Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ұлттар достастығы

Түсініктеме

Қазақстан- көпұлтты мемлекет,келісім мен бірліктің аясында 130 –дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында өмір сүруде. Қазақстан олардың да Отаны болып саналады.Сондықтан Қазақстан ұлттық мемлекеттің түрі болғанымен, барлық ұлттар үшін құрылып, қызмет атқаратын саяси ұйым. Өзге ұлт өкілдері Қазақстан жеріне XIX ғасырдың және XX ғасырлардың арасын қамтитын кезеңде қоныс аударғанын тарихи деректерден білеміз. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты еліміздегі өзге этностық ұлттар өз атажұрттарына жақсы өмір іздеп, немістер-Германияға, гректер-Грецияға, орыстар-Ресейге, украйндар-Украйнаға т.б. ұлттар көше бастады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің көрегендік саясатымен халықтар арасындағы бейбітшілікті сақтап,бір шаңырақтың астында бірлікпен өмір сүрудің ірге тасын алғаш рет 1992 жылы Алматыда болған Қазақстан халықтар форумында : « халықтар арасындағы достық ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді.Қазақстанда өмір сүріп жатқан әр ұлттың өз тілі,ділі, мәдениеті бар.Сондықтан форумды өткізуіміздің өзі соған дәлел. Жаңа институт- келісім мен бірліктегі Қазақстан Халықтар Ассамблеясын құруымыз керек » деген. Қазақстан Республикасының Президентінің бұйрығымен 1995 жылы 2 наурыз күні Қазақстан Халықтар Ассамблеясы құрылды. Қ.Р. Констиутуциясында Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің ар-ұждан бостандығы мен діни сенімдерін қорғауға кепілдік береді. Қазіргі жаһандану және халықаралық байланыстың ғаламдық геосаяси тенденциялар шиеленісіп жатқанда Елбасымыздың ұстанған саясаты ғасырлыр бойы жалғасын тауып келе жатқан достық пен бірліктің мызғымас ,берік шаңырағын құрып берді.Қазіргі таңдағы Қазақстанның саясаты ұлтаралық, конфессияаралық, толеранттылық бейбітшілік пен келісімді орнатуға, қазіргі заманғы қазақстандық көпұлысты, көпмәдениетті қоғамдағы рухани адамгершлік құндылықтардың жаңаша жүйесін құруға бағытталған. Ассамблеяның міндеті: біріншіден Қазақстандағы өзге этнос өкілдері бірлік пен таулық аясында өмір сүруі үшін құрылған. Екіншіден: ұлтаралық түсіністік қамтылған. Үшіншіден: Қазақстандағы этностық диаспоралардың тілі, ділі, мәдениетін дамыту .Қазіргі білім беру саласында оқушыларды Қазақстандағы және әлемдегі ұлтаралық конфессияаралық келісімдерді нығайтуға, азаматтық міндеттерді орындауға тәрбиелеу.Оқушыларға Қазақстан халықтар Ассамблеясының мақсатын, мүддесін жаңа оқыту технологияларын кріктіре отырып оқыту.Сабақта мәдени пікір алмасу (пікір-сайыс), зерттеу сабағы, конференциялық сабақ, театрланған сабақ және саяхат сабақ ретінде оқушыларға өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныстану кезеңдерімен таныстыру әрбір ұстаздың міндеті. Қазақстан Републикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» және «Жаңа әлемде, жаңа

EBK

Қазақстан» жолдауында да, Ассамблея алдына : « Қазақстандағы Халықтар Ассамблеясының Қазақстан халқының қоғамда тұрақты дамуы, бірлік пен ынтымақтың аясында деді. Қазақ халқы қашанда «бірлік бар жерде тірлік бар» деген даналық нақыл сөздерді естен шығарған емес. Оқушыларға арналған саяхат сабағында қазақ хандарының көршілес мемлекеттермен достық қарым-қатынас жасуы және 8-сыныпқа арналған Қазақстан тарихында XIX ғасырлардың бас кезінде орыс ұлтының, 1876-77ж. бірінші кезеңі ,екінші 1884 ж. дүнген, ұйғыр ұлттарының қоныс аударуы, Ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы , Тың игеру кезіндегі ұлттардың достық қарым-қатынасын оқып, меңгереді. Сабақтың құрылымында жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмалар беріліп, 8-9-10-11 сыныптың Қазақстан тарихынан тақырыптарына сәйкес саяхат сабағында, әр этнос ұлттарының Қазақстан жеріне қоныстану тарихи кезеңдеріне, білімділік саяхатын жасайды.

