Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Қазан төңкерісі Қарсаңындағы саяси партиялар.

І. Сабақтың тақырыбы: Қазан төңкерісі Қарсаңындағы саяси партиялар.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Қазан төңкерісі қарсаңындағы Қазақстандағы құрылған «Алаш» пен Үш жүз партиялары, Алашорда үкіметі Алаш зиялылыры туралы және олардың тарихта алатын орны туралы баяндау.

2. Дамытушылық: Дағдысын, танымын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Халықтың тарихын қастерлеуге, ұмытпауға, елін, туған жерін сүюге, ұлы тұлғаларды қастерлей білуге тәрбиелеу.

moe

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі:

1) Интерактив тақта. Қазақстан тарихына арналған электронды

дискеттер

2) Ұлы тарихи тұлғалардың суреттері.

3) Кітап көрмесі.

4) ҚР саяси-әкімшілік картасы.

ІV. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

V. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

І. Ой қозғау сұрақтары.

1. Ақпан революциясынан кейін Қазақстанда қандай саяси жағдай қалыптасты?

2. Қандай саяси ағымдар пайда болды және олар қандай жұмыстар жүргізді?

3. Қай уақыттан бастап Қазақстанда жастар ұйымдары пайда бола бастады.? Олар алдына қандай мақсат қойды?

4. Ақпан ревалюциясынан кейін жастар ұйымдарының мақсатында қандай өзгерістер болды?

Қазақстанда бұқаралық ұйымдардың пайда болуы.

Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, М. Шоқай Ақпан ревалюциясы жеңіске жетісімен, Қазақ зиялылырының өкілдерінен кімдерді жаңа мемлекеттік құрылым қызметіне ұсыну мәселесін шешуді өз қолдарына алды. Олардың ұсынысы бойынша уақытша үкіметті? жергілікті органдарының әр түрлі дәрежедегі басқару жүйесінің шенеуніктері болып А. Бірімжанов,

Ғ. Қуанышев, Б. Құрметов, Б. Молдыбаев, А. Кенесарин т.б болды.

Ресейдің кейбір опазит/ры партияларының ықпалдарымен Қазақстанда саяси ой-пікірді дамутуға, демократиялық идеяларды насихатауға, самодержавиелік тәртіпке қарсы әрекеттер жасауға қатыса бастады. Олар кадеттер мен бальшевиктер партиясының бағдарламасын қолдады. Қазақ зиялылыры осы партияларға мүше болды, солардың бағдарламасын мойындады. А.Байтұрсынов. Ә. Бөкейханов, Б, Қаратаев, Б. Сыртанов,

Ж. Сералин т.б кадеттер партиясынан өтті.

1917 ж. Сырдария мен Жетісуда «Мұсылман еңбектері одақтарын», мамырда Бішкекте «Бұқара» ұйымы, Верныйда «Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағын» жатқызуға болады. Оған қаладағы ұсталар, қолөнерші, жұмысшылар еді.

Қазақстандағы жастар қозғалыстары және жастар ұйымдары.

Қазақ зиялыларының Қалыптастыруда Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазақ университеттері мен басқа да жоғары оқу орындары сондай-ақ Сібірдің жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары да айтарлықтай рөл атқарды. ХІХ ғ 20 ж.1917 ж дейіңгі мерзімде қазан университеттерінде 30-ға жуық қазақ жастары, ал ХІХ ғ.с мен ХХ ғ.б. Петербург унив. 20-ға жуық қазақ студенттері оқыды. Олардың қатарында Б. Қаратаев , Б. Құлманов. Б. Сыртанов. А. Тұрлыбаев, Ж. Досмұхамедов, М, Шоқай, Ш. Ақбаев т.б. болды. қазақ жастары Ресейден тыс шетелдік шығыс оқу орындарында да оқыған. 1917 ж дейіңгі кезеңде Стамбул университеттерінде Ә. Ғайсин, С. Шанов, Д. Көлбаев, М. Тұрғанбаев. Ә. Машаев деген жастар білім алған. 1917 ж. дейін 120 ға жуық қазақ жастары әр түрлі жоғары оқу орындарын, 700-ге жуығы орта оқу орындарын бітірген.

1912-1915 жылдары жарық көрген «Айқап журналы» мен «Қазақстан» «Қазақ» газеттері, 1917 ж. А. Байтұрсыновтың «Оян қазақ» жинақтарының да ықпалы болды.

1912-1915 ж. Омбы жастары «Бірлік», Уфадағы Ғалия мед/і шәкірттері «Ізгілік» атты ұйымдар құрды.

1917 ж. Орынборда «Еркін дала», Семейде «Шанар», Оқытушылар ұйымы, «Талап», Екібастұзда «Ұйым», Баян ауылда «Ерік», Меркеде «Қазақ жастарының ревалюциялық одағы», Көкшетауда «Оқығандар», Ақмолада «Жас қазақ», Ақтөбеде «Жас тілек».

1918 ж. Омбыда «Еңбекші жастар» ұйымы, «Тілек», Қостанайда «Балапан»,

1919 ж. Оралда «Ақниет», «Ақжол» т.б. ұйымдары құрылды.

