Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Тарих пәнінен мектеп оқушыларына меңгерту ісіндегі мұғалімнің педагогикалық шығармашылығы

Қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістер білім беру жүйесіндегі Қазақстан тарихы пәнін оқыту процесін басқаратын мұғалімге жаңа талаптар қойып отыр. Оқушыға тарих пәнін ең сапалы білім беру, педагогикалық процесті дұрыс ұйымдастыру тарих пәні мұғалімнің педагогикалық шығармашылығына тікелей байланысты.

Тарих пәні мұғалімінің шығармашылық – жаңа сапа және қайталанбау, шынайылық және қоғамдық – тарихи ерекшелігімен сипатталатын іс-әрекет. Шығармашылық тұлғада жаңашылдығымен ерекшеленетін қабілет, дағды және білімнің болуын негіздейді.

Шығармашылық ұғымы: бұрын белгісіз, жаңа дүниені жасау немесе нақты жағдайда оңтайлы шешім қабылдауға қабілеттік сияқты екі аспектіде қарастырылады. Сондықтан шығармашылық әлеуметтік және психологиялық критерийлерде қарастырылады (Г.М. Афонина)

Шығармашылықтың субьективті және обьекті жақтарын ажырата білу қажет. Обьективті тұрғыдан ол соңғы нәтижемен, яғни ғылыми ашулармен, зерттеу жаңашылдығымен, өнертапқыштықпен, рационалдықпен анықталады. Мұнда оның масштабы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның құндылығы және шешімінің жаңашылдығы міндетті болып табылады. Субьективті тұрғыдан шығармашылық-нәтижесі қажетті әлеуметтік құндылыққа, жаңашылдыққа емес, үрдістің өзімен сипатталады. Адам өзіне және өзі үшін жаңа шығармашылықты ашады. Осыған байланысты шығармашылықтың: алдын-ала дайындалған және сол сәтте экспромт түрінде пайда болатын екі түрін бөліп қарастыруға болады.

Шығармашылық мәселесі – маман үшін өзектілердің бірі болып табылады, әсіресе тарих пәні мұғалімі үшін маңызды, себебі жалпы қарастырар болсақ, педагогикалық қызмет шығармашылық сипатқа ие; оның жоғары баспалдағы болып табылады, сонымен қатар, педагогтың өзіндік тәжірибесін өңдеуге, педагогикалық қызметтік әдіс-тәсілдерінің жаңа формаларын жасауға және жетілдіруге бағытталған. Педагогикалық шығармашылық специфика оның обьектісі, тұлғаның қалыптасу үрдісі болғанда көрінеді. Педагогта тиімдірек шешімдерді іздестіру қалыптасқан, ол мәселені көре білу, қарама-қайшылықты анықтау қабілетіне ие, ал ұқсау, таң қалу,фантазия, қиялды дамыту педагогикалық шығармашылық механизмін белсендендіруге жатады.Педагогикалық шығармашылықты белсендіру үшін тарих пәні мұғалімінде өмірлік мәні мен орынын анықтайтын, педагогикалық идеалдың  болуымен көрінеді,ол педагогикалық үрдістің қозғаушы күші,қоғамның әлеуметтік тапсырыс нәтижесі болып табылады. Педагогикалық идеал-тарих пәні мұғалімі тиімді жұмыс жасау үшін қарқынды түрде жағдай жасай бастағанда,қалаған және шынайы педагогикалықтың арасындағы қарама – қайшылықты шешуге мүмкіндік береді.Тарих пәні мұғалімінің шығармашылық потенциалыныңдамуына өз әрекетін ұйымдастыру үшін жаңа жолдарды іздестіруге мүмкіндік беретін,өзіндік тәжірибе әсер етеді.Педагогикалық тәжірибені кәсіби білім,қабілет,дағды,сонымен қатар,оқытумен тәрбиелеу барысында нәтиже беретін,әдеттің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.Тәжірибе алғышарты шығармашылық белсендіргіші ретінде мектептің жетістікті тенденцияларын жүзеге асырады,яғни ғылыми жетістіктерге сүйенеді,педагогикалық әсер ету әдістері мен тәсілдерінде бұрын болмаған жаңашылдықты іздестіреді.

Педагогикалық шешімнің тиімділігі және оқушыларды оқытумен тәрбиелеу сапасын жоғарылату – педагогикалық шығармашылықты дамытудың жақсы нәтижесі ретінде қарастылыратын, тарих пәні мұғалімінің шеберлігіне тура байланысты.

loading...