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттар достастығы — Мәңгілік елмен,туған жермен бірге- Болашаққа бастар жол

Сабақтың мақсаты: Ғасырлар тоғысында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстан мемлекеті достық пен келісім аясында, халықтар арасындағы толеранттылықты сақтай отырып, ортақ Отанымыздың шаңырағын шайқалтпай, уығын тігіп, әлеуметтік-экономикасының дамуына үлес қосқан Қазақстандағы өзге этнос өкілдерінің тарихын , ұлттар достастығын оқу үшін оқытудағы жаңа технологияларды кіріктіре отырып оқыту

Оқыту нәтижесі: топтық жұмыс үлгілерін енгізу арқылы сыни ойлата білу, диалогтік қарым-қатынас арқылы жұмыс жасауға бағыттау

Негізгі идеялар: жас ерекшелігіне сәйкес мәтіндермен жұмыс жасату

Тапсырмалар: тақырыпқа сәйкес суреттер(түрлі ұлт өкілдерінің бейнесі және әр тарихи кезеңдегі бейнелер қамтылады), таратпа ресурстар

Сабақтың түрі: саяхат сабағы,оқыта үйрету ойыны

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, сурет

Тапсырманы орындау барысындағы әдіс-тәсілдер: топқа бөлу, Жигсо, 6-ойлау қалпағы , рөлдік ойындар (газет тілшілері ,теле бағдарлама жүргізуші т.б.)

Қажетті құралдар: А-3, маркер,стикерлер, 8-9-10-11 сыныптың тарих оқулығы және қосымша деректер, ұяалы телефон, фотоапарат (оқушылардан фоторепартер, теле жүргізуші,газет тілшілері болуы керек)

Сабақта оқушылар биылғы қамтылатын мемлекеттік үлкен іс- шаралардан да мағлұмат алады. Мыс: Қазақ хандығына 550- жыл, Ұлы Жеңістің -70жылдығы, Қ.Р.Конституциясына-20 жыл және Қ.Р.Халықтар Ассамблеясына-20 жыл. Сабақ өтетін сынып безендіріліп,(Төле бидің , Қазбек бидің т.б нақыл сөздерді, достық, бірлік ,ынтымақ-ырыс туралы) шақырылған қонақтар төрден орын алады және барлық (8,9,10,11) сынып оқушылары толық қатысып отырады (әр сыныптан бір-бір топ сабақты меңгереді,басқа оқушылар саяхат сабағында әр жанұя тобының сабағына саяхат жасағандай әсерде болады.Көрермен оқушылардан сайланады:фоторепартер,газет тілшілері,теле жүргізушілер) саяхат сабағында слайд шоудың қажеті жоқ.(ой қозғау үшін пайдаланса да болады) Сабақтың барлық барысын оқушылар өздігінен алып жүреді,меңгереді.Сабақ барысы Блум таксономиясы бойынша құрылған.

loading...

Сабақтың барысы:

1. Оқушылар топқа бөлінеді

А) Сыныптар бойынша (8,9,10,11) әр сынып тақырыптарға сәйкес төс белгілері (эмблемма және достыққа,бірлікке байланысты ұрандары) болуы шарт

Ә) Әр жанұя тобы бір-біріне тілек айтады (сергіту сәті)

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Білу сұрақтары: (еске түсіру,анықтау,мақұлдау,қайталау,әңгімелеу,табу, т.б кім?,не?,кімнің? ,кімді?,кімнен?,қай?,қашан?,Қандай?) (ой қозғау сұрақтары: Халықтар достастығы дегенімізді қалай түсінесіңдер?) Әр топ өз ойларын айтады

Достық, бірлік туралы мақал-мәтелдерді білеміз бе? (оқушылар білген мақал –мәтелдерін ортаға салады)

Құрметті оқушылар бүгінгі саяхат сабағымыздың тақырыбына назар аударсақ және мағанасына мән беріп жауап іздеп көрсек қалай болады?

(оқушылардың жауабы тыңдалады)

Мұғалім: Ендеше сиқырлы қоржыннан тапсырмаларымызды алайық және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің балалық шағынан бейне көріністен үзінді көрейік (бейне көрністен үзінді көрсетіледі .Елбасымыздың балалық кезіндегі бәйгеден ұтып келген кілемді, соғыс жылдарында қоныс аударған (түрік ұлты) көршілерінің төріне төсеп беретін жерлерінен көріністер) (ой қозғау оқушыларға)

(Қазақтың ұлттық ою-өрнекпен өрнектелтелген қобдишадан тақырыптар бойынша ресурстарды таратып береді және тақырыптарға сәйкес түрлі суреттердің қиындыларын үстелдің үстіне қойып, оқушыларға нұсқау беріледі: «қажетті суреттерді тақырыптарыңа сәйкес алып пайдалануларыңа болады » деп)

(саяхат сабағы болғандықтан тапсырма алдын-ала беріледі.Оқушылар өз жас ерекшелігіне сәйкес дайындалады)

Түсіну сұрақтары: (қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, мойындау, айқындау, қайта қарау т.б. неге?,неліктен?,себебі? ,не үшін?)

