Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Бөлім авторы Ешпанова Лиза «Шеберлік шыңға жеткізер»

Лиззи

 

Ешпанова Лиза Шынәліқызы -Қызылорда қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі- 20 жыл,санаты жоғары.Жеке шығармашылық және әдістемелік жұмыстарымен көзге түсіп, қалалық. облыстық, республикалық БАҚ беттерінде мақалалары жарияланды.2009жылы ҚР ғылым және білім министрлігінің Дипломымен марапатталды.

Ешпанова  Лиза Шынәліқызы,Қалтай Мұхамеджанов атындағы  №1  мектеп-гимназиясының  технология  пәнінің жоғарғы  санатты  мұғалімі,Қызылорда қаласы.

“… Еңбекке оқытудың мазмұнын  анықтау кезінде  оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа  жетелеу мақсатымен  олардың ұлт дәстүрін, мәдениетін, халықтың қолданбалы өнері  мен  кәсіпшілігін  тереңдете игеруіне жағдай жасау  керек”

Жалпы білім беретін мектептер оқушыларын еңбекке   оқыту мен  тәрбиелеу Тұжырымдамасынан.ХХІ ғасыр қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.Басты мақсат- әрбір оқушыға түбегейлі білім беру, мәдениеттің негіздерін беру және оларға қолайлы жағдай жасау.

Бүгінгі күні технология сабақтарында дәстүрлі және ұлттық қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге тәрбиелеумен қатар ата- бабамыздан қалған салт- дәстүрді насихаттау заман талабы.

Қолөнер үйірмесінің  мақсаты: оқушыны қызықтыратын қолданбалы өнер түрінен жан-жақты білім беру, үйрету.  Кез- келген бұйымның, туындының, жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсете білсек оқушы шығармашылықпен іске кіріседі.  Оқушы қызығушылығы артқан сайын, еңбек үстіндегі шығармашылық  ізденудің  нәтижесінде қолөнер туындысының жаңа түрлері жасалынады.       Оқушының  бос уақытын тиімді пайдалануға, пайдалы  іспен шұғылдануға және еңбексүйгіштікке  тәрбиелейді.  Өз қолымен дайындаған  бұйымның  эстетикалық талапқа сай болуы үшін биік талғамын,   шеберлік дағдысын қалыптастырады.Әр балада қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы шығармашылық  жұмыстарын жүргізе білген жөн.

loading...

Шығармашылық пен өнер егіз ұғымдар. Сондықтан ,шығармашылықтың қозғаушы күші – әр алуан өнердің түрі болып табылады.

Шығармашыл бала өзінің қабілетін , күш –қуатын ,бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.

Жалпы алғанда технология пәнінің  басты міндеті оқушыны өздігінен өмір сүріп, жұмыс жасайтын үлкен өмірге дайындау. Әсіресе қыз балаларды  үй шаруашылығының   қыр-сырын білуге бейімдеу арқылы келешекте жақсы әйел,    ұлағатты ана болуға  тәрбиелеу.

Биылғы 2012-2013 оқу жылында оқушылар мен технология, бейнелеу өнері пәндері мұғалімдерінің шеберлігін  насихаттау мақсатында бірнеше көрмелер  өткізілді.

Қыркүйек  айының 18-інде «Тіл мерекесіне» орай өткізілген «Тіл – аманат ұрпаққа»  атты апаталық іс- шарада «Халық  қолөнері – асыл қазына» тақырыбында  қазақтың ұлттық бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге ұлттық киімдер, тұрмыстық және зергерлік бұйымдар ұсынылды, сонымен бірге көрмені тамашалаған оқушыларға әр бұйымның тарихы туралы түсінік берілді.

Қазан айының 12- сінде  мектеп-гимназияда облысқа белгілі ұстаз Сейітқасым Жүнісовтың кабинетінің ашылуына байланысты өткізілген қалалық іс-шарада оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарынан көрме қойылды.

2012  жылдың 28 қарашасы күні  Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай  ұйымдастырылған қалалық оқушылар шығармашылығы көрмесі өткізілді.

Осы көрмеге Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп- гимназиясындағы «Эстетика» пәндері әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  оқушылардың  көркемсурет және қолөнер бұйымдары  қойылды.

2013 жылдың  19 ақпаны күні Республикалық  білім қызметкерлері кәсіподақ  комитеттерінің тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Осы семинарда  мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің шығармашылық  жұмыстарынан қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған бұйымдар келген қонақтар мен мектеп ұжымы мен оқушылардың  жоғары бағасын алды.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016