Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Конференциялық сабақ «Абылай хан»

Конференциялық сабақ

Тақырыбы: Абылай хан.

Түрі: Ғылыми конференция.

Сабақтың мақсаты: Абылайдың қазақ тарихындағы орнын қайратты қаһарман, қолбасшы, мәмілегер, хан және сазгер ретіндегі бейнесін ашып көрсету.

Тәрбиелік мақсаты: Абылай хан мен оның ұрпақтарының тәуелсіздік жолындағы күресін дәріптей отырып, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерге баулу; ғылым, өнер арқылы рухани мәдениетін дамыту.

Ұйымдастыру.

moe

Абылай хан өмірі туралы видео ролик көрсету.

40 жыл қылышын қынабына салмай, елін қорғаған Абылайдың дара қасиеттерін ашуда жас Абылайтанушылар сөйлеп терең ізденістерін көрсетіп, ойларын жүйелі жеткізіп, еркін анық сөйлеп, сұрақтарға тиянақты жауап берді.

Бірінші оқушы: Сабалақ атанып, Төле бидің түйесін баққан Әбілмансұрдың «Абылайлап» жекпе-жекте Шырыштың басын алып сұлтан атанғанын, талай рет тұтқынға түсіп, тар зынданда мойымай төзімділік пен текттілігін көрсетіп, ата жауын тәнті еткен қасиеттерін ашып көрсетті.

Екінші оқушы, Абылайдың қолбасшылық, ұйымдастырушылық, батырлық, хан-сұлтанға лайықты қабілетін ашып, хандық таққа мұрагер Әбілпайызды емес, халықтың қалауымен Абылайды отырғызғанын айта келіп, «Ел иесі құт болса, халқы ала болмайды» деген Бұхар өсиетімен сөзін қорытты.

Үшінші оқушы қолына мұражайдағы көне ІХ ғасырлық Таразда соғылған теңгені ұстап, оқушыларға VI ғасырда-ақ өз теңгесін соқтырып үлгерген сауда орталығы Оңтүстіктен Иасы, Отырар, Тараз, Исфиджаб, Шаш қалалары дұшпанды күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан арылғанын айта келіп, Абылай осы қалалардың тыныштығын бейбіт, мәмілегерлік жолмен орнатқанын, қазақ-жоңғар соғысын түбегейлі өзгертіп, Ресей мен Қытай арасындағы қайшылықты оңтайлы пайдаланып, қазақ хандығының халықаралық беделін көтергенін айтты.

Бейнефильмнен Сайрам ауданындағы Абылайхан Ханқорғаны көрсетілді.

Әбіш Кекілбайұлының «Абылай хан» атты драмалық дастанынан үзінді айтқан оқушы ұлттық киіммен мұражайдағы 8 өрім тобылғы сапты қамшыны қолына алып,

Уа халайық, халайық,

Алатауда Ақарыс

Сарыарқада Жанарыс

Еділ-Жайық Бекарыс

Қазаққа біткен шартарап

Одан әрі алты Алаш

Жар шашамын құлақ ас

Талауға түскен малың бар,

Таласқа түсер жерің бар,

Есесі кетер ұлың бар,

Етегін шашар қызың бар,

Қайраңдаған қайықтай

Қалтақтаған күйің бар.

Сеземісің, әлеумет»

Аяқ-қолды қыл тұзақ

Қармап алмай тұрғанда,

Айналаны аран ор

Шырмап алмай тұрғанда,

Азаттықтың қамы үшін,

Болашақтың бағы үшін,

Ұлы жорық бастаймын.

Бастай алмасам, маған серт,

loading...

Қостай алмасаң, саған серт,

Қазақтың қайран даласын

Жағасы жайлау ел қылам,

Қара сирақ баласын

Басқалармен тең қылам.

Ендеше халқым атқа қон!

Туыңды ұста! Тарт алға!

Құдайым бізді бастасын

Арманы биік ақ жолға!

– деп сабаққа жан бітіргендей болды.

Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұламадан кейінгі ел бірлігі, ата-

баба салты, ұлттық намыс, қайрат пен жігерді оқушыларөздеріне аманат екенін сезінгендей болды.

Абылайдың сазгерлік қасиетін зерттеген оқушы күйлерінің шығу тарихын айтқанда домбыраны пайдаланды. Осы кезде Секен Тұрысбековтың күйі «Көңіл толқыны» баяу естіліп тұрады. Абылайдың «Шоңды жорық» күйі сүйікті батыры Баян опат болғанда шығарылғанын, «Қоржын қақпай» күйінің Еділ қалмақтарына қарсы қысқы жорықтан туғанын, қысқасы әрбір күйінің сол заман сарынын сипаттайтынын айтты.

Оқушылар мен ұстаздар жаудырған түрлі сұрақтарға абылайтанушылар тиянақты, тереңінен толғап, кезектесіп жауап берді.

Қойылған сұрақтар:

1. Абылайды жекпе-жекте Шарыштың басын алдырған қандай қасиет, қандай күш?

2. Әмірсанына өкіл бала, Топыш сұлуды жар етуі Абылайдың ата жауын мойынсұнуы деуге бола ма?

3. Бұқар жыраудың «Ел иесі құт болса, халқы ала болмайды» деуінен нені білуге болады?

4. Абылайдың Шыңғыс ұрпағына күмән келтіргендер болған. Кімдердің дерегіне сенуге болады?

5. Абылай ұрпақтары ішінде батыр қолбасшы, ғалым, өнер жолын қуған кімдер бар?

6. Абылай суретінің авторы кім?

7. Абылайдың сүйікті батыры Жауғаш туралы не білесің?

Абылай ұрпағы Шоқан – тұңғыш ғалым. Оқушы өлкетану экспедициясының 2 мың жылдық тарихы бар қарт Қаратау жотасындағы «Шоқан асқан», «Шоқан асуы» аталатын топономикалық зерттеуді қажет ететін тауға барған сяхатынан алған әсерін есепке алып, емдік қасиеті бар шөптердің тек сол «Шоқан асқан» тау етегінде ғана екенін, одан не ары не бері ол шөптердің бірде-бірі кездеспейтінін айтты.

Сабақты бекіту сәтінде оқушылардың бір тобы таблица шешті.

қ/с Абылайдың дара қасиеттері Дәлелдейтін фактілер

1 ? 1771 таққа отырады

2 Батыр ?

3 ? Көрші мемлекетпен арақашықтықты сақтай отырып, терезесі тең байланыс жасады

4 сазгер ?

2 топ оқушыларға тест сұрақтары таратылды:

Оқушы білімі бағаланды.

Абылай өзінің тарихи міндетін орындады. Ұрпақтары: Кенесары,

Сыздық – батырлар, Шоқан – ғалым, Шот-Аман– сәулетші. Әр заман өзіне лайық тұлғаларды тудырады десек, Н.Назарбаев Тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш Президенті Мемлекетті нығайту, баянды ету міндетін Абылайдай орындап шығары сөзсіз деп сабақты қорыттым.

Үйге тапсырмаға сабақта қолданылған сирек кездесетін құнды жәдігерлердің суретін салып, қай дәуірге жататынын анықтап келу. Анаграмма шешу.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • жаксы екен

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016