Алаш партиясының құрылуы. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін құрылған уақытша үкіметін ұлт мәселесін, агрорлық мәселені түбегейлі шешіп ала алмады, құлатылған патша өкіметінің саясатын жүргізу мен болды.

Бүкіл қазақтың І съезі 1917 ж. 21-26 шілдеде Орынбор қаласында болды. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Бөкей ордасынан өкілдер қатысты. Оның күн тәртібінде 14 мәселе қойылды, Маңыздылары: Мемлекет билеудің түрі, Қазақ автономиясы, жер, сот, оқу, земство, әйел теңдігі, т.б. сонымен бірге маңыздысы — қазақ саяси партиясын құру және оның жобасын қабылдау деп жариялады.

«Қазақстан» газеті.

«Қазақ» газеті «Оян қазақ!» ұранын көтеріп, халықтың сана сезімін оятуға, қалың бұқара жасаған материалдың және рухани байлығын игеруге шақырды. 1913 жылдан шыға бастады. Алғашқы редакторы А. Байтұрсынов. М. Дулатов. Ә. Бөкейханов.

Алаш партиясының бағдарламасы мен тактикасы.

Алаш партиясы саяси күреске белсене араласты. Мақсаты: қазақ халқын отаршыл езгіден құтқару, буржуазиялық дем/н үлгідегі мем-не қол жеткізу болды.

Алаш партиясы бағдарлама жобасын жасауға Ә. Бөкейханов, М. Дулатов,

Е. Омаров, Е. Тұрмұхаметов, Р. Жүндібаев, Ғ. Бірімжанов қатысты. Жоба 10 баптан тұрды: мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық; дін ісі, билік һәм сот, ел қорғау, салық; жұмысшылар, ғылым -білім үйрету, жер мәселесі.

Бұл жоба 1917 ж желтоқсанда Орынборда Бүкіл қазақтың ІІ съезде мақұлдады. Алаш партиясының жетекшісі Ә. Бөкейханов. Қазақ революциясын, Кеңес үкіметі қолданады.

Алашорда автономиясының құрылуы. 1917 ж. 13 желтоқсанда Орынборда өткен Бүкілқазақтың ІІ съезіндегі өзінің баяндамасында Х.Ғаббасов уақытша үкімет құлағаннан кейін, Қазақ аумақтық ұлттық автономиясын құру қажеттігін айтты. Оған «Алаш орда» деген ат беруге шешім қабылдады. Алашорданың құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарқан обл. мен Әмудария аймақтары кірді.Осы аталған аймақтардың табиғат байлықтары, жер астындағы және оның үстіндегі барлық қазына Алаш автономиясының меншігі деп жарияланды. Съезд 25 мүшеден тұратын Уақытша халық кеңесін құрды. Оның құрамына Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатұлы, Е. Омаров, М. Шоқай, Х. Ғаббасов, М. Тынышбаев, Х. Досмұхамедов,

loading...

Ш. Досмұхамедов және басқалар кірді. 15 мүшесін сол жолы сайлап, 10 орынды қазақ арасында өмір сүретін орыс және басқа халықтардың өкілдеріне қалдырды.

1918 қазанда Бүкілресейлік Уақытша үкімет «Алашорда үкіметі өзінің өмір сүруін тоқтатты деп санасын» деген қаулы қабылдады. Осыдан кейін АлаштықтарКеңес өнім/н келіссөз жүргізуге әрекет етті. Ш. Алаш орда. А.Б. кең, құрамына кірді. 1919 ж. сәуірде Ә. Бөкейханов. Х. Ғаббасов, Ә. Ермековтер төте сым арқылы Ленинмен және Сталинмен сөйлесті. Осыдан соң «Батыс Алашорда» тобының кеңес өкіметі жағына шығуы қарастырыла бастады.

1919 ж, наурыз айында А.Байтұрсыновтың басқаруымен алаш қайраткері Кеңес өкіметі жағына өтті. Ә. Бөкейханов өз мақсатын іске асыру үшін өздерін халық үкіметінің қолына берді. Оларға кешірім берілді.

1920ж. Алаш арыстарының талап-тілегі ескеріліп Қазақстанға Автономия берілді. Алаш өкілдері үкімет құрамына енді. А.Байтұрсынов оқу-ағарту халық комисары. Ж. Аймауытов оның орынбасарлары болып тағайындалды. Кейін Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе оларға «халық жауы» деген таңба басып жазылады.

Үш жүз партиясының құрылуы. ХХ ғ.б. Қазақстанда құрылып, халықты азаттық үшін күреске шақырған қоғамдық ұйымдардың бірі «Үш жүз» сациялистік партиясы болды. Осы партиясының басшысы — Көлбай Төгісов еді.

