Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жер шарындағы «Жетінші ықылым»

Кіріспе

Тарихымен мақтанатын қазақ алдымен Түркістанды  ауызына алады. Оның арысы –құл, намысы-күл болған қасіретті кезеңдерін еске алады. Тұмар тұтқан, тағдыр тұтқан қасиетті кезеңдерін еске алады. Расында, Түркістан- қанша рет өшіп кете жаздаған өкінішіміздің кәрі куәсі. Расында, Түркістан қанша рет қайта көктеп өскендігіміздің куәсі. Түркі халқы ежелден Екінші Мекке атаған қасиетті Түркістан қаласы және көне Түркістан ұлысы әлемге әйгілі  Жер шарының үлкен «түркі-құрлығы» еді. Араб-географ-ғалымдары ертеде жер шарын жеті бөлікке бөліп, «жеті ықылым» деп атаған. Сол қасиетті жеті «жер шары» атауының бір құрлық аймағы Түркістан болатын. Алла-Тағала жер мен оның бетіндегі адамзатты жарақаннан бері келе жатқан қасиетті қарақоныс-қасиетті Түркістан Қазақ үшін Тәңір сыйы. Нұх пайғамбардың кемесі «Түркістан ықылымындағы» Қазығұрт тауында қалғаны аңыз болып айтылып келеді. Күллі Түркі әлемінің алтын бесігі Түркістанның елі мен ұлысы кейін бөлшектеніп кетті. Тарихтағы «Түркістан ықылымы» ұмытылды. Түркістанды түп қопара жырлаған Мағжан ақын: «Түркістан екі дүние есігі ғой» деп текке жырламаған. Қаратаудың етегіндегі жазықта, Сырдың бойындағы нулы-сулы жерде бұдан 2000 жыл бұрын өмірге келген Түркістан қаласы жайында парсы ғұлама ақыны Фердауисиден басталған дерек, ғалымдардың зерттеуі, саяхаттауы арада пәлен ғасыр өтсе де тоқтаған емес. Қазір Түркістанға келетін туристерде есеп жоқ. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік-тарихи қорық-мұражайының мәліметі бойынша Түркістанға дүниенің  түкпір-түкпірінен туристер ағылады, шаһарды тамашалайды. Ал Мұсылман елінен келгендер Әзірет Сұлтан бастаған әулиелердің жатқан жеріне зиярат етеді.

Исі түркі жұртының қара шаңырағында отырған қазақ халқының байтақ даласында қалалар аз болмаған. Испиджаб, Отырар, Қараспан, Қарнақ, Сунақ, Ихан, Сағанақ, Аққорған, Шолақорған,, Өзкент, Құмкент, Бабаата, Саудакент, Сүткент т.б. Бұл тізімді одан әрі де соза беруге болады. Бұл Тәукеден бастап қазақтың талай- талай хандарының тутіккен бас қаласы. Имандылықтықастерлейтін, дінді сыйлайтын жұрт басына келіп тәу етуді қажылықпен қатар бағалап, өздері пір тұтқан, әділет пен ақықаттың атасы санап кеткен Қожа Ахмет сағанасы тұрған киелі қала.

Бабалар аруағын айырықша қастерлейтін қазақ жұрты үшін Түркістанның жолы мен жөнінің өзгеше болуының келесі сыры – бұл арғы-бергі тарихымызда есімдері ерекше құрметпен аталатын талай ел билеген атақты хандарымыздың, батагөй билеріміздің, халқына қорған болған батырларымыздың, аты ел ауызына жүрген ақылман абыздарымыз бен зердесі биік зиялыларымыздың жандары жай тапқан қасиетті қала.

Түркістан-төл тарихымыздың үлкен де күрделі арнасы. Түркістан төңірегінде ел ауызында жүрген мәнді аңыз, әпсана мен әңгіме көп, көненің көзі, асылдың сынығы-құнды жәдігерліктер мол.

Әзірет Сұлтан«Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы Түркістан болады. Жалпы, бұл жалғыз қазақтың ғана емес, бүкіл түркі дүниесінің руханият орны болып табылады» деді елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017