Тарих пәні мұғалімінің әрекеті қандай нәтиже алуға бағыттанғандығына байланысты оның шеберлігі өнімді, аз өнімді, өнімсіз болуы мүмкін. Осы түрлер қызметтің нәтижесіне өзіндік әсер көрсетеді.

Белгілі бір деңгейге шығуы үшін, педагогтың шығармашылық дайындығы туралы айтуы қажет, ол үздіксіз білім алу және тарих пәні мұғаліміні еңбегінің тарихи деректерге сүйенген сабақты ұйымдастырылуымен  көрінеді. Педагогтың еңбектің шығармашылық табиғаты әрбір педагогтың жеке тұғалық ерекшеліктеріне байланысты.

Жеке тұлғалық – қайталанбас өзіндік ерекшелік, яғни негізгі сипаттамасы жеке тұлғалық пікірлер мен құндылықтарда тұру және жүзеге асыру болып табылатын,тұлғаның дамуының жоғары статиясы ретінде анықталады.(С.А. Гильманов).

Шығармашылық индивидуалдық-шығармашылық бағыттылық, бейімділік, қабілет, ішкі белсенділікке ие, тұлғаның сипаттамасы.

Педагогтың шығармашылық индивидуалдылығы: мінезінде, оқушылармен  қарым-қатынасында, кәсіби әрекеттерді жүзеге асыруда, қолданылатын әдістердің қайталанбауында, шынайы  әдістерді табу және білім берудің технологиясында жаңаны құру сияқты екі аспектіден тұратын шығармашылық ңәтижесінде көрінеді.

Шығармашылық кедергілердің жағымсыз әсерлерін азайтып, тұлғалық шығармашылық потенциалдыжүзеге  асыру және өзінің  жеке даралығын көрсету үшін тарих пәні мұғаліміне педагогикалық шығармашылықтың технологиясын игеру қажет. Сонымен қатар, қалыптасқан педагогикалық техника мен практика барысында туындайтын мәселелер мен қарама-қайшылықтарды жаңаша жолмен шешу қозғаушы күш болып табылатындығын есте сақтау қажет. Шығармашылық үрдістің алғышартына нәтижені алу қажеттілігі және оған қол жеткізудің әдісі мен тәсілдерінің болмауы арасындағы қарама-қайшылық сияқты анықталатын мәселелі жағдай жатады.

Педагогикалық шығармашылық – саналы және интуициялық интеграция үрдісі, сондықтан тарих пәні мұғалімімен педагогикалық суырып-салмалылықтың игерілуі маңызды технологиялық сәттердің бірі болып табылады. Олардың негізін интуиция қалыптастырады, яғни маңызды мәселені толықтай (сезімді және интеллектуалды) қамту. Бұл интеллектуалды тапсырманы шешу логикасының, қалыптасқан стереотиптердің шегінен шағудың қажетті сәті және сана деңгейі.Суырып-салмалылықты интуициядан бөліп қалыптастыру мүмкін емес. Ол интуицияға негізделеді. Сонымен қатар,интиуция суырып-салмалылықтың негізгі бөлігі, яғни бірінші этапы болып саналады.

Сөзімізді түйіндесек, тарих пәні мұғалімінің педагогикалық шығармашылық: басқа біреумен жасалған тәжірибені жаңа жағдайда тиімді пайдалануда; тарихи белгілі оқиғаны жаңа тапсырмаға сай жетілдіруде; ғылыми жетістіктерді игеру мен дамытуда; интуициялық немесе алдын ала дайындалған шешімдерді негіздей алуда; армандай білуде және жақын немесе болашақ жетістіктерді көре білуде; өз пікірін дамыта білу мен онын бірнеше шешімдерын табуда; оқыту мен тәрбиелеудің бұрын танылмаған заңдылықтарын анықтауда; тәжіибелік және зерттеу жұмыстарын жүргізе білуде көрінеді. Тарих пәні мұғалімі үшін шығармашылық өзін өзі ашудың, сенімділікке ие болудың көзі болып табылады. Педагогикалық шығармашылақтың дамуы тәрбиеленуші тұлғаның жақсы дамуының маңызды алғышарты болып саналады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Краткий словаръ по педагогической технологии /под.Ред.Н.Е.Щурковой.-М.1997г

2.Садықова А.К.. Білім беру әдістемесі.Білім-Образование 2006г  №7

3.Зимняя И.А.Педагогическая психология.-М  1999г


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016