына  жағдай жасайды, жеті модуль қамтылады, сабақтың сапасы артады, ұстаздың сапалық  шеберлігі  және шығармашылығы  дамиды.Мұғалім оқушылардың еңбегін жоғары обьективті бағалай алуы үшін тапсырмалар әртүрлі болуы керек.Бағалаудың криттерийалды бағдарламасын мұғалім немесе сабақ үстінде сараптама тобына жүктесе,оқушы басқа жанұяның жұмысын бақылай отырып,критерийлік бағалау үлгісін дайындауға сенімділік артса да болады.

Бұндай зерттеу нәтижесінде,оқушы жеке тұлға ретінде өз ойын (уәжін) ашық айтып, өмір сүруге ,қиындық пен жеңілдікті теңестіре отырып,қоғамда өз орнын таба білетін еңбекқор адал азамат болары сөсіз.

Тарих пәнінің мұғалімі: Б.К.Есимова  ( үшінші деңгей )


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • өте тамаша өзіме керегін алдым рахмет сізге

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016