1-топқа: Қазақ хандығы кезіндегі өзге этнос өкілдерімен және көршілес мемлекеттермен достық қарым-қатынасы (8-сынып оқушыларына)

(Қазақ хандары көршілес мемлекеттермен өз елінің тыныштығы үшін дипломаттық және сауда қатынасын жасағаны туралы деректермен жұмыс жасайды және сол кезде қоныс аударған өзге ұлт өкілдерінен деректер береді. Қазақтың бір туар Ұлы тұлғалары Абайдың, Шоқанның т.б достары өзге ұлт өкілдерінен болғанын дәлелдейді)

2-топқа: КСРО құрамындағы Қазақстан Республикасы өзге этнос өкілдерімен бірге Ұлы Жеңісті жақындатты (Кеңес үкіметі кезіндегі ұлттар достастығының көрінісі соғыс жылдарында Қазақстанды мекендеген этнос өкілдері бір үйдің баласындай Отанын қорғаған батырларды және соғыс кезінде Қазақстанға өзге ұлт өкілдерінің қоныс аудару себептерін анықтайды , дәлелдейді) 9-сынып оқушыларына

3-топқа: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің өзге ұлт өкілдерімен бірге бір шаңырақ астында болашаққа сеніммен қарайды (Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы қиындыққа мойымаған өзге ұлт өкілдерінің еңбектері және 1 наурызда Қ.Р: Президенті Н.Ә.Назарбаевтің бұйрығымен 1995 жылы Қазақстан Халықтарының Ассамблеясынның құрылу тарихынан деректер келтіреді, түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп жатқан ауылымызда да, береке бірлік барын айтады) 10-сынып оқушыларына ( топ ішінен газет тілшілерін сайлап, шақырылған қонақтарға сөз берсе болады (қонақтар өзге ұлт өкілдерінен болуы керек. Мыс: ауылдастарымыз, көршілеріміз т.б. Сұрақтарды алдын-ала дайындап алуы керек?)

4-топқа: XXI ғасыр «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»

( Тәуелсіз Қазақстанның даму бағдарламасымен таныстыру. Қ.Р. Президентінің жолдаулары: «Қазақстан-2050» , «Қазақстан-2030» , «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» ЭКСПО — 2017 туралы мәліметтер береді) 11-сынып оқушыларына

Тақырыпты меңгерген әр жанұя тобы постер жасайды, қорғайды

Қолану- ресурстармен жұмыс( пайдалану, қолдану, айналысу, көрсету, орындау, суреттеу. Бұны қалай пайдаланады?, бұл немен байланысты?, қандай жағдайларда ? Қарапайым тапсырмаларды орындау)

Талдау- (тәжірбиеден өткізу,зерделеу,үміт арту, саралау, ажырату, даулау, қарама — қарсы қою, неге?, қалай?…, себебі не болып табылады?,себебі қандай?, бір-бірімен қалай үйлеседі? айырмашылығы неде?( тақырыпты қорғайды)

Жинақтау-( тұжырымдау, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, оқыту, әзірлеу, жасау қортынды жасауға бағытталған жұмыс : оқушылар келген қонақтардан саулнама алады (фоторепартер, газет тілшілері, тележүргізуші т.б.)

Бағалау- ( жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау : бұл қисынды ма және не себептен?,… сен қалай ойлайсың?…, сен не істер едің?… 6-ойлау қалпағының түсіне сәйкес тақырып бойынша әр жанұя тобы сыни ойларын ортаға салады.

Эдуар де Боно әдісі:

1- ақ қалпақтың түсіне сәйкес белгілі бір оқиғаның жағымды жағын айтады

2- сары түске сәйкес өмірдің айқындылығы мен өмірге деген сенімділікті айқындап дәлелдейді

3- қара түс тарихтың қара жағын айқындаса болады

4- қызыл түс тақырыпқа байланысты сезімді өлеңмен, қызу қандылықпен жеткізе білу

5- жасыл түс креативтілікке,мүмкіндікке және жаңа идеяларға бағыттаса болады

6- көк түс барлық қалпақтардың жұмысын бақылап,өз ойымен қортынды жасайды.

(ұлттық ойындар арқылы оқушыларды марапаттаса болады. Мыс: асықтардың түсіне қарай Жасыл түс-жақсы,Сары түс-орташа, Қызыл түс-өте жақсы.Бағалау кезінде сабақтың басынан бастап, мұғалім әрбір жауапқа асық түстеріне қарай әрбір жанұя тобына үлестіріп отырады,

сабақтың соңында қай топ қанша түсті асық жыйналды, соған орай жеңімпаз топты анықтаса болады т.б ойындарды ойлап қолданса болады )

Қортынды: мұғалімнің сөзі.

Әр жанұя тобы стикерге «екі жұлдыз,бір тілек» жазады, күн сәулесі және киіз үйдің шаңырағы бейнеленген плакатқа жапсырады.( немесе түрлі –түсті стикерлерден күн сәулесін жасап,ілсе де болады)

Тарих пәнінің мұғалімі: Б.К.Есимова


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016