Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Оқушының жеке дара шығармашылық іс-әрекетін дамыту

Ешпанова  Лиза  Шынәліқызы. 

Қызылорда   қаласындағы  Қалтай  Мұхамеджанов   атындағы  

№1  мектеп-гиназиясының  технология  пәні  мұғалімі.

 Эстетика  пәндері  әдістемелік  бірлестігінің жетекшісі

Оқушының   жеке   дара  шығармашылық  іс-әрекетін  дамыту

Жаңа технологиялардың    үздіксіз   дамуы еліміздегі   білім  беру  саласын  да  үнемі   жетілдіру   мен   жаңаруды қажет  етеді.     Жас   ұрпаққа  сапалы  да   нәтижелі   білім беру   мен    тәрбиелеудің   мақсаты – өздігінінен   іс-әрекет  ете   алатын,  ойлағанын іске  асыруға  қабілетті,  ұстанымы  бар,  салауатты, еңбекқор   тұлғаны   қалыптастыру. Қазіргі   кездегі  оқытудағы  басты   міндет- оқушыларды  үнемі  іздене  отырып   жұмыс  жасауға   үйрету,  өз  бетінше  ойланып  еңбектенуге  тәрбиелеу.   Сондықтан,  жаңа  технологиямен  өтілетін  әрбір  сабақ  барысы  оқушы  мен  мұғалімнің  өзара тиімді  әдістерді  қолдана  отырып,  белгілі — бір   нәтиже  беретін  процестерден  құралуы  тиіс.             Мектептегі  барлық   пәндер  қалыптасқан  оқыту  мен  тәрбиелеу    жүйесі   мен  жаңа  педагогикалық  технологиялардың  өзара   үйлесуіне  тәуелді.   Қазіргі  кезде   шығармашылықпен,  жаңашылдықпен  жұмыс жасап  жүрген   ұстаздардың  іс- тәжірибесін насихаттауға  барлық   жағдай  жасалынып  отыр.  Әрбір  тәрбие  мен  білім  беруші  маман   өзінің   жеке  педагогикалық  тәжірибесінде  білім  бағдарламалары  мен  заңдылықтарға  сүйене  отырып,  жаңадан   тиімді  әдістер  бере  алады.  Ізденімпаз  ұстаз сабақ   барысында   оқушыларды  зерттей  отырып, тұлғалық ерекшеліктеріне  сай тақырыпты  қабылдауы  мен шығармашылық  іс-әрекетінің   дамуын  жетілдіруге   жыл  бойы   еңбектенеді.  Жаңа   педагогикалық   технологиялардың  ерекшелігі – баланың  тұлғалық  дамуы  мен  білім-білігіне  сай  тапсырмалар   беру   арқылы  әр  тоқсан  кезеңдерінде  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізу   болып  табылады.

Қазақстан Республикасының Білім туралы  заңында:  «Білім  беру  жүйесінің   басты міндеті – ұлттық   және  жалпы азаматтық  қазыналар,  ғылым  мен  практиканың  жетістіктері  негізінде   жеке  тұлғаны қалыптастыру   үшін   қажетті   жағдайлар  жасау», —  деп  ерекше  атап  көрсетілген.

Мектептегі  технология,  бейнелеу  өнері  және  музыка  пәндерінің  ең  маңызды   білім  беру  принциптері  негізінен   балаға  эстетикалық  тәрбие беру  екені   белгілі.  Бастауыш  сыныптан  қоршаған  ортадағы  әдемілікті,  сұлулықты,  мейірімділікті  және  қолөнері  арқылы,  әуезді  дыбыстар  арқылы  берілетін әсем   дүниені, талғампаздықпен бойға  сіңіру  арқылы  ақылды,  парасатты  азамат қалыптастыру  оқыту  мен  үрдісінде кеңінен  орын  алуы тиіс.  Оқушының   өз  бетінше  шығармашылық  іс-әрекетін дамыту  барысында  әлемдік  және  дәстүрлі  халықтық  педагогикалық  технологияларды  қолдануға  болады.

loading...

