Критериалды бағалау туралы ата-ананы ақпараттандыру

Қазақстанның білім беру жүйесіне жүргізілген ЭЫДҰ шолуының негізінде оқушылар үшін бағалауды барынша әділ және анағұрлым мәнді ету мақсатында барлық бастауыш және орта мектептерде критериалды бағалау моделін енгізу ұсынылды.Оқушылардың мектепте білім алуы олардың жан-жақты дамуына бағытталған.

Оқушының қаншалықты дамығаны,қандай қиындықтарға тап болғаны туралы ақпарат алу ата-анаға аса маңызды.Осыған орай оқушының дамуына ,оқуға қызығушылығының артуына бағытталған критериалды бағалау жүйесі енгізілуде.Бұл үшін әр оқушы мен оның ата-анасына түсінікті тілде ,айқын,нақты бағалау критерийлері бекітіледі.

Нақты критерийлердің көмегімен ата –ана баласының:

-білім алудың қай сатысында екендігі;
-неге талпынатыны;
-көмектесу үшін не істеу қажет екендігін біле алады.

критериалды бағалау жүйесі.
Ата-ана баласының оқуына, жетістікке жетуіне үнемі қолдау көрсетіп отыру керек екендігін білген жөн.Ата-ана мектепте бағалаудың критериалды негізде жүргізілетінін білгені маңызды.Бағалау критерийі арқылы баласының нені білуі және не істеуі керек екендігі анық көрсетіледі. Оқушының пән бойынша бағалануы екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау .

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үдерісінің ажырамас бөлігі,мұғалім мен оқушының арасында кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау кезінде балаңызға балл немесе баға қойылмайды,оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.Мұғалім қалыптастырушы бағалау кезінде балаңыздың дәптеріне не күнделігіне кері байланыс жазып отырады.

Сіз мұғалімнің кері байланысына ыждағаттылықпен қарап ,балаңыздың оқу нәтижелеріне көңіл бөліп,қолдау көрсетуіңіз аса маңызды.бұл балаңыздың оқуда жіберетін олқылықтарының алдың алуға және жиынтық бағалауға дайындалуына әсерін тигізеді.Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының әр бөлімін және белгілі бір оқу кезеңін аяқтағанда балаңыздың үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.

Балаңыздың оқу пәндерінде бөлім бойынша жиынтық бағалау 2 реттен ,тек математика пәнінде 3 рет өткізіледі.Сонымен қатар өзін-өзі тану,дене шынықтыру,музыка пәндеріне жиынтық бағалау жүргізілмейді «сынақ» қойылады.Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында жүргізіледі,өткізілетін күн ата –ана мен оқушыға алдын ала хабардар болады,1 күнге 2 оқу пәнінен артық жүргізуге болмайды.

Осыдан барып балаңыздың оқу нәтижелері шығады:

Бөлім бойынша жиынтық бағалау+тоқсан бойынша жиынтық бағалау=тоқсандық баға.Әр бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау жұмысына балл қойылады да тоқсандық баға шығу үшін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың 50% және тоқсандық жиынтық бағалаудың 50 % жиналады,осыдан тоқсандық баға шығады.Жиынтық бағалау бойынша балаңыздың барлық жұмыстары портфолиосында жинақталады және Сіз танысуға құқылысыз.

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017