Тізбектелген сабақтар топтамасы

Мектептегі тәжірибе кезінде тізбектелген сабақтар топтамасын өткізуде «Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулін сабақтарыма енгіздім. Мен сабақтарымды жоспарлауда осы модульге көбірек көңіл бөлемін деген шешімге келдім, себебі бұл модуль Бірінші «Бетпе- бет» кезеңінде мені өте қатты қызықтырды. Мен курсқа дейінгі сабақ үдерісінде Қазақстан Республикасында ұсынылған екіден беске дейінгі бағалау лейблін қолданатын едім.Сол кезде көбіне оқушылардың жауаптарын нақты бағалауда қиналатын едім. Мысалы, оқушы жауабы бестік бағаға жетпей, төрттен артық болған кезде қалай бағаласам болады деп қиналатын едім.

Сондықтан салыстырмалы түрде бағалау жүргізетін едім. Бірақ бұл әрекетімнің дұрыстығына кейде күмәнданатын едім. Сол кезде мені әділ бағалауды басқаша қалай жүргізуге болады деген сұрақтар жиі мазалайтын еді. Бірақ менде бұл мәселені шешудің басқа жолы болмағандықтан, сол бұрынғы бағалауымды қолданып жүре бердім. Ал деңгейлік курстың алғашқы бетпе бет кезеңінде осы сұрағыма жауап тапқандай болдым. Сол себепті тәжірибе кезіндегі тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау» модульін енгізбек болдым.

Курс барысында «Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулінің бағалаудың ең маңызды модульдердің бірі екеніне көз жеткіздім. Мұғалімге арналған нұсқаулықпен таныса отырып, өзіме көптеген мәліметтер алдым.
Александердің мына ойынан ақ көп нәрсені ұғынуға болады.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай- ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін -өзі бағалау, қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (МАН 52-бет ).
Осы ойды оқи отырып, бағалау тек техникалық тәсіл емес, баланың дамуына, өзіндік баға беруге әсерінің мол екенін ұғындым.

Формативті және суммативті бағалаудың ерекшеліктерімен таныстым. Бұл бағалаулардың маңыздылығын түсіндім. Әсіресе оқушыны білім алуға ынталандыру үшін формативті бағалаудың ерекше екеніне нақты көз жеткізе алдым. Мұғалім әрдайым оқу үшін бағалау әрекеттері жүргізіп отыру керек.Содан соң ғана нәтижеге қол жеткізіп, оқуды бағалай аламыз.

тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу.Және осы тақырыптарды оқып жүрген кезде әріптестерімнің бағалау үлгілерімен таныстым. Осы уақытта табыс критерийін жасауды, оқушыларды бағдаршам түстері арқылы бағалауды үйрендім. Критерий жасап үйреніп, сол төңірегінде бағалап, тәжірибе жинақтадым.
«Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі» бойынша әрбір мұғалімнің бағалау әдістемесін, тек емтиханды өткізуді ғана емес, сонымен қатар неге және кім үшін өткізілетінін білуі керек екенін білдім. (МАН, 52- бет)
Содан кейін осы модуль мені неге қызықтырды, — деп ойланғанымда, мақсаттарым айқындала бастады.

комментария 3 Пікір қосу

  • Мақала авторы бұл үдерісті өзінің өн бойынан өткізе отырып жазғаны байқалады.Бағалау модулі көптеген ұстаздарымызды ойландырып жүрген мәселе.Алдағы уақытта өз тәжірибеңізбен кеңірек таныстырып отырсаңыз жақсы болар еді.РАХМЕТ.

  • Мұғалім есебі керемет өз сөзімен жазылған.Мұғалімдерге көмек болатын мәліметтермен бөліскеніңізге рахмет.Өз жұмысыма бағыт бағдар алдым.Жұмысыңызға табыс тілеймін

  • Мақала авторының ойы оралымды жеткізілген, өз ісінің шебері екені көрініп тұр. Дәстүрлі бағалау барысында осы кезге дейін барлық мұғалімді толғантқан сұрақтардың жауабын нақты көрсете алған. Табысты еңбектің шыңынан көріне беріңіз!

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017