Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Аттила(Еділ) – ғұндардың патшасы

Сабақтың тақырыбы: Аттила(Еділ) – ғұндардың патшасы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ғұндардың жауынгерлік мектебінің тарихымен таныстыра отырып, ғұн мемлекетінің қолбасшысы Аттила(Еділ) патшаның өмірі мен ерлігіне қосымша деректер арқылы кеңінен мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін, ойлау, өз ойын еркін жеткізе білу қабілетін арттыра отырып ғұндардың ерлік тарихын ұғындыру.

Тәрбиелігі: Отанын, жерін, елін сүюге, батырлық пен ерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білім мен білік қалыптастыратын аралас сабақ

Пәнаралық байланыстар: әдебиет, география

Тарихи-терминдік сөздер: шанью, хань әулеті, Тәңірқұты

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы

Дүниежүзілік карта

Тарихи-әдеби материалдар

Тірек-сызбалар, үлестірмелі кеспелер, суреттер

moe

Қолданылған материалдар:

Қ.Аманжолов, А.Тасболатов. “Қазақстанның әскери тарихы”. Алматы, 1999

Қазақстан тарихы. Очерктер.

Аммиан Марцелин. История. Киев, 1908

Қазақ Совет энциклопедиясы, 3-том

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

Жаңа сабақ бастар алдында өткен сабақ тақырыбы бойынша ғұндардың тарихы туралы қысқаша шолу ретінде сұрақ-жауап әдісі арқылы бірнеше сұрақтар беріледі.

Мысалы: 1. Ғұн, һун, хунну, гуни сөздерінің мәнін ашу, ғұндардың билік еткен территоиясы?

Оқушылардың өткен сабақ бойынша білімін пысықтап, қорытындылаудан соң әртүрлі тапсырмалар беріледі.

umo1

4-тапсырма

Картамен жұмыс

Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне  дейін жетті, картадан көрсет.

Жаңа сабақ.

Мұғалімнің баяндауы:

Ғұн мемлекетінде  билік жүргізген елбасын “Тәңірқұты” деп атаған. Ол “Аспан мен Жерден жаралған, Күн мен Айға теңестіріп қойылған ұлы хұн – Тәңірқұты” деген арнайы лауазымға ие болған.  Оны “Көк ұлы” деп те атаған. Оның билігі мынадай міндеттер мен функциялардан көрінеді:

  • мемлекеттің барлық аумағы мен басқару міндеті, осы аумақты қорғау функциясы;
  • соғыс және бейбітшілік шартын жариялау міндеті мен әскерге жетекшілік ету функциясы
  • мемлекеттің барлық қарулы күштеріне жұмсалатын шығынды өз қолына жұмылдыру және сыртқы саяси бағытты анықтау функциясы
  • қарамағындағы әрбір адамның өмірі мен өліміне жауаптылық міндеті.

Мемлекетте Тәңірқұтыдан кейінгі лауазымды кісілер – сол және оң жақтағы (батыс, шығыс) “дана басшылар”, чғни олар Тәңірқұтының балалары мен жақын туыстары болды. Басшы өз иелігінің шегінде мыңдықтарды, жүздіктерді, ондықтарды тағайындады, оларға көшпелі тұрғындары баржер берді. Басшыны ауыстыруға немесе жазалауға тек Тәңірқұтының ғана құқы болды.

loading...

Қазақстардың жадында Еділ патша деп сақталған Аттила – ғұндар ұстанған жолға адал болып, олардың саясатын жалғастырды,  жеңістерін баянды етті. Ол өте дарынды қолбасшы болды.

Аттила туралы айтқандар:

Гот тарихшысы  Иордан:

“Бұл адам өмірге келгенде халықты тік тұрғызу үшін, дірілдету үшін жаралған”

Римдіктердің деректерінде:

“Ол орта бойлы, кең кеуделі, үлкен басты,  қысыңқы көзді сирек сақал болған. Сонымен бірге, Аттила достарын сыйлай, тыңдай, еркелете де білген. Аттила қымбат қазынаның иесі бола тұра, қатардағы әскер сияқты киініп, олармен бірдей тамақ ішкен. Ол кәдімгі ағаш ыдыспен тамақтанған”

Аммиан Марцелин:

“Аттила өзінің алғашқы соғысын сәтті бастады. Ол қай жерге аяқ басса, сол жерде үрей туды. Оның айтқанын ешкім екі етпеген…”

Б.з. Y ғасырының ортасында Аттила әскері қуатты Шығыс Рим империясына  жорық жасап, оны тізе бүктірді. 452 жылы мүмкіндігі бола тұрса да Рим қаласын қиратуға бармады. Оның жаулап алған қалалар мен мәдени ескерткіштерді қиратуға жол бермегені жөнінде деректер жеткілікті. Тіпті, Франк, Бургундия билеушілері Аттилаға балаларын тәрбиелеуге, оқуға жіберіп отырған. Еділ патшаның тұсында Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. Бұл империя Еуропаны  Рим үстемдігінен азат етті. Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал жасады. Аттила билігі тұсында ғұндарда  әскери демократиялық құрылыс нығайды. Аммиан Марцелин ғұндарды былайша деректейді: “Әскери өнері жағынан оларды нағыз жауынгер халық деуге тұрарлық. Соғысты алыстан, арнайы жасалған ұшы өткір жебе мен мықты садақ арқылы жүргізген. Қоян-қолтық шайқаста олардай ешкім қылышпен шебер соғыса алмайды. Жауның қашып құтылуына мүмкіндік бермес үшін, олар арқан мен тұзақ алып жүреді, сол арқылы ұстап алады”.

453 жылы Аттила қайтыс болған соң ғұн тайпалық одағы ыдырап, тарап кетті. Аттила үлкен ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген қолбасшы, әккі саясатшы, айлакер дипломат болған.

Аттилаға дүние жүзінің мәдениет қайраткерлері өз шығармаларын арнаған, ал қазақ ғалымдарының ішінен Аттила туралы алғаш рет жазып, ғылыми айналымға енгізген Шоқан Уәлиханов болды.

Ғұндар көсемі Аттила қазіргі венр халқының мақтанышы, Венгрияда  Аттила атында университет бар.

umo2

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: 6 сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы (Атамұра, 2002) оқулығының 72-73 беттеріндегі “Аттила  бейнесі дүние жүзіндегі мәдениет қайраткерлерінің шығармаларымен”  танысу.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016