Атап  айтқанда,  заттың  бейнесін  салу,  сипаттама  беру,  макетін  жасау арқылы  өзіндік  іс-әрекет  дағдысын  қалыптастырады.   Оқулықтағы  мәтінді   жаттағанда,  мұғалімнің  лекциясын  тыңдағанда,   оқушы  қалыптасқан  бірсарындылықтан   жалығып  пәнге қызығушылығы   жоғалады.  Сабақты   түрлендіріп,   телебағдарламалардағы   ток-шоулар  сияқты  әр  5 минут  сайын  тақырып   мазмұнын  ашатын   қызықты   сәттермен  өзгерте   отырып  жетілдіруге  болады.  Сонымен қатар,   қазіргі  заманғы   озық  технология   өзгерістеріне   орай,   оқушыларға   ғаламтор беттерінен  пайдалы  мәліметтер, қажетті  ақпараттар  мен  бейнебаяндар  жинақтату   үрдіске  айналған.

Қазіргі  балалар  мектеп табалдырығын  аттап,   жазу мен оқуды  үйренбей  тұрып ұялы  телефон мен   компьютерді    тез  игеріп  алатын  болды.  Бұл  өте  жақсы  өзгеріс  болғандықтан,  оқушыларға   тапсырмаларды  әлеуметтік  желілер  арқылы  беруге,   мектептің  жеке  сайты  арқылы  байқаулар,  білім сайыстарын  ұйымдастыруға   әбден болады. Елімізде  соңғы  жылдары  көптеген   мектептерге   орнатылған  қолжетімді  интернет  желісі мен  әр  оқушыға   сапалы   білім  беруге  оңтайлы  жағдайлар жасалынып  келеді. Бұл  орайда  біз  жас  ұрпақтың   өзіндік  іс-әрекеті  мен  ойлау  ерекшеліктері,  сезімі  мен талғамы  оның өмір  сүріп  отырған   қоғамдық  ортасына   тәуелді  екендігін ескере   отырып,  әр  баланың  өзіне  тән  санасы мен  еркі,  шығармашылық  қабілетіне  қарай тиімді  педагогикалық технологияларды  қолданғанымыз   жөн.

Сабақ  барысында да,  сыныптан  тыс  іс-шаралар   ұйымдастыру  кезінде  де  оқушыларға   эстетикалық  және мәдени  тәрбие  беру өте  маңызды.  Өйткені  ол  тұлғаның   талғамын  дамытады, әдемілік  пен  жағымсыз  дүниелерді ажырата білуге  үйретеді,  сонымен  бірге  адамгершілік  пен  еңбек   тәрбиесімен  тығыз  байланыста  болуға   талпындырады. Мектептегі   тәрбиелік  міндеттерді  шешуде  бейнелеу  өнері,әдебиет, технология және  музыка  пәндерінің  эстетикалық  бағыттағы   үлкен  міндеттері  бар.  Бұл  пәндер  өзінің  ішкі  мазмұнындағы   ерекшеліктеріне  қарай  оқушылардың   ішкі  жан  дүниесін,  жеке   дара   іс-әрекетін  қалыптастыруға қызмет  етеді.

Ұрпақ  тәрбиелеу – адамзат  дамуындағы  басты  бағыт-бағдарын айқындайтын   маңызды  құбылыс. Осы бағытта  ең  бірінші  ата-бабамыздан  келе  жатқан  ұлттық  тәрбие,   ұлттық дәстүр мен  мәдениет,  ұлттық  өнер  мен  музыка  арқылы  ұлт  болашағын  тәрбиелеп  өсіру  басты  парызымыз. Баланың  бойындағы ерекше қасиеттерді  анықтау,  дарындылық  деңгейін  дамыту  ұстаз   еңбегінің    нәтижесінде  айқын  көрінеді.

Мемлекет  келешегінің   мызғымас тірегі  бола  алатын жан-жақты, ақыл –парасаты  мол, инабатты-ізетті,  кішіпейіл,  мәдениетті,  өзіндік   ұстанымен өмір сүруге  бейім, салауатты,  білімді де  білікті, ұлтжанды тұрғаны  қалыптастыру  негізгі  міндеттердің   бірі.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016