«Үш жүз» партиясының бағдарламасы. «Үш жүз» партиясы өз қызметін Кеңес үкіметінің бағыт бағдарын қолдауымен бастады. «Үш жүз» партисы Кеңес үкіметіне және жергілікті жердегі жұмысшылар, солдаттар және шаруалар кеңестеріне толық сенім білдіретіндігін жариялады. К. Төгісовтің келуіне байланысты халықтар достығы, орыс-қазақ достығы қалыптаса бастады. «Үш жүз», Алашпен көп мәселеде тоқайласып тұрды. Мыс: дін, сот ісі, құқық, земство, жер, соғыс, бейбітшілік. Мұсылман дініне үлкен құрметпен қарады.

1.Салыстырыңыз. Венн диаграммасы.

Айырмасы Ұқсастығы Айырмасы

«Көрініс» Алаш туы астында.

Жүргізуші: -1917 жылдың ақпан айында патша үкіметі құлады.Осы жағдайды пайдаланып қазақ зиялылыры Алаш партиясын құрды. Ендігі алдағы мақсат Алаш орда үкіметін құру. 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында өткен Орынбордағы ІІ Бүкілқазақ съездінен көрініс. (Ортаға оқушылар шығады.)

Ә. Бөкейханов: «Азаттықтың таңы атты. Тілекті құдай жеткізді. Күн кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болыпғ, қайтпас қара сапарға кетті».

Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге жеткізген құдайға мың шүкірлік!

Топ ішінен екі-үш адам: «Бізде ойлансақ қайтеді» деген дауыстар шығады.

Ә. Бөкейханов: «Мен Кадет партиясынан кеттім» деп мәлімдеме жасайды.

Жүргізуші: «Алашорда үкіметін бүгіннен қалдырмай жариялаймыз ба, әлде бір айдан кейін жариялаймыз ба?» деген дауыс екіге жарылады. Осы кезде дауыс беру басталып кетеді. Дауыс берудің қорытындысында Шығыс Алашорда 42 дауысты, ал Батыс Алашорда 39 дауысты алады. 3 адам дауыс бермей қалады.

Батыс Алашордашылар: «Алашорда үкіметін бүгіннен қалдырмай жариялайық» дейді.

Шығыс алашордашылар: «Жоқ, тоқтай тұрыңдар, мынау Түркістан обылысы бар, осылардың пікірін білейік» дейді.

М. Шоқай: — Дауыс бермей қалыс қалған үш адам: «Біз Алашорда үкіметіне қосылмаймыз, біз Түркістан автономиясын құрамыз» деп сахнадан шығып кетеді.

Осы кезде Шығыс Алашорда мен Батыс Алашорда өкілдері қосылып: «Біздер бірігіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Алашорда үкіметін жариялаймыз» дейді.

Азаматы алаштың

Аттанатын күн туды.

Тұлпар мініп, ту ұстап,

Баптанатын күн туды.

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз!

Енді ешкімнің алашты,

Қорлығына бермейміз!

Адамдықтың жолына,

Бастаған ерлер соңында,

Басқаға көңіл бөлмейміз,

Қандай шайтан келсе де,

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз,

Жасайды алаш, өлмейміз!

Жасасын алаш, жасасын!.

Алаш азаматтарының өмірі мен қызыметі туралы баяндау.

А.Байтұрсынов. Ә. Бөкейханов, Б. Қаратаев, Б. Сыртанов, Ж. Сералин т.б.

«Жұлдызды сәт» ойыны.

«Бәйге» сұрақтар екі топқа ортақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріліп отырады.

1. Алаш партиясы қашан құрылды? (1917 жылы)

2. Алаш партиясының үнқағазы болған қандай газет? («Қазақ газеті»)

3. Алашорда үкіметінің төрағасы кім? (Ә. Бөкейханов)

4. «Маса» атты өлеңдер жинағының авторы кім? (А. Байтұрсынов)

5. Алаш партиясының бағдарламасы неше бөлімнен тұрады? (10 бөлім)

6. «Оян, қазақ» өлеңдер жинағының авторы кім? (М. Дулатов)

7. Алашорда үкіметінің күншығыс орталығы қай жерде орналасқан? (Семей қаласында)

8. Алашорда үкіметінің күнбатыс орталығы қай жерде орналасқан? (Орал қаласы, Жымпиты ауданында)

9. «Қазақ» газетінің редакторы кім? (А. Байтұрсынов)

10. 1930-40 жылдары репрессияға ұшыраған зиялылырымызға қандай жала жабылды? (Халық жауы)

11. Қазақстандағы Сталиндік лагерлерді атаңдар? (Карлаг, Алжир, Степлаг)

12. 1937-38 жылдары қанша қазақстандықтар репрессияға ұшырады?

(101 мың)

13. Алаш қозғалысы қай жылы басталды? (1905 жылы)

14. Түркістан автономиясының төрағасы кім? (Ә. Бөкейханов)

15. Күншығыс алашорда үкіметінің төрағасы кім? (Ә. Бөкейханов)

16. Күнбатыс алашорда үкіметінің төрағасы кім? (Ж. Досмұхамедов)

17. Алаш зиялылырының ішінен кім тұңғыш әліппені жазды?

(А. Байтұрсынов)

18. Алаш зиялылырының ішінен қызыл террордан аман қалғаны кім?

(М. Әуезов)

V. Қорытынды.

VІ.Бағалау.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016