Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ардагерлерді ардақтаймыз

Жариялаған Жаңалықтар
/
25 Мар 2016

«Крылов атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Информатика пәнінің мұғалімі
Рысбаева Раузия Бинарбекқызы

loading...

Журырда Басқұншы ауылындағы «Крылов атындағы орта мектеп КММ» де «Ауғанның от жалыны» атты кездесу сабағы өтті.
ardagerlerdi-ardaktau

Мақсаты:Ауған оқиғасының тарихи жаналығын ашу.Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып ,оқушыларды Отансүйгіштікке,ерлікке баулу.Ауған соғысы аудагерлеріне құрмет көрсету.
Кеңес әскерлерінің ауғаныстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай арналған бұл кездесу кешін 5 «А» сынып оқушылары ұйымдастырды.Кездесуге Ауғанстан ардагері-Жанат Қайратұлы Жапаров қатысып,әнгімесін айтып,оқушылардың ардагерге қойған сурақтарына қанағаттанарлықтай жауап қайтарды.
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.Ардагерге арнап оқушылар патриоттық әндер,күйлер, мың бұралған билерді де көпшілік назарына ұсынды. Оқушылардың әсерлі тақпақтары ардагердің көңілін сергітіп ,рухын көтерді.
Кездесуге келген ардагерге сый-сияпат көрсетілді. Кездесу соңында мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Айгуль Қожанқызы және Басқұншы ауылдық кітапхана меңгерушісі Сауле Ахтанқызы сөз сөйлеп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызды екенін және кездесуді ұйымдастырған 5 «А» сынып жетекшісі Кульжан Айтбайқызына шығармашылық табыс, Ауған соғысының ардагері Жанат Қайратұлына отбасына амандық тілеп, ризашылықтарын білдірді. Ел басына ауыр күн туғанда кеудесін оққа төсеп, су кешкен ардагерлерімізді қалай ардақтасақ та, кұрметтесек те жарасымды болмақ.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016