Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Қысқы ойындар

ОҚО ББ»Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің денешынықтыру пәнінің мұғалімі: Умашев Алмас

Тақырыбы: «Қысқы ойындар».

Мақсаты: Алматы қаласында өткен бүкіләлемдік универсиада туралы мағлұматты теледидар арқылы көрсету. Бүкіләлемдік универсиадада жеңіске жеткен жеңімпаздарды атау. Экранда көрсетілген дене жаттығуларын дұрыс орындауын қадағалау. Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыру. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін нығайту. Ептілікке, шапшаңдыққа жаттықтыру.

Көрнекілігі: Доптар, себеттер, үлкен және кіші кедергілер,ту,самокат,шар, шар жарғыш, шана, ворота,шайбы, шайбы таяқшалары. І. Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізуші: Салауаттық өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып,

Болашаққа аманат қып жолдаймыз!-дей келе ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.

1. «Алау» тобын шақырамыз.

Ұраны: «Біз-лаулаймыз, жанамыз

Жарыстарда әрқашанда озамыз»

2. «Жалын» тобын шақырамыз. Ұраны: «Қиындыққа төтеп берер,

Біз боламыз «Жалын» тобы »

* Бүгінгі біздің сайысымыздың тақырыбы: «Қысқы ойындар».

* Балалар, сендер қандай қысқы ойындарды білесіңдер? (қар атыспақ, шанамен ойнау, коньки, шаңғы)

* Биыл осы қысқы ойындарға байланысты 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында бүкіләлемдік универсиада болып өтті.

* Универсиадаға 57 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысты.

* Универсиада 12 спорт түрінен өтті. (экранға назар аудару)

Қысқы ойындар.

1. Биатлон

2. Шаңғы

3. Кёрлинг

4. Коньки

5. Шаңғы қоссайысы

6. Шаңғымен жарыс

7. Шаңғымен тұғырдан секіру

8. Сноуборд

9. Мәнерлеп сырғанау

10. Фристайл

11. Шайбаллы хоккей

12. Шорт-трек

* Осы сайыста біздің спортшыларымыз 36 жүлдеге, яғни 11 алтын мен

8 күміске,17 қолаға ие болды. 57 ел қатысқан бүкіләлемдік универсиадада Қазақстан 2 орынға ие болды. Биік шыңдардан көрінген жеңімпаздар медальдармен марапатталып, әлем чемпионы атанды.

* Балалар, сендерде чемпион атанғыларың келе ме?

* Ендеше бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

ІІ. Әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

* Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық.

* Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:Умарова Мадина апай.

* Психолог: Жандарбекова Нұржамал апай.

* Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Ахметов Елдос ағай.

— Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын теледидардағы досымызбен бірге бой сергіту жаттығуларын жасап, денемізді шынықтырып алайық.

1. Басқа арналған жаттығу

2. Мойынға арналған жаттығу

3. Иыққа арналған жаттығу

4. Қолға арналған жаттығу

5. Белге арналған жаттығу

6. Жалпы дене жаттығуы

7. Аяққа арналған жаттығу

8. Дем шығару жаттығуы

ІІІ. Негізгі бөлім.

1. «Қар атыспақ» ойыны. Шарты: Ойыншылар допты ұстап кедергілер арасымен жүгіріп, белгіленген межеге жеткенде допты себетке дәлдеп салып, кедергілер арасымен жүгіріп

келеді. Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.

2. «Сноуборд» ойыны.

Шарты: Ойыншылар самокатпен кедергілер арасымен жүріп, белгіленген межеге жеткенде ҚР туын алып қайта кедергілер арасымен жүріп қайта келеді. Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.

3. «Биатлон» ойыны. Шарты: Ойыншылар кедергілер арасымен жүгіріп, белгіленген межеге жеткенде шарды дәлдеп жару керек. Ойын ары қарай жалғасады. Қай топ көп шар жарса сол топ жеңіске жетеді.

4. «Коньки» ойыны.

Шарты: Ойынға қатысушылар белгіленген межеден кезекпен шайбыны воротаға дәлдеп салады. Қай топ көп шайбыны салса сол топ жеңімпаз.

5. » Фристайл » ойыны.

Шарты: Сайысқа қатысушылар ортадағы кедергілерден секіріп немесе еңбектеп өтіп белгіленген межеге жеткенде жүгіріп қайтады. Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.

6. «Финбол» ойыны

Шарты: Финбол доптың үстіне отырып, белгіленген жерге дейін секіріп барып келу.

IV. Қорытынды.

Осымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті.

Балаларымыздың сайысына баға беру үшін сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:Умарова Мадина апай.

( ойынға қатысқан ойыншылар марапатталады